Дәріс сабағының тақырыбы: Организмде заттар мен энергияның алмасуы



бет11/12
Дата07.12.2023
өлшемі2 Mb.
#485726
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ФЧЖ №10 Асқорыту физиологиясы (копия)

Ішекте сөл шығару үрдісі қандағы- химиялық заттардың ықпалымен де күшейеді. Мәселен ацетилхолин, экстракитвті заттар қан арқылы ішек бездерін тітіркендіреді. Осы жолмен ішек бездерінің сөл шығаруын тежейтін заттар да бар (адреналин, норадреналин). Өт және ішек кілегейлі қабығында түзілетін гормон-энтерокинин, ас қорыту сөлдері ішек қабырғасындағы бездерді ішек қуысы жағынан тікелей тітіркендіреді.

Тоқ ішек


Ас қорытудың соңғы бөлімі. Ұзындығы
2,5см, басталар бөлігінде диаметрі 8см,
аяқталар бөлігі 4-5см.
Тоқ ішек соқыр ішекке, құрт тәрізді өсіндісі,
өрлеу, көлденең, төмендеу бөлігі, сигма
тәрізді, тік ішек.
Соқыр ішек- ені5-6см, ұзындығы 6-8см.
Құрт тәрізді өсінді- 2-12см жететін соқыр ішек түбінде орналасады.
Өрлеу –бауыр астыңғы жағынан оңға иіледі, , көлденең, төмендеу бөлігі, сигма
тәрізді, тік ішек.
Тоқ ішекте минералды заттар мен ылғалды
ыдыратады. Ішекте қатты қалдықтар ғана
қалады.
Тік ішек- ұзындығы-14-18см, диаметрі 4-7см.
Тік ішек

Тоқ ішектің асқорытудағы маңызы

Аш ішекте қорытылмай, сіңбей қалған ас қалдықтары мықын ішектен соқыр ішекке өтеді. Мықын ішек пен бүйен жалғасқан жердегі сфинктер мен қақпақша химусты мықын ішектен тоқ ішекке сығымдап өткізеді, бірақ химустың кері қайтуына, яғни тоқ ішектен мықын ішекке қайтып оралуына тосқауыл болады.

Тоқ ішектің ішкі қабаты – кілегейлі қабық көптеген көлденең орналасқан қатпарлардан тұрады. Мұнда микробүрлер, бүрлер, ойықтар, ойық жерлерде кілегей зат шығаратын тостаған тәрізді жасушалар көп. Тоқ ішек құрылысы сөл шығаруға, көптеген заттардың қанға сіңуіне бейімделген. Тоқ ішек сөлінде фермент болмайды, бірақ аш ішектен келіп түскен химус құрамындағы ферменттер қоректік заттар қалдықтарын тоқ ішекте одан әрі ыдырата береді.

Аш ішектен тоқ ішекке тәулігіне 2 – 4 литрдей химус өтеді. Химус құрамындағы су қанға тоқ ішекте сіңеді. Олар химусты тоқ ішек бойымен әрлі – берлі жылжыта отырып, оны мұнда ұзақ уақыт сақтайды, ішектегі гидростатикалық қысымды ұлғайтып, қанға судың сүзілуін тездетеді. Осы айтылғандардың салдарынан химус қойылады да нәжіске айналып жылжып, тік ішекке жетеді. Тоқ ішекке келіп түскен белоктарды шірітетін микробтар да бар. Шіру нәтижесінде тез қанға сіңетін улы заттар түзіледі. Олар қанға сіңіп қақпа венасы арқылы бауырға барып жетеді. Бауырда олардың уыты қайтады. Улы заттар шектен тыс көп болса, түгелдей бейтараптай алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда адам өз денесінде пайда болған заттармен біртіндеп улана бастайды. Тағаммен бірге келіп түскен белок мөлшері шектен тыс көп болса және бауырдың дезинтоксикалық қызметі төмендесе адамның өзін өзі улауы асқынуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет