Ит тіс (4)- жұлу. Кіші азу (8)- шайнау. Үлкен азу (12)- тамақты майдалау. Ауызға келіп түскен тағам 15-30 секундтей кідіреді. Осы уақыттың ішінде тағам шайналып, ұсатылады, сілекеймен шайналып, жұмсарады, астың дәмі, физикалық қасиеттері туралы мағлұмат алынады. Көмірсулы заттар ыдырай бастайды. Ұсатылған ас кесегі сілекейге шыланып, шырышпен қапталып тілдің түбіріне қарай жылжиды да жұтқыншаққа жетіп жұтылады. Ауыз ішінде ас кесегінің ыстық суықтығын, жұмсақ қаттылығын сезетін қабылдағыштармен қатар дәм сезетін қабылдағыштары да бар. Осыған орай ауыз шырышты қабығын қабылдағыш алаң деугеде болады. Қабылдағыштар ас кесегімен жанасып тітіркенеді, бұдан пайда болған қозу сигналдары бет, тіл- жұтқыншақ, үшкіл жүйкелермен кезеген жүйке арқылы орталық жүйке жүйесіндегі рефлекстер орталығына барып жетеді. Сол жүйкелерден келген эфференттік серпіністер ас кесегінің ауызда шайналып, жұтылуын реттейдіде ас қорыту бездерінің сөл шығаруын, ішек – қарынның қимылын күшейтеді. Бұнымен қатар рефлекстік жолмен зат алмасуы, жүрек соғуы, қан айналысы, дем алу үрдістері де өзгереді. Сілекей бездері Сілекей бездері: шықшыт, жақасты, тіласты. Сілекей түтігі (5-6см) ұрт бұлшықеттері арқылы өтеді, үлкен азу тұсынан ауызға ашылады. Белокқа бай, белок безі деп атайды. Тіласты безі- салмағы 5г. Тіл астында, қатпарларында 18-20 ұсақ тесіктер бар. Жақасты безі- салмағы 15г. Ауыз даифрагмасын тесіп, тіласты қатпары арқылы тіл астына ашылады.
Сілекей– сілекей өзегі арқылы келіп құйылатын жұптасқан 3 сілекей безі шықшыт, жақасты, тіл бездерінің, сондай-ақ ауыздың шырышты қабығында бытырай орналасқан ұсақ бездердің (секреті). Адамда сілекей тамақ ішкенде көбірек шығады, ол басқа уақытта да үзілмейді: ауыз іші үнемі дымқылданып тұрады, онсыз адам дыбыс шығара алмайды. Тәулігіне 1-1,2 литр сілекей шығарылады. Сілекей қоймалжың, сұйық зат, оның құрамында 0,5- 1,5 % құрғақ зат бар, қалғаны су. Құрғақ зат органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Бейорганикалық заттардан сілекейде Na,K,Ca,Mg хлоридтері, сульфаттары, карбонаттары, иодид, бромид, фторидтер тұздары, микроэлементтер бар. Сілекейдің қышқылдық дәрежесі (рН) көбінесе осы аталған заттар мен муциннің мөлшеріне байланысты. рН- 5,8-7,4 аралығында болады. Сілекейдегі Ca-дің тістің эмаль қабатына өтуі, одан шығуы рН мөлшеріне байланысты. Реакция қышқылдау болса (рН-6.9) кальций эмальдан ауыз қуысына, ал рН-7.0-8.0 болса эмальға қарай өтеді.
Сілекей құрамында органикалық заттар- альбумин, глобулин сияқты белоктар, ферменттер бейорганикалық заттардан 2-3 есе көп. Онда сондай-ақ аминқышқылы, мочевина, несеп қышқылы, креатин, аз мөлшерде креатинин қалдықтары бар. Бұлар белок алмасуы кезінде пайда болатын заттар, сілекейге қаннан өтеді. Сілекейдегі әрбір қалдық заттың мөлшері қандағы мөлшеріне байланысты. Ондағы негізгі фермент а- амилаза. Амилаза сәл сілтілік жерде полисахаридтердегі декстрон сатысынан дисахарид сатысына дейін ыдыратады. Сілекей құрамында микроорганиздерді өлтіретін лизоцим ферменті болады.
Муцин- гликопротеид, шырышты сілтілі зат, ол шайналып ұсатылған ас кесегін жұмсартып, шырышпен қоршайды, жұтқыншақты ауыртпайтындай сырғанақ күйге келтіреді. Оның өңешке қарай жылжуын жеңілдетеді. Сілекейдің бөлінуі рефлекстік шартты, шартсыз жолдармен бөлініп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |