Асқорыту- өте күрделі үрдіс. Ол алдымен физикалық жолмен өнделеді, соңынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып денеге сіңетін сатыға жетеді. - Физикалық өңдеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынмен шыланып, жұмсарады.
- Химиялық өңдеуге ішек-қарын ферменттері қатысады.
Гидролиз процесіне қарай асқорытудың 2 жолы бар: Гидролиз процесіне қарай асқорытудың 2 жолы бар: - Жасуша ішіндегі асқорыту- фагоцитоз, пиноцитоз арқылы жасушаға өтетін қоректік заттар лизосомалық ферменттердің қатысуымен гидролизге ұшырайды
- Жасушадан тыс жерде асқорыту- дистанттық /қуыстық/ және контактік (мембраналық) ас қорыту болып екіге бөлінеді.
- Дистантық ас қорыту-ферменттер түзілетін жасушалардан оқшау жерде, ішек – қарын түтігінде өтеді;
- Контактік ас қорыту- ішек түтігінің ішкі бетінде, онымен жанасқан эпителий жасушаларында гликокаликстегі ферменттердің әсерінен болатын гидролиз.
Асқорыту жүйесі- ауыз қуысы жұтқыншақ- өңеш- қарын- 12 елі ішек (ұлтабар)- аш ішек- тоқ ішек- тік ішек, сөл шығаратын бездер мен бауырдан тұрады. Ас қорыту жүйесінің қызметтері: - Секрециялау (сөл бөлу)
- Қимыл –жиырылу- жазылу (моторлық)
- Сіңіру- ішек қарын түтігінде
- Бөлу (экскрециялау)
- Гормондар бөлу (инкрециялау)
Асқорыту жүйесінің қызметі 1.Сөл шығару (секреция) қызметі. Асқорыту, сілекей, ішек- қарын бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферменттер- гидролазалар- протеаза, липаза, карбогидролаза болады. Протеаза ферменті- белоктарды пептид, амин қышқылдарына, липаза - майды май қышқылдары, глицерид, карбогидралаза-полисахаридтерді моносахаридтерге дейін ыдыратады. 2.Қимыл (жиырылу- жазылу) қызметін біріңғай салалы еттер орындайды. Өңеш, қарын, ішектер қабырғасының ортаңғы қабаты бірыңғай салалы еттерден тұрады. Ет талшықтары сақина тәрізді және бойлай тартылған 2 түрлі талшықтардан құралған. Асқорыту жүйесінің бір бөлімі екінші бөліммен түйіскен жерінде сақина еттер- сфинктерлер болады.
3. Қоректік заттарды сіңіру қызметі ішек-қарын түтігінде болады. Адамға қажет қоректік заттар әбден ыдырап қарапайым қосындыларға айналады да, түтік қабырғасындағы биологиялық мембраналардан өтіп, қанға-лимфаға сіңеді. Сіңу ішек бөлімдерінде әртүрлі. Ащы ішекте ас қорыту процесі аяқталады. Ас ішекте ұзақ кідіріп, сіңу сатысына жетеді, оның шырышты қабығы сіңіруге бейімделген ағза ретінде қызмет жасайды. Жалпы алғанда қоректік заттар –ыдырау өнімдері негізінен ащы ішекте сіңеді.
4. Тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі немес бөлу (экскрециялау). Қорытылмай қалған ас қалдықтары қорыту барысында қанға лимфаға сіңіп үлгермеген түрлі өнімдер, қаннан ас қорыту түтігіне өткен заттар (несеп қышқылы, мочевина, дәрі-дәрмек, артық тұздар, су ) өт құрамындағы заттар нәжіске ілесіп сыртқа шығады.
5. Эндокриндік қызмет немесе гормондар бөлу (инкрециялау). Ішек- қарынның кілегейлі қабығында, қарын пилорусы мен 12 ішекте көп гормондар түзіледі. Олар қанға енеді де, алдымен ас қорыту процесін, зат алмасу, өсіп-өну, есею процестерін реттеп, басқарып тұрады. Қарын –ішекте түзілетін гормондарды- гастроинтестинальдық гормондар дейміз. Олардан шамамен 25 гормон (пептидтер, гастрин, секретин, панкиреозимин) бөлінеді. Бұл гормондар:
- Асқорыту бездерінің сөл шығару қабілетін, қоректік заттардың қорытылуын күшейтеді
- Арэнтерин гормоны- жасөспірім денесінде ассимиляция процесін күшейтеді, өсу, есею қарқынын күшейтеді, адам тәбетін жақсартады. Диэнтерин гормоны- зат алмасу қарқынын реттейді.
- Түрлі ағзаларда қан айналысын қалпына келтіріп, биологиялық мембраналардың өткізгіштік дәрежесін реттеп отырады, сөйтіп трофикалық- қоректену әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |