Бақылау сұрақтары:
1. Тәжірибені жүргізу әдістемесінен оны жоспарлаудың ерекшелігі қандай?
2. Тәжірибелік мәліметтерді талдау мен өңдеудің негізі мақсаты.
3. Негізгі және екінші ретті факторларды таңдау.
4. Тәжірибелік зерттеудің еңбексыйымдылығы мен көлемі қандай
факторлармен анықталады ?
5. Тәжірибе нәтижелері жауап беруі керек статистикалық талаптар.
13,14 ДƏРІС.
Метрология ғылымы. Заңнамалық, фундаменталдық және тәжірибелік метрология.
Өлшеудің негізгі түрлері және әдістері.
Қазақстан нарық экономикасына енді. Әлемдік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың тең құқықты қатысушысы болу үшін әлемдік жетістіктер мен беталыстарын ескере отырып, ұлттық экономиканы жетілдіру керек. Өркениетті экономикалық өндірісте Қазақстанның бірігуіне не кедергі жасайды? Ол:
1) Ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйесінің артта қалуы;
2) тек өлшеулер бірлігін қамтамасыз ету;
3) КСРО жоспарлық шаруашылығының қалдығы;
4) тек сыртқы нарықта ғана емес, ішкі нарықта да қазіргі бәсекелестік жағдайының отандық кәсіпорындардың қиыншылығы.
Отандық өндірісін шет елдік тәжірибеге механикалық ауыстыру мүмкін еместігіне байланысты біздің мамандар оны білу керек және қажетті деңгейде елімізде немесе шет елде өнімін, қызметін іске асыруға мүмкіндік беретін жаңа прогрессивті шешімдерді өндіріп, қабылдауға шығармашылық жағынан келу үшін ой өрісі кең болу керек. Ол үшін тек өндірістік саладағы мамандар ғана емес, менеджерлер, маркетологтар, өнімді іске асыратын мамандардың да метрология, стандарттау және серификаттау саласында білімдері өте маңызды болады. Сол білімдері бәсекелеске қабілетті өнімдерді құрған кезде стандарттау және сертификаттау мүмкіндіктері мен артықшылықтарын пайдалану үшін, өндірісте ғылым мен техника жетістіктерін енгізу үшін маңызды болады.
Метрология – өлшеулер, олардың бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары туралы ғылым. «Метро» - өлшем (греч.), «логос» - үйрету (греч.).
Қазіргі метрологияның үш түрі болады:
а) заңнамалық метрология;
б) фундаменталдық (ғылыми) метрология;
в) тәжірибелік (қолданбалы) метрология.
Достарыңызбен бөлісу: |