Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері


Өлшеудің негізгі түрлері және әдістері



бет16/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58
Өлшеудің негізгі түрлері және әдістері.


Өлшеу -  өлшенетін шаманың және оның салыстыру бірлігі болып алынған кейбір мәні арасындағы тәжірибелік жолымен табылатын сандық арақатынасын алу процесі.
Өлшенетін шаманың өлшеу бірлігіне қатынасын мәнерлейтін сан өлшенетін шаманың сандық мәні деп аталады. Ол бүтін немесе бөлшек болуы мүмкін, бірақ дерексіз сан болады.
Өлшеу бірлігі болып алынатын шаманың мәні сол бірліктің өлшемі деп аталады.
Онда өлшеудің негізгі теңдеуін келесі түрде жазуға болады
, (2.1)
мұндағы   өлшенетін шама;
 өлшенетін шаманың сандық мәні;
 өлшеу бірлігі.
 мәні таңдалған өлшеу бірлігінің өлшеміне  байланысты. Мысалы, Х=1 м = 100 см = 10 дм.
Әртүрлі өлшеудің нәтижесі аталған сан болып табылады.
Өлшеулер әдетте өлшеу объектінде жасалынады. Өлшеу объекті (ӨО) – бұл физикалық шама. Физикалық шама (ФШ) - физикалық объектінің (құбылыстың, процестің) қасиеттерінің бірі, ол сапа жағынан көптеген физикалық объекттеріне ортақ, ал мөлшер жағынан әрқайсысына (физикалық шамалардың, мысалы, температура, меншікті салмақ, тығыздық, ұзындық және т.б.) жекеленген болып табылады. Физикалық шама өлшемі – «физикалық шама» ұғымына сәйкес келетін қасиеттің осы объектіндегі мөлшерлік мағынасы. Физикалық шама бірлігінің өлшемі, жалпы айтқанда, әрбіреу болуы мүмкін. Бірақ өлшеулер жалпы қабылданған бірліктерде жасалу керек (1 дәріс Халықаралық жүйе СИ).
Өлшеу үшін таңдалған физикалық шаманы өлшенетін шама деп атайды. Өлшеу құралы (ӨҚ) – өлшеу кезінде қолданатын және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал (1 суретті қара).


















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет