Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері


Фундаменталдық және тәжірибелік метрология



бет15/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58
Фундаменталдық және тәжірибелік метрология көне дәуірде пайда болған. Ежелгі Ресейде өлшем жүйесінің негізі Көне Греция мен Римде өзара байланысқан көне египеттік өлшеулер бірліктері болған. Бірліктер атауы мен олардың мөлшері арнайы құрылғыға келмей тұрып, «қолмен» өлшеу тәсілімен сәйкесті жүзеге асырылған. Сөйтіп, әртүрлі уақытта Ресейде ұзындық бірлігі:
- шынтақ (қол шынтағы қайырылғаннан бастап ортаңғы саусағы аяқталғанға дейін);
- қарыс (үлкен адамның үлкен сұқ саусағы арасындағы ара қашықтық);
- аршын, кез (оның пайда болуы қарыстың жойылуын еліктірді – ¼ кез);
- сажын ( орыс өлшемі = 3 шынтақтан = 152 см);
- кере құлаш = 248 см.
Петр 1 Жарғысымен ұзындық өлшемін орыстар ағылшындармен келісімге келді:
- дюйм («саусақ» = 2,54 см);
- ағылшын футы = 12 дюйм = 30,48 см.
Алғашқы метрлік өлшем жүйесі 1840 жылы Францияда енгізілді. Оның маңыздылығын Д.И. Менделеев «халықтың келешекте үміт еткен жақындасуы» ретінде көңіл аударған. 
Ғылым мен техниканың дамуымен жаңа өлшемдер және жаңа өлшемдер бірлігі талап етілді, ол фундаменталдық және қолданбалы метрологияның дамуына себеп болды. Алғашқы өлшем бірлігінің прототипін макрообъектілерді және олардың қозғалысын зерттей отырып, табиғаттан іздеген. Сөйтіп, секунда – Жердің өз осін айналатын кезеңінің бір бөлігі. Ізденістер атомдық және атом ішілік деңгейге біртіндеп ауысты. Енді секунд – сыртқы өрістер жағынан ауытқу жоқ болған кезде Цезий-133 атомының негізгі күйінің аса жұқа құрылымының екі деңгейі арасында өтетін сәйкесті сәуле шығару 9192631770 периодтар ұзақтығы.
Сөйтіп, метрология ғылым ретінде динамикалық дамып отыр.
Фундаменталдық метрологияның келешектік дамуын ФШ қабылданған бірлігі табиғи пайда болғаны туралы ұғымды беретін физикалық шамалар бірліктерінің халықаралық жүйесінде (СИ жүйесінде) қабылданған физикалық бірлігін анықтағанын растайды. Физикалық шамалар бірліктерінің жүйесі – бұл физикалық шамалардың негізгі және туынды бірліктер жиынтығы.
1954 жылы өлшемдер және салмақтар бойынша Генералдық конференция (ӨСГК) халықаралық қатынастарда қолдану үшін алты ФШ анықтады: метр, килограмм, секунд, ампер, Кельвин градусы, шам.
1960 жылы ХI ӨСГК физикалық шамалар бірліктерінің халықаралық жүйесін (СИ жүйесін) бекітті. Оны барлық ірі метрология бойынша халықаралық ұйымдар қабылдады. КСРО бұл жүйені 1963 жылы қабылдады. СИ жүйесіндегі негізгі физикалық шамалар:
а) ұзындық бірлігі – метр – жарық вакуумда 1/299792458 секунд бөлшегінде өтетін жол ұзындығы;
б) салмақ бірлігі – килограмм – килограммның халықаралық прототипінің массасына тең масса;
в) уақыт бірлігі – секунд – (анықтамасы №1 дәрісте жоғарырақ келтірілген);
г) электрлік ток күші бірлігі – ампер – айнымас тоқтың күші, ол бір - бірінен 1 м аралығында вакуумда орналасқан және сымның айналмалы қимасы соншалық кіші болса, екі параллель шексіз ұзындығы бар өткізгіштіктерден өткен кезде, сол өткізгіштіктердің әрбір метр ұзындықта   Н күші пайда болуы керек;
д) термодинамикалық температура бірлігі –  Кельвин градусы – судың үштік нүкте термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігі (Цельсий шкаласын пайдалануы мүмкін);
е) зат мөлшері бірлігі – моль – жүйенің зат мөлшері, ол жүйенің құрылымдық элементтері болғаны сонша, қанша атомдар массасы 0,012 кг көміртегі 12 нуклидинде;
ж) жарық күші бірлігі – кандела – көздің берілген бағытта жарық күші, ол көздің монохроматикалық сәуле шығару жиілігі   Гц, осы бағыттағы энергетикалық күші 1/683 Вт/ . Стерадиан - - денелік бұрышын өлшеу бірлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет