Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері



бет18/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Өлшеу классификациясы Б қосымшасында келтірілген (Б.1 суретті қара). Бесінші классификациялық белгісі бойынша, өлшеу нәтижесін алу тәсілі бойынша келесі өлшеу түрлерін ажыратады.
Тура өлшеулер - өлшеу кезінде шаманың ізделген мәні тікелей тәжірибелік мәліметтерден табылады
У = Х,
мұндағы: У – ізделген мәні, Х – тікелей тәжірибелік мәліметтерден алынған мәні. Бұл өлшеулер орнатылған бірліктерде дәл бөліктенген аспаптар көмегімен жасалынады. Мысалы: токты амперметрмен, температураны термометрмен өлшеу.
Жанама өлшеулер – бұл өлшеулер кезінде шаманың ізделген мәнін табу сол шаманың және тура өлшеулерге жататын шамалар арасындағы белгілі тәуелділікке негізделген
У = f (х1, х2, .. , хm),
мұнда хm – тура өлшеулер барысында анықталады.
Мысалы: тығыздық – дененің массасы және көлемі арқылы, кедергі – кернеу және ток арқылы анықталады.
Біріккен (бірлесе) өлшеулер – бұл өлшеулер кезінде әртүрлі аталған шамалардың ізделген мәндері сол шамалардың ізделген мәндерінің тікелей өлшенген шамаларымен байланысатын теңдеулер жүйесін шешу жолымен анықталады. Келесі теңдеулер жүйесін шешу жолымен

F1 (Y1, Y2, . . ,X11, X21, . . , Xm1) = 0;

F2 (Y1, Y2, . . ,X12, X22, . . , Xm2) = 0;


- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Fm (Y1, Y2, . . ,X1m, X2m, . . , Xmm) = 0.


Y1, Y2, Y3 – ізделген шамалар,
Х1, Х2, Х3 – тікелей өлшеулер.
Өлшеулер тағайындалуына және оларға қойылатын дәлдікке байланысты екі түрге бөлінеді – зертханалық (дәлдік) және техникалық.
Зертханалық (дәлдік) өлшеулер – дәлдігі жоғарылатылған өлшеу құралдар көмегімен және бірнеше рет қайта жасалынатын өлшеулер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет