Әлемдік ақпараттық қоғамға жол.
1994 ж. маусымда Неапольда үлкен жеті елдерінің басшылары ақпараттық қоғамның бүкіл әлемдік жобасын жасау қажеттілігін атап өтті. 1995 ж. ақпанда Брюсселде IS дамуына жауапты министрлер кездесуі болды. 11 жобалы аймақ белгілі болды, олардың әрқайсысы бірнеше жобалардан тұрды. Төменде осы жобалы аймақтардың тізімі келтірілген.
- глобальді тізім (CIP-clohal inventory project), Еуропаның Одақ және Жапония жауапты – ақпараттық қоғам аймағында жоба туралы барлық ақпараттарды бірыңғай жинау.
- кең жазықты желілердің глобальді интероперабельдігі (GIBN – Clohal interoperability og Broodhand Networks) Канада және Жапония жауапты 19 бастан тұрады, ұлттық және аймақтық зерттеу желілерінің өзара байланысын ынталандырады
- транс мәдени оқыту – инструктаждау Франция және Германия жауапты.
- электронды әмбебапты кітапхана, Франция және Жапония жауапты – Л.Эллисонның «Александрия» жобасын дамуы; бүкіл әлемдік мұрағатқа кіру Италия және Франция жауапты.
- табиғи ресурстармен және қоршаған ортаны басқару, Канада жауапты.
- кездейсоқ жағдайларды глобальді басқару, АҚШ жауапты.
- денсаулықты қорғаудың глобальді қолданбалы мәселесі, Еуропанық комиссия жауапты.
- on-line режиміндегі үкімет, Ұлыбритания жауапты.
- кіші және орташа кәсіпорындардағы глобальді нарық, Еуропалық комиссия, Жапония. АҚШ жауапты.
- мұхиттық ақпараттық қоғам, Еуропалық одақ, Канада жауапты.
Жаңа ақпараттық технологиялардың таралу мәселелері.
Дамушы елдер үшін жаңа ақпараттық технологиялар аймағында индустриаолы дамушы елдерден артта қалуды қысқарту ресурстарда коцентрациялау және осы бағыттағы күштерді біріктіру болып табылады. Олардың ешқайсысы жекелей жаңа ақпараттық технологияларды құру және қолдау процестерін бақылай алмайды. Осы мәселенің шешімі ретінде, олар неғұрлым бай көршілерге арқа сйүеді. Мемлекеттердің логикасы бойынша елдер ақпаратты, қоғамды қажет етпейді. Сол уақытта деиндустрализация және деинтеллектуализация ұлттық қауіпсіздік негізін үзеді.
Басқа жағынан алсақ, өнеркәсіпті өсу жолының басындағы елдер (индустриалды артта) туындаған, мәселелерге кез болмайды. Көптеген технологияларды және әрекет сфераларын нольден бастап игереді. Бұл оларға жаңа ақпараттық технологиялар базасында басқарудың тиімді жүйесін ең басынан құруға мүмкіндік береді. Дәл осындай елдер жаңа ақпараттық техниканы ендіргенде ұтады, себебі олар шектелген ресурстарды тиімді қолдана алады.
CALS-технология – өнімнің өмірлік циклін үздіксіз ақпараттық қолдау технологиясы.
CALS-технологияларды пайдаланудың мақсаты нарыққа өнімнің жаңа үлгілерін шығаруды жеделдету, өнімді жасап шығаруға кеткен шығындарды азайту және өнімді жобалау мен өндіру болып табылады. CALS-технологияларды пайдалану жобалық жұмыстар көлемін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда CALS-технологиялардың негізгі қолданылу аймақтарына мыналар жатады:
- реинжиниринг және жобаларды басқару;
- виртуалды кәсіпорын;
- мәліметтермен электронды алмасу;
-шешім қабылдауды қолдаудың үлестірілген жүйесі;
- интеграцияланған логистикалық қолдау;
-көп пайдаланушылық мәліметтер базалары;
- халықаралық стандарттар..
CALS- технологияларды пайдалану кәсіпорындарға мынандай экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға:
1. шығындарды және техникалық дайындық процестері мен жаңа өнімдерді өндіруді игеруге кететін еңбек күшін азайтуға;
2. нарыққа жаңа бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару мерзімін қысқартуға;
3.конструкцияға өзгеріс енгізуге байланысты туындайтын шығындар мен ақауларды азайтуға;
4.халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жасалған электронды техникалық құжаттармен жабдықталған өнімдерді сату көлемін ұлғайтуға;
5.өнімді эксплуатациялауға, жөндеуге, қызмет көрсетуге кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |