Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері


Эксперттік бағалау әдістері қандай болады?



бет52/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   58
Эксперттік бағалау әдістері қандай болады?
Эксперттік бағалау — шешімді қабылдау мақсатында эксперттердің пікіріне негізделген проблема бағасын алу процедурасы.
Эксперттік бағалаудың 2 түрі бар:
Индивидуалды бағалау бір-біріне тәуелсіз жеке эксперттердің пікірін қолдануға негізделген.
Ұжымдық бағалау ұжымдағы эксперттердің пікірін қолдануға негізделген. Бұндай бағалаудың дәлдігі индивидуалды бағалауға қарағанда жоғары.
Эксперттік бағалау әдістерінің мынандай түрлері бар:
Ассоциация әдісі қаситеттері ұқсас 1 объектіні басқа объектімен зерттеуге негізделген.
Бинарлы салыстыру әдісі эксперттің альтернативті нұсқаларды салыстырып, солардың ішінен ұтымдырағын таңдауға негізделген.
Фокальді объектілер әдісі кездейсоқ таңдалған аналогтар қасиеттерін зерттелетін объектіге ауыстыруға негізделген.
Индивидуалды эксперттік сауалнама. Сауалнама сұхбат немесе эксперттік бағалардың анализі ретінде жүргізіледі. Бірінші жағдайда тапсырыс беруші экспертпен сұхбаттасады, оның барысында тапсырыс беруші экспертке бірқатар сұрақтар қояды, ал бұл сұрақтардың жауабы программалық мақсаттарға жету үшін маңызды. Эксперттік бағалардың анализі кезінде эксперт тапсырыс берушімен дайындалған формулярді индивидуалды түрде толтырады, оның нәтижесі бойынша проблемалы жағдайдың жан-жақты анализі жүргізіледі де оны шешудің мүмкін болатын жолдары анықталады. Өз тұжырымын эксперт бөлек құжат ретінде ұсынады.
Ортаңғы нүкте әдісі (Метод средней точки). Шешімдердің 2 альтернативті нұсқасы ұсынылады, оның біреуі екіншісіне қарағанда ұтымдырақ болады. Осыдан кейін экспертке бағалануы 1-ші мен 2-ші альтернативті нұсқалар арасында орналасатын 3-ші альтернативті нұсқаны таңдау қажет.
Білім базасының қызметі
Эксперттік жүйенің маңызды компоненттерінің бірі – білім базасы болып табылады. Білім базасынақты пәндік аймақты сипаттайтын ұзақмерзімді мәліметтер мен осы аймақта шешіліліп жатқан тапсырма мәліметтерін рационалды түрлендіруді сипаттайтын ережелерді сақтауға арналған.
Білім базасын құру кезінде пәндік аймақ мазмұнының мағынасын сипаттау қажет. Сонымен қатар, білімдердің формальді әдіспен өңделуіне кепілдік беретін сипаттау формасы болуы керек.
Білім базасын жасауға келесі адамдар тобы қатысады:
1. ЭЖ шешетін мәселеге қатысты білімі бар эксперт;
2. Білім инженері
3. Программисттер
Білім базасының атқаратын негізгі қызметтері:
- білімді сақтау, жүктеу, актуализациялау және сенімділігін қамтамасыз ету;
- жаңа білімді қосу;
- ағымдағы жағдайға сәйкес келетін білімді өңдеу мен қалыптастыру.
Осы қызметтерді атқару үшін арнайы программалық жабдықтар жасап шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет