Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері


Эксперттік жүйелердің жұмыс істеу режімдері



бет53/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Эксперттік жүйелердің жұмыс істеу режімдері.
Эксперттік жүйе 2 негізгі режимде жұмыс істейді:
1) білім алу режимінде;
2) есептерді шешу (консультация) режимінде.
Білім алу режимін толығырақ қарастырайық. Білім алу режимінде эксперттік жүйемен эксперт білім инженерінің араласуымен жұмыс жасайды. Бұл режимде эксперт білім алу компонентінің көмегімен жүйені мәліметтермен толтырады, ал бұл мәліметтер өз кезегінде берілген пәндік аймақ тапсырмаларын эксперттің қатысуынсыз шешуге мүмкіндік береді. Эксперт проблемалы аймақты мәліметтер мен ережелердің жиынтығы түрінде сипаттайды. Ережелер қарастырылып отырған аймаққа тән мәліметермен манипуляциялаудың әдістерін сипаттайды.
Есептерді шешу режимінде эксперттік жүйемен пайдаланушы қатынас жасайды. Ал пайдаланушыны жұмыстың соңғы нәтижесі мен оны алу әдісі қызықтырады. Айта кететін бір жайт, эксперттік жүйенің тағайындалуына байланысты пайдаланушы:
1) Міндетті түрде берілген проблемалы аймақ саласындағы маман болуы керек емес. Бұл жағдайда ол нәтижені алуға қажетті жеткілікті білімі болмаса да, эксперттік жүйеге нәтижені алу мақсатында жүгінеді.
2) Пайдаланушыда қажетті нәтижені алуға жеткілікті білімі бар. Мұндай кезде пайдаланушы нәтижені өзі ала алады, бірақ эксперттік жүйеге нәтижені алу процессін жеделдету үшін жүгінеді. Есептерді шешу режимінде пайдаланушының тапсырмасы туралы мәліметтер диалогтық компонентпен өңделгеннен кейін жұмыстық жадқа түседі. Интерпретатор (шешуші) жұмыстық жадтан келген кіріс мәліметтері, проблемалы аймақ туралы жалпы мәліметтер және мәліметтер базаларының ережелерінің негізінде тапсырманың шешімін шығарады. Эксперттік жүйелер тапсырманы шешу барысында осы аталған операциялар тізбегін ғана орындап қоймайды, сонымен қатар, оны алдын ала қалыптастырады. Жақсы ұйымдасқан эксперттік жүйе өзінің білім базасын алынған қорытындылар және шешімдермен автоматты түрде толықтыруға мүмкіндігі болуы қажет.


Эксперттік жүйелердің қолдану салаларын көрсетіңіз

Білімге негізделген ЭЖ-дің қолдану салаларын бірнеше класстарға топтастыруға болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет