Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері


Кестелер арасындағы байланысты қалай орнатады?



бет55/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Кестелер арасындағы байланысты қалай орнатады?
Реляциялық модельде кестелер арасындағы байланыс деген түсінік өте маңызды орын алады. Кестелер арасындағы байланыстар сұраныстарды, формаларды, есептерді жасауда қолданылады.
Байланыс дегеніміз – кестелер түрінде берілген объектілер арасындағы қатынас.
Екі кесте жазбаларының арасындағы байланыс, әдетте, осы байланысты орнататын атрибуттардың сәйкес келуіне негізделген.

Кестелер арасындағы байланыстардың түрлері:
1. «Бірдің – көпке» қатынасында бір кестедегі бір элементке екінші кестедегі бірнеше элемент сәйкес келеді.
2. «Көптің - көпке» қатынасында бір кестедегі бірнеше элементке екінші кестедегі бірнеше элемент сәйкес келеді.
3. «Бірдің – бірге» қатынасында бір кестедегі бір жазбаға екінші кестедегі бір жазба сәйкес келеді.
Кестелер арасындағы байланысты орнату МБ-ның терезесіндегі «Сервис» - «Мәліметтер схемасы» командасын орындаудан немесе саймандар тақтасындағы «Мәліметтер схемасы» батырмасын басудан басталады. Бұдан кейін кестелерді мәліметтер схемасына қосу терезесі ашылады. Керекті кестені белгілеп алып, Қосу (Добавить) батырмасын басу керек.

Мәліметтер схемасын құру кезіндегі кестені қосу
МБ схемасында екі кесте арасындағы байланысты орнату кезінде басты кестедегі байланыс орнатылатын түйінді өрісті белгілеу қажет. Содан соң тінтуірдің сол батырмасын басулы күйде ұстап, курсорды бағынышты кестенің байланысқа сәйкес келетін өрісіне апару керек. Байланыс орнатылғаннан кейін «Байланыстарды өзгерту» терезесі ашылады.

Мұнда басты кестенің әрбір түйінді өрісі үшін (Кесте/сұраныс) бағынышты кестедегі соған сәйкес келетін өрісті таңдап алу қажет (Бағынышты кесте/сұраныс).
Кестенің бірінші жолында байланысқан өрістер тұрады. Сондай-ақ, біртұтастықты қамтамасыз ететін параметрлерді орнату қажет. Ол үшін сәйкесінше мынадай жалаушаларды белгілеу керек: «Мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету», «Байланысқан өрістерді каскадты түрде жаңарту», «Байланысқан жазбаларды каскадты түрде жою». Осы сәтте тек кейбір жалаушаларды ғана белгілеуге де болады. Егер жалаушаның біреуі де белгіленбесе де, байланыс оранатылады, бірақ мәліметтер схемасында ол айқын 1:1 немесе 1:М (1: ∞) түрінде көрсетілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет