1) Медициналық диагностика. Диагностикалық жүйелер организм қызметінің ақаулары мен олардың себептерін арасындағы байланысты орнату үшін қолданылады. Бұндай диагностикалық жүйеге менингит және бактериалды инфекциямен ауырған науқастарды диагностикалау мен жағдайларын бақылауға мүмкіндік беретін MYCIN жүйесі жатады. Қазіргі кезде бұл жүйе дәрігер-маман деңгійінде диагноз қоя алады. Ол өзінің кеңейтілген білім базасының арқасында медицинаның басқа салаларында да қолдана алады.
2) Болжау. Болжам жасайтын жүйелер объектінің ағымдағы жағдайы мәліметтерінің негізінде мүмкін болатын оқиғалар мен нәтижелерді болжайды. Бүгінгі таңда осындай болжам жасайтын жүйелер ауа райын болжауға мүмкіндік береді.
3) Жобалау. Жобалаушы жүйелер айнымалылар саны көп тапсырманы шешу барысында нақты мақсатқа жету үшін қолданылады. Мысалы, Boeing компаниясы осындай жобалаушы ЭЖ-ні ғарыш станцияларын жобалауда, ұшақтарда жөндеуде қолданады.
4) Интерпретация. Интерпретациялаушы жүйелер бақылау нәтижесінің негізінде нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Осындай интерпретациялаушы жүйеге 9 эксперттің білімін біріктіретін белгілі PROSPECTOR жүйесін жатқызуға болады. 9 эксперттік әдіс үйлесімінің көмегімен бұл жүйе құны миллион доллар болатын кен қорларын тапты, ал бұл қорлардың бар екендігін 9 эксперттің бірде біреуі болжамаған.
5) Бақылау және басқару. Білімге негізделген жүйелер интеллектуалды бақылау жүйелері ретінде қолданыла алады және бірнеше мәліметтер көзінен келетін ақпаратты талдап, шешім қабылдай алады. Бұндай жүйелер қазіргі таңда атом электрстанциларында қолданылады, әуе қозғалысын бақылайды және медициналық бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар олар кәсіпорынның қаржылық қызметін реттеуде тиімді болуы мүмкін және критикалық жағдайларда шешім шығаруға көмектеседі.
6) Механикалық және электрлік құрылғылардағы ақауларды диагностикалау
Бұл салада білімге негізделген жүйелер механикалық және электрлік машиналарды жөндеу барысында және компьютерлердің пограммалық жабдығының қателері мен ақауларын жою кезінде өте үлкен роль атқарады.
7) Оқыту.Білімге негізделген жүйелер оқытудың компьютерлік жүйелерінің құрама бөлігі болуы мүмкін. Жүйе белгілі бір объекттің әрекеті туралы (мысалы, студент) ақпаратты алады да, оның жай-күйін бақылайды. Білім базасы объектінің жай-күйіне байланысты өзгереді. Осындай жүйеге мысал ретінде күрделілігі ойнаушының біліктілік деңгейінінің аруына байланысты өзгеретін компьютерлік ойындарды жатқызуға болады. Ең бір қызғылықты оқыту ЭЖ-не біріне Д. Ленатпен ойлап табылған EURISCO жүйесі жатады.
Қорыта айтқанда, ЭЖ-лер өміріміздің барлық дерлік салаларында қолданылады. Ал ЭЖ-лерді кәсіпорындарда практикалық қолдану жұмыстың тиімділігі мен мамандардың квалификациясын жоғарылатуға септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |