Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер



бет10/17
Дата03.02.2024
өлшемі116.13 Kb.
#490708
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Дәpiс тезис Cөзжасам, морфология және оқыту-05.22.023

Жалпы орта білім беретін мектепте қазақ тілі пәні бойынша грамматикалық ережелерді оқыту – негізгі міндеттердің бірі. Бұл жөнінде әдіскер-ғалымдар мынадай талаптарды басшылыққа алуды ұсынған: 1. Ережелер мен анықтамалар оқушыларға сапалы түсіндірілсін. 2.Түсіндірілген ережелер оқушылардың есінде сақталатындай болуы керек. 3. Оқушылар өтілген грамматикалық ережелерді түрлі жазу жұмыстары мен сөйлеу тілдерінде дұрыс қолдана алатындай болуы керек. Оның үстіне, тілдік қатынас жасау, пікір алысу ой жұмысы нәтижелерінің сөйлемдердегі сөздер мен сөз тіркестеріне негізделіп, соларға орнығып тұрақталуы нәтижесінде ғана мүмкін болады. Грамматика ойды материалдық-тілдік қалыпқа енгізуге, өзара пікір алысуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, грамматика тілде ұйымдастырушы қызмет атқарады. Тіліміздегі сөздер белгілі бір ойды білдіруде түрлі тұлғада қолданылады, белгілі бір заңдылықтар арқылы түрленеді. Ал осы «тілдегі сөздердің түрлену заңдылықтарын сөйлемде, мәтінде түрлі тұлғалардың қандай мақсатпен түрленетінін, қолданылатынын зерттейтін» морфология саласының мәліметтерін пайдалану оқушының ана тілінің заңдылықтарын орынды пайдалана отырып, сөйлеу дағдыларын, қатысымдық іскерліктерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Грамматикалық материалды оқу бағдарламасына енгізудің әдістемелік еңбектерде көрсетіліп жүрген өзіндік шарттары бар:
1) бұл оның сол тілдің жүйесінде алатын орны, толық грамматикалық сипатталуы, айтылуы, сөйлеудегі қатысымдық мәні;
2) грамматикалық құрылымның сөйлеу тіліндегі қызметі ескерілуі тиіс. Жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі бағдарламаларындағы тақырыптар осы талаптарға сай келеді.
Сөздердің грамматикалық мағынасы да, олардың көрсеткіштері де белгілі бір сөз таптарына қатысты болады. Сол себепті морфология тарауында сөз таптары жайында мағлұматтар беріледі.

1

9

Дәріс 9. ЗАТ ЕСІМ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
1. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
2. Көмекші есім
3.Зат есімнің категориялары
4.Зат есімнің синтаксистік қызметі
5..Зат есімді оқыту
Сөздерді таптастыру ұстанымдары тұрғысынан алғанда, зат есімнің жалпы грамматикалық заттық ұғым мағынасы сөздерді таптастырудың семантикалық ұстанымына жауап береді. Өйткені семантикалық ұстаным - бір сөз табына жататын сөздердің бәрінің ортақ мағынасы. Заттық ұғым–зат есім сөздердің лексикалық мағыналарынан таптастыру ұстанымының 2-түрі бойынша сөз табының грамматикалық құрылымына, грамматикалық сипатына мән беріледі. Өйткені сөз таптары бір-бірінен грамматикалық құрылымы, грамматикалық көрсеткіштері арқылы ажыратылады, әр сөз табының өз грамматикалық кұрылымы, өз категориялары бар, олардың көрсеткіштерінің бір-бірінен үлкен айырмасы бар.
Бұл ұстаным бойынша зат есімнің сандылық категориясы, тәуелдік, септік категориялары мен олардың көрсеткіштері зат есім сөздердің морфемдік құрамын басқа сѳз таптарынан ажырататын белгі қызметін атқарады. Себебі бұл категориялар басқа сөз табында жоқ. Сондықтан олар зат есімнің морфологиялық белгісі деп те аталып жүр. Ол сөйлемдегі сөздердің құрамында көптік жалғауы, тәуелдік жалғауы болса, ол сөздің зат есім екеніне айғақ бола алады. Бірақ зат есім жалғыз осы морфологиялық белгісі арқылы ғана танылмайтыны айтылды. Сондықтан бұл қосымшалармен қолданылған сөздің мағынасы заттық ұғымды білдіруі керек. Сөздің лексикалық мағынасы заттық ұғымды білдірсе, әрі сол сөз зат есім категорияларының көрсеткішімен қолданылса, оны зат есім деп тануға болады. Зат есімді жеке сөз табы деп тану, ажыратудың 3-ұстанымы оның синтаксистік қызметіне байланысты. Зат есім сөздердің негізгі синтаксистік қызметі - бастауыш, толықтауыш болу. Ал зат есім сөйлемнің басқа мүшелері қызметінде де қолданылады, мысалы, анықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш. Бұл синтаксистік қызметтерді зат есім атаулы сөздердің бәрі атқара алмайды, олар зат есімдердің белгілі мағыналық тобына, белгілі қолданысқа ғана қатысты. Мәселен, анықтауыш қызметін заттың қандай заттан жасалғанын білдіретін, сол заттың алдынан тіркескен зат есім сөздер атқарады (алтын сағат, кірпіш үй, жібек көйлек). Немесе ілік септік жалғауында қолданылып, меншікті заттың иесін білдіретін сөздер сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметін атқарады.Баяндауыш қызметін мамандық мәнді, туыстық мәнді зат есім сөздер, не бастауыштың не екенін білдіретін сөз атқарады. Мен ақынмын. Сен маған жиенсің. - құс т.б. Демек, зат есімнің бұл синтаксистік қызметтері жанама, көмекші қызметі саналады.Зат есім сөздердің бәрі заттық ұғым сияқты жалпы мағынаны білдіргенімен, олар іштей нақты мағыналары жағынан бір-бірінен ерекшеленеді.
Осымен байланысты зат есім сѳздер түрлі ірі мағыналық топқа бөлінеді, олар: 1) адамзат, ғаламзат атаулары, 2) жалпы, жалқы зат есімдер, 3) деректі, дерексіз мағыналы зат есімдер, 4) дара, жинақтық мағыналы зат есімдер, 5) әр түрлі реңк мәнді зат есім сөздер.
Тілдегі зат атауларының бір тобы адамға қатысты атауларды ғана білдіреді. Мысалы, әке, шеше, ата, бала, ғалым, жұмыскер, инженер, әнші, нағашы, жиен, келін, құда, құдағи т.б.
Зат есім сөздердің екінші тобы адамнан басқа жан-жануарлар мен түрлі заттардың атын білдіреді. Мысалы, арыстан, түлкі, торғай, маса, үй, көше, қала, өзен, теңіз, may, ауыл, дүкен, нан, киім, орындық, құс, шөп, қант, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет