Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер


Коммуникативтік оқыту әдістемесі



бет8/17
Дата03.02.2024
өлшемі116.13 Kb.
#490708
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Дәpiс тезис Cөзжасам, морфология және оқыту-05.22.023

Коммуникативтік оқыту әдістемесі. Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми-технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті кәсіби мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр. БББ-на сай тілді оқытуда берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғылыми курстарда пайдаланылады.



1

6-7

Дәріс 6-7. ЕТІСТІКТІҢ СӨЗЖАСАМЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ
1. Етістіктің синтетикалық тәсілмен жасалуы
2. Етістіктің аналитикалық тәсілмен жасалуы
3 Құранды етістік. Тұрақты тіркес етістіктер
4.
5. Сөзжасам және тіл дамыту
Етістіктің сөзжасамдық бірліктеріне уәждеме сөздер мен сөзжасамдық жұрнақтар жатады. Етістік сөзжасамына уәждеме болатын сөз таптарына зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, одағай сөз таптары жатады. Яғни етістік сөзжасамында уәждемелік қызметті барлық сөз табы атқарады деуге де болады. Етістіктің жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді: 1) жалаң жұрнақтар бір морфемадан тұрады: ақта, есей, сыйлағ өзгер, менсін, жолық, теңел, адамсы, құтай, ата, аунақшы т.б. 2) құранды жұрнақтар ең кемі екі морфемадан құралады: -лан (-ла+-н), -лат (-ла+-т), -лас (-ла+-с), -сыра (-сы+ра), ырай (-ыр+-ай),: қарулан, әндет, көмектес, ойсыра, ажырай, бадырай т.б.
Осы жағдайларға сүйеніп, есім сөзден етістік жасайтын жұрнақтарды мынадай мағыналық топтарға бөлуге болады:
1. Көңіл-күйді білдіретін туынды түбір етістіктер жасайтын жұрнақтар.
2. Белгілі түске көшу әрекетін білдіретін етістіктерді жасайтын жұрнақтар.
3. Ой-сана сезімге қатысты туынды түбір етістік жасайтын жұрнақтар.
4. Мөлшер, шама мәнді туынды түбір етістік жасайтын жұрнақтар.
5. Дыбыс мәнді, түске құбылу, өзгеру мәнді етістік жасайтын жұрнақтар.
6. Мекен мәнді етістік жасайтын жұрнақтар.
7. Жетімсіз қимылды зәрушілкті білдіретін етістік жасайтын жұрнақтар.
8. Қарым-қатысты білдіретін етістік жасайтын жұрнақтар.
9. Түрлі мәнді етістік жасайтын жұрнақтар.
Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтарға негізінен лексикалық мағынаны түрлендіруші жұрнақтар жатады. Етістіктің лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақтары деп етістіктің лексикалық мағынасын сақтай отырып, оған түрлі үстеме мағына қосатын жұрнақтары аталады. Бұл – жалпы сөз мағынасын түрлендіретін жұрнақтар атаулыға тән қасиет. Демек, ол барлық сөз түрлендіруші жұрнақтардың ерекшелігі. Солай бола тұрса да, етістіктің сөз түрлендіруші жұрнақтарының өзіндік ерекшелігі бар. Етістіктің сөз мағынасын түрлендіруші жұрнақтарының екі түрі бар, олар: 1) басқа сөз таптарының сөз түрлендіруші жұрнақтары типтес қимылға түрлі реңк қосатын жұрнақтар; 2) қимылдың объектісі мен субъектісін өзгерту арқылы етістік мағынасын түрленіретін жұрнақтар.
Күрделендіру тәсілі – етістік сөзжасамында үлкен қызмет атқаратын негізгі сөзжасамдық тәсілдердің бірі. Өйткені күрделендіру тәсілі – етістік сөзжасамында көне замандардан қолданылып келе жатқан негізгі сөзжасамдық тәсілдердің бірі. Сондықтан күрделендіру тәсілі етістік сөзжасамында үлкен орын алады.
Етістіктің күрделендіру тәсілі арқылы жасалуы деп екі етістіктің бір-бірімен тіркесіп, бір күрделі қимыл ұғымын білдіріп, бір күрделі етістік жасауы аталады. Мысалы, келіп кет, беріп кел, жазып бер, қайтып кет, кіріп шық, біліп кел, көшіп кет, алып кет, айта бер, ала бар, алып шық, барып кел, жазып бар т.б.
Күрделі етістіктер барлық күрделі сөздер сияқты сөйлемнің бір мүшесі болады да, біртұтас ырғақпен, бір екпінмен айтылады. Оның сыңарларының арасына басқа сөз түсе алмайды. Күрделі етістіктер бір сөз болғандықтан, сөйлемдегі сөз тұлғасын түрлендіруші қосымшалар етістіктің соңғы сыңарына ғана жалғанады. Мысалы, келіп кетті, кіріп шыққан, беріп қайтыпты т.б.
Күрделі етістіктің сыңарлары толық сөздерден ғана болады, өйткені олардан күрделі етістіктегі күрделі қимыл ұғымы жасалады. Бұл заңдылыққа құранды етістіктер ғана бағынбайды. Мысалы, қызмет ет, құрмет ет, адам бол т.б. Бұлар көмекші етістіктер арқылы жасалады. Басқа жағдайдың бәрінде күрделі етістіктің құрамы толық мағыналы етістіктерден құралады.
Күрделі етістіктердің бірнеше түрі бар. Олар:
1) кіріккен күрделі етістіктер;

  1. тіркескен күрделі етістіктер;

  2. құранды етістіктер;

  3. қосарланған етістіктер;

  4. тұрақты тіркес етістіктері.

Кіріккен күрделі етістік деп екі сыңардан құралып, сыңарлары дыбыстық құрамын толық сақтамаған, біртұтас лексикалық мағына беретін, күрделі қимыл ұғымын білдіретін туынды етістіктер аталады. Мысалға, оған апар (алып бар), әкел (алып кел), әпер (алып бер), әкет (алып кет) сияқты кіріккен етістіктер жатады. Кіріккен етістіктердің құрамы алғаш толық, мағыналы етістіктер болғаны белгілі, сондықтан олардың сыңарларының дыбыстық құрамы толық сақталмаса да, түп негізіне қарап, ол күрделі етістіктерге жатады.
Тіркескен күрделі етістіктер деп екі етістік сыңардан құралып, бір лексикалық мағына білдіретін, бірақ сыңарлары емле бойынша бөлек жазылатын сөздер аталады. Мысалы, алып кет, көріп бер, алып қайт, біліп бер, қайтып кел т.б. Тіркескен күрделі етістіктердің сыңарлары мағыналы етістіктерден жасалып, сыңарларының мағынасынан күрделі қимыл ұғымының атауы жасалады
Тіркескен күрделі етістіктердің сыңарлары қызметіне қарай ауыспалы сыңар, тірек сыңар болып бөлінеді.
Ауыспалы сыңар тіркескен күрделі етістіктің құрамында бірінші орында тұрады. Мысалы, алып кел, беріп кет, жинап ал, ойлап отыр, көздеп тұр, тыңдап тұр, біліп кел, көріп ал, сынап кетті т.б.
Тіркескен күрделі етістікте тірек сыңар екінші орында тұрады. Мысалы, біліп бер, көріп кел, тындап отыр, айтып кет, сұрап қайт, сұрап кел т.б.
Ауыспалы сыңардың бірінші орында тұруы туынды түбірдегі негіз сөзбен сай келсе, тірек сыңардың екінші орында тұруы жұрнақтың орнымен сәйкес келеді.
Құранды етістіктер деп есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер аталады. Мысалы, қызмет ет, құрмет ет, жәрдем ет, адам ет, әлек қыл, алаң бол, қор бол, ит қыл т.б.
Құранды етістік жасайтын көмекші етістіктердің қызметін есім сөзден етістік жасайтын жұрнақпен салыстырып, олардың екеуінің де есім сөзден етістік жасайтынын көруге болады. Мысалы, жәрдем ет - жәрдемдес, сыйлық ет - сыйла, мазақ ет - мазақта, құрмет ет -құрметте, табыс ет - табыста, арман ет - арманда, үміт ет - үміттен, хабар ет - хабарла, талқан ет - талқанда, сылтау ет - сылтаула, қор ет - қорла, еңбек ет - еңбектен, баян ет - баянда, әуре ет - әуреле, әңгіме ет - әңгімеле, айғақ ет - айғақта, айып етпе - айыптама, әдет ет - әдеттен, зақым ет - зақымда, жыр ет - жырла.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет