Зат есім сөздердің осы екі тобы грамматикалық кім? не? сұрақтары арқылы ажыратылады. Адамзат атаулары кім? деген сұраққа жауап береді. Ғаламзат атаулары не? деген сұраққа жауап береді. Зат есімдер ішінде адамнан өзге барлық жанды-жансыз зат атаулары ғаламзат атауларына жатады..
Заттарды бір-бірінен ажырату үшін, әр затқа берілген жалпы атау жалпы есім аталады. Мысалы: қалам, қарындаш, дәптер, кітап, қағаз, орындық, үстел, адам, әскер, мұғалім, үй, кѳше, қала, may, ѳзен, кѳл, ауыл т.б. Осындай зат атауларын алсақ, олар- ѳмірде бірінен-бірі басқа-басқа заттардың аттары. Сандық жағынан алып қарағанда, олардың әрқайсысы да көп бола береді, олар жалғыз заттың дербес аты емес. Сондықтан да бұл сөздер бір тектес көп затқа ортақ, жалпы атау болғандықтан, олар жалпы зат есім деп аталады. Жалпы есім деректі де, дерексіз де болады.
Заттардың жалпы атауларымен бірге, белгілі бір затты ғана атайтын, заттың дербес аты да болады. Жеке бір затқа ғана берілген атаулар жалқы есімдер деп аталады.Жалпы есімдер мен жалқы есімдер жазуда бір-бірінен ажыратылады. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады (су, көл, көше), жалқы есім бас әріппен жазылады (Қадыр, Хамит). Бұл жағдайлар жалпы есім мен жалқы есімдердің бір- біріне ауысуы тілде болып тұратын құбылыс екенін дәлелдейді.
Зат есім сөздердің бәрі заттық ұғымды білдіргенімен, олардың іштей айырмашылықтары бар. Мысалы, Ескі, бозарған үйді көрсе, оныц көңіліне аяныш, мұң кіретін еді (С.С.). Осы сөйлемде үй, көңіл, аяныш, мұң деген зат есім сөздер қолданылған. Осындағы үй деген сөзді оқығанда, айтқанда, оның сыртқы тұлғасы, адам тұратын жай, орын екенін бірден көзге елестетуге болады, оны басқа еш нәрсемен ешкім шатастырмайды. Ал, көңіл, аяныш, мұң деген зат есім сөздерің мағынасында ондай нақтылық жоқ. Жалпы алғанда, қазақша сөйлейтін адам олардың мәнін түсінеді, бірақ біреуге аяныш, мұң болып көрінген жай екінші адамға дәл солай көрінбеуі де мүмкін. Өйткені олар адамның көңіл-күйіне, сезімталдығына т.б. ой - санасына байланысты, олардың нақтылы түр-нұсқасы жоқ, ақыл- оймен танылады. Осымен байланысты, зат есім сөздер деректі, дерексіз болып, екі үлкен топқа бөлінеді. Деректі зат есім сөздер деп көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын, түрі, түсі, түлғасын көзбен елестетуге болатын адамды қоршаған нақтылы заттардың атаулары саналады. Мысалы, may, mac, ағаш, гүл, қала, ауыл, өзен, көл, адам, хайуан, қоян, түлкі, көше, су, нан, орындық, аспан, жер т.б. Адам бұл сөздердің мағынасын олардың түрі, түсі, дәмі т.б. белгілері арқылы таниды.
Дерексіз зат есімдер деп мағынасы оймен танылатын заттық үғымды білдіретін зат есім сөздер аталады. Мысалы, ақыл, куаныш, қайғы, үміт, талап, жақсылық, білім, сана, ықпал,т.б.
Зат есім сөздер дара және жинақтық мағыналы зат есім сөздер болып бөлінеді.
Дара зат есімдер деп көп болсын, аз болсын бір түрлі заттардың атаулары саналады. Мысалы, шие, алма, алмұрт десек, олардың әрқайсысы- өмірдегі белгілі заттардың нақтылы аттары. Осылармен қатар тілде осы заттардың атын қамтитын зат есім сөздер де бар, жеміс деген зат есім сөз шие, алма, алмұрт деген зат атауларын қамтып, олардың орнына да қолданылады. Мысалы, алма же деуге де болады, жеміс же деуге де болады.
Зат есімнің мынадай грамматикалық категориялары бар: 1) сандылық категориясы, тәуелдік категориясы, 3) септік категориясы. Бұл категориялардың әрқайсысының өзіндік көрсеткіштері яғни тілдік бірліктері бар. Әр категорияның көрсеткіштері сөйлемде зат есім сөздерге жалғанып, оларға өз категориясының мағынасын қосып, зат есім сөзді өз категориясының грамматикалық тұлғасына көшіреді.
Зат есімді оқытуда зерттеушілік әдіс көп жағдайда білім алушылардың өзіндік жұмыстарды орындауы арқылы іске асады. Зерттеушілік әдіс студентті ғылыми ізденіске жетелеуге жол ашады. Сонымен бірге кластер түзу, реферат, конпект, баяндама, жоба жұмыстарын және т.б. дайындау, оны қорғау тәрізді тапсырмалар олардың ізденушілік қабілетін жетілдіріп, зат есімнің сөз табы ретіндегі ерекшеліктерін жүйелі түрде түсінуге ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |