Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер



бет3/17
Дата03.02.2024
өлшемі116.13 Kb.
#490708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Дәpiс тезис Cөзжасам, морфология және оқыту-05.22.023

Туынды түбір деп құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер аталады. Мысалы, үгітші, қаламгер, әсемпаз, сәнқой, бәлеқор, ботақан, құлыншақ, құнажын, бөлім, бөлме, ақта, майла т.б.
Сөзжасамдық ұя.
Сөзжасамдық тізбек.
Сөзжасамдық саты.
Сөзжасамдық тарам.
Сөзжасамдық жұп.
Тілдің сөздік қорында негізгі түбір сөздерден туынды сөздер әлдеқайда көп. Тілдің сөздік қорынан туынды түбір сөздердің кең орын алатынын сөзжасамдық ұялар анық дәлелдейді. Өйткені әр сөзжасамдық ұя бір негізгі түбір сөзден қанша туынды сөз жасалғанын анық, ашық көрсетеді. Өйткені сөзжасамдық ұя бір негізгі түбірден жасалған барлық туынды сөздерді толық қамтиды.
Сөзжасамдық ұяның құрамына бір негізгі түбірден өрбіген барлық туынды сөздер жататын болғандықтан, олардың синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туындылары түбірлес сөздер болып саналады. Мысалы, біл етістігі негізінде жасалған сөзжасамдық ұяның түбірлес туынды түбір сөздерінің саны 33 сөзден тұрады. Ал жел түп негіз сөзі арқылы жасалған ұяның құрамы 105 туынды сөзден құралған. Бұл екі ұя екі түрлі түбірлес сөздер тобынан тұрады, екі ұяның әрқайсысының құрамы да әртүрлі. Сөзжасамдық ұяның құрамындағы туынды сөздер түрлі сөз табына қатысты болады. Сондықтан оның құрамында түрлі сөз табының сөзжасамдық жұрнақтары қолданылады. Бұл сөзжасамдық ұяның бір сөз табына байлаулы болмауын туғызады. Атап айтқанда, бір сөзжасамдық ұяда түрлі сөз табына жататын түбірлес туынды түбір сөздер жасала береді. Ол сөз таптарының жұрнақтары түрлі ұяларда қолданыла беретінін білдіреді. Бұл жұрнақтардың белгілі ұяларға байлаулы емес екенін көрсетеді, сондай-ақ ұялардың да бір сөз табына ғана байлаулы еместігін дәлелдейді.
Ұя мүшелерінің орналасу тәртібі сөзжасамдық сатыға, тізбекке байланысты. Сөзжасамдық саты түп негіз сөзден 1-жасалған туындыдан бастап, туындылардың жасалу, өрбу ретімен тізбектің соңғы сөзімен аяқталып отырады. Әр сөзжасамдық тізбек сөзжасамдық тарам мүшелерінен бастау алады. Сондықтан ұяда қанша тізбек болуы ұядағы тарам мүшелеріне байланысты. Сөзжасамдық ұя үнемі негіз сөз бен негізді сөзден тұратындықтан, олар сөзжасамдық жұп құрайды. Бұдан сөзжасамдық ұя жұптан, сатыдан, тарамнан, тізбектен тұратыны анықталады. Сөзжасамдық ұяның осы мүшелері оның құрылымын құрайды, сөзжасамдық ұяның жүйесін жасайды. Ал сөзжасамдық ұяның мүшелерінің қалыптасқан тәртібі бар, сөзжасамдық ұяда ол тәртіп сақталады. Сондықтан да сөзжасамдық ұяның белгілі құрылымы бар, оны құрайтын тұрақты мүшелер бар, ол мүшелер сөзжасамдық ұяда белгілі тәртіпте орналасады және олар бір-бірімен байланысты, бұл оның жүйелі құбылыс екенін көрсетеді.
Сөзжасамдық ұя мүшелерінің негізгілерінің бірі - сөзжасамдық тізбек.
Сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, онда сөзжасамдық жұп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет