А.Әлімов интербелсенді оқу/оқыту бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның) арқылы жүзеге асатынына айрықша мән берген. Ғалым интербелсенді оқытуда оқу топтарының өз бетінше жұмыстары алгоритм желісін былайша көрсеткен: терең және жүйелі ойлану, ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу; ақпаратты жан-жақты талдау және бағалау; өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру; пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірлерін дәлелдеу; шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу; өз біліміне, өміріне деген жауапкершілікті тереңінен сезіну; басқалармен тиімді қарым-қатынас құру. Бұл айтылғандардан, топтық оқыту ең тиімді тәсіл екендігін байқауға болады. Оқушылардың қызығушылығы олардың топ ішінде бір-бірімен ақылдасуы, тапсырманы талқылап орындаулары тілдік материалдарды оңай меңгеруге жол ашады. Мысалы, «Сан мәніндегі кісі аттарының танымдық мәні» деген тақырыпта пікірсайыс ұйымдастыруға болады.
Сол сияқты есімдіктерді меңгертуде іскерлік ойындар өткізген тиімді. Студенттерді теориялық материалдарды меңгерумен қатар шебер сөйлеуге дағдыландыруда іскерлік ойынның рөлі үлкен. Сондықтан да ғалымдар (И.В.Драгомирецкий, Л.Г.Вишнякова, Г.А.Китайгородская, Г.А.Зорин, А.А.Вербицкий, А.А.Филиппова т.б.) еңбектерінде оқыту процесінің қызықты да нәтижелі болуы үшін студенттерді тілге жүйрік, тіл байлығы ұшталған, сөзге ұста етіп мамандар даярлауда іскерлік ойындардың үлкен ықпалы болатындығына назар аударылған. Қазір іскерлік ойындар дүние жүзіне кең тараған белсенді оқыту әдісі болып танылып отыр.
|
1
|
12
|
Дәріс №12. ЕТІСТІК ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ
1. Етістіктің лексика-семантикалық топтары
2. Салт, сабақтылықтың обьект мен субьектіге қатыстылығы
3.Етістердің білдіретін мағыналары
4. Есімшенің мағыналық түрлері, қызметі
5. Көсемшенің мағынасы, қызметі, жіктелуі.
6. Қимыл атауы, мағынасы
7.Етістіктерді оқытудың жолдары
Етістік – ең күрделі сөз табы ретінде субъектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғатта, қоғамда, жалпы өмірде ұшырасатын жайлардың және адамның ой-санасы арқылы туған түрлі амал, әрекет, іс-қимыл, жай-күй сияқты процестерді білдіретін сөздер тобына жататын сөз табы. Қазіргі қазақ тілінде етістік – ң күрделі сөз табының бірі. Бұл оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың арақатынасынан, грамматикалық категорияларының әртүрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратын синтаксистік кызметінен т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен байқалады.
Есімше де етістіктің есімдерге ұқсас түрі. Қазақ тіл білімінде есімшенің ерекшеліктері көрсетіліп жүргенімен, ол үнемі етістік құрамында қаралып келеді. Бірақ есімшеде етістіктің де, есім сөздердің де қасиеті бары қазақ тіл білімінде танылған. Есімше қимыл, әрекет түрінде қолданылып, заттың сапасы, қасиеті, белгісі ретінде ұғынылады. Мысалы, оқыған адам, білген кісі, тозбайтын тон, жарқыраған күн, келетін кісі, айтар сөз, шығар күн т.б. осы сияқты заттың түрлі белгісі ретінде қолданылу – есімшенің негізгі қызметі. Алайда, есімше заттың белгісі қызметінде қолданылады да, заттың қимылға қатысты белгісін білдіреді, жоғарыда оқыған адам дегенді оқығандығы адамның белгісі ретінде қызмет атқарып тұр. Басқаша айтқанда, ол оқу қимылын жасаған адам деген ұғымды білдіреді. Демек, онда қимыл заттың белгісі болған. Осындай заттың белгісі қызметінде де қимыл мәнін сақтауына байланысты қазақ тілінде есімше үнемі етістік құрамында сақталып келеді.
Есімшенің сөйлем ішінде негізгі қимылды білдірмей, жанама қимылды білдіріп, (аттрибутивтік) анықтауыш қызметінде қолданылуы оның заттың белгісін білдіретін сөз табына, қызметі жағынан сын есімге ұқсастығын туғызған. Осы ерекшелік есімшенің сын есім сияқты заттанып (субстантивтеніп) қолданылуына негіз болған. Сондықтан есімшенің заттанып қолданылуы – тілдегі жиі кездесетін құбылыстардың бірі. Осымен байланысты есімше заттанғанда септік, көптік, тәуелдік жалғауларымен қолданыла береді. Мысалы, Алғанды ұнатасың, бергенде де солай қара. Көргендеріңді түгел айт. Білмегеніңді сұрауға ұялма. Ұялмаған бұйырмағанды алады т.б. Осы мысалдардағы алғанды, бергенде, көргендеріңді, білмегеніңді, ұялмаған, бұйырмағанды сөздері – есімшелер, олардың бәрі заттық мағынада және септік жалғауларымен қолданылған. Олардағы алғанды, көргеніңді, білмегеніңді, бұйырмағанды деген есімшелер табыс септік жалғауында, бергенге – барыс септік жалғауында, ұялмаған – атау септігінде қолданылған. Бұл мысалдардағы көргендеріңді есімшесі көптік жалғауымен, ал көргендеріңді, білмегеніңді есімшелері тәуелдік жалғауларымен келген.Демек, есімше деп қимыл мағынасын сақтай отырып, сын есімнің анықтауыш қызметінде қолданылып, сөйлемде заттанып, зат есімше түрленетін етістіктің түрі аталады.
Есімше түбір етістіктен төмендегі грамматикалық жұрнақтар арқылы жасалады:
-ған, -ген, -қан, -кен. Бұл жұрнақтар арқылы жасалған есімшеде қимылды білдіру мәні бар. –атын, -етін, -йтын, -йтін. Бұл бұрын я ертерек кезде болған, үнемі болып тұратын амал-әрекетті заттың белгісі етіп көрсетеді.
Есімшенің бұл түрі ұзаққа созылған, әдетке айналған бүгін де, ертең де болып тұратын қимыл-әрекетті заттың белгісі етіп көрсетеді.
Бұл қосымшалармен омоним болып келетін тілде шақтық көрсеткіштер бар. Олардың есімшеден шақтық көрсеткішкбе ауысқаны тарихи тұрғыда рас, бірақ қазір олар есімше емес.
-ар, -ер, -р, -с. Есімшенің бұл жұрнағы түбір етістіктен жасалу, жасалмауы белгісіз мәнді есімше жасайды. Есімшенің осы дүдамалдылық мағынасы олардың тілдің даму барысында болжалды келер шақтың көрсеткішіне көшуіне негіз болған. Тілде қазір есімшенің –ар, -ер, -р, -с жұрнағы және болжалды келер шақтың –ар, -ер, -р, -с жұрнағы бар, олар – тілдің қазіргі даму сатысында омоним жұрнақтар. Бұлардың қолданылуы, түрленуі, сөйлемде атқаратын қызметі басқа-басқа. Көсемше деп сөйлемдегі негізгі қимылдың жайы-күйін, жанама қимылды білдіретін етістіктің түрі аталады. Жанама қимылды білдіру – көсемшенің негізгі мағынасы. Көсемшенің осы мағынасы мен қызметіне қарай оны үстеуге жақын деген пікір бар. Осы пікірдегі ғалымдардың ішінен В.В.Виноградов, Н.А.Баскаков, Н.Т.Сауранбаевтарды атауға болады. Бірақ көсемше синтаксистік қызметі жағынан үстеуге ұқсағанымен, олардың үлкен айырмашылықтары бар. Мәселен,Көсемше тек қимылды білдіреді, ол – етістіктің белгісі.Көсемшенің жұрнақтары – тек етістікпен ғана қолданылатын жұрнақтар, ол көсемшенің етістік екенін білдіреді. Көсемше тек етістікпен сөз тіркесін жасайды, үстеу басқа да сөз таптарымен тіркес жасай береді(қасақана көзін қысты, былтырғыша осы ауылға, мұншама адам).Көсемше есім сөзді меңгереді, үстеуде ол қасиет жоқ.
Демек, көсемшенің сөйлемдегі негізгі қимылды сипаттайтын жанама қимылды білдіретін етістіктің түрі екені анықталды, ол - көс–мшенің табиғатына тән негізгі мағынасы мен қызметі. Бірақ тілдік бірліктер тлдің даму сатысында түрлі өзгерістерге ұшырап отыратыны белгілі. Бұл қыбылыс көсемшеге де қатысты. Тілдің дамуына байланысты көсемше де түрлі өзгерістерге ұшыраған.
Тілдің кейінгі даму сатысында көсемше түрлі өзгерістерге түсіп, негізгі қызметінен басқа да қызмет атқаратын болған, олар:
Көсемшенің жанама қимылды білдіріп, негізгі етістіктің алдынан тіркесуі – алғашқыдан бастап, әлі атқарып келе жатқан негізгі қызметі. Көсемше тұлғалы етістік пен негізгі етістіктің тіркесі бара-бара күрделі етістіктерді қалыптастырған. Сондықтан көсемше қазір күрделі етістік құрамындағы етістіктерді байланыстыру қызметін атқарады. Бұл қызмет көсемшеде сақталған.
Көсемшенің осы қызметіне байланысты оның сөйлем мен сөйлемді байланыстыру қызметі дамып, ол тілден кең орын алған. Көсемшелердің негізгі етістікпен үнемі тіркесте қолданылуы – оның табиғатына тән құбылыс. Ұзаққа созлған бұл құбылыс көсемшелі сөз тіркесінің екінші сыңарын грамматикалық даму нәтижесінде көмекші сөзге көшуіне әкелген. Осының нәтижесінде тілде аналитикалық форманттар қалыптасқан. Тілдің даму сатысында көсемше жұрнақтары шақтық көрсеткіш қызметін де атқаратын болған. Бұл көсемшенің табиғатына қатысты қызмет емес. Сондықтан шақ мағынасын білдіретін жұрнақтар шығу тегі жағынан көсемшеге қатысты болса да, қазір олар көсемше емес, шақ көрсеткіштері жалғанған етістік сөйлемде жанама қимылды білдірмейді, негізгі қимылды білдіреді. Бұл көсемшенің қызметіне қарама-қарсы. Сондықтан олар көсемше жұрнағы деп аталмауы керек. Олардың қызметі де, түрленуі (жіктелуі) көсемшеден мүлдем басқа.
|
Достарыңызбен бөлісу: |