Сөзжасамдық жұптың бірінші сыңары болуы үшін яғни сөз туындаушы сөз болуы үшін, ол сөздің лексикалық мағынасы болуы-міндетті шарт.
Сөзжасамдық тарам (парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы аталады. Сөзжасамдық ұяның құрылымына кіретін тілдік құрылыстың бірі-сөзжасамдық тарам.
Ұя көп құрылымды құбылыс. Ұяның түрлі құрылымдарында мағыналық байланыстың өзіндік ерекшеліктері бар.
Ұядағы ең ірі құрылым-сөзжасамдық тізбек. Тізбек түп негізден бастау алып, бірінен-бірі тікелей туындаған түбірлес туынды сөздердің жиынтығы болса, сол туындылардың да іштей мағыналық ерекшелігі болады. ҚР-ның «Білім туралы» Заңының 11-бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.
Білім болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі жеке тұлғаның кұзыреттілігін дамыту. Құзырет оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттаңдыру мақсатыңдағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайыңдығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Оқушылардың түпкілікті кұзыреттіліктері білім берудің жаңа нәтижелері. Құзыреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Академик М.Балақаев: «Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру»,-деген тұжырым жасаған.
Әдеби тілдің нормасы: өзінің біршама тұрақтылығымен, жалпыға ортақтығымен, түсініктілігімен, міндеттілігімен, тілдік жүйеге, тілдік модельдерге сәйкестігімен ерекшеленеді. Норма әдеби тілдің ауызша, жазбаша түріне міндетті бола отырып, тілдің барлық салаларын қамтиды. Солардың бірі - сөзжасамдық нормалар. Сөзжасамдық нормалар – туынды сөздердің жасалу және қолдану нормалары. Әр сөз табына жататын сөздердің жасалу тәсілдері бар екендігі ескеріліп, соған сай түсіндірілуі қажет.
|