Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары



Pdf көрінісі
бет37/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   71
лекции химия

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
Бейтарап ортада рН = 7, қышқыл ортада рН < 7, ал сілтілік ортада рН > 7. 
Сутек иондарының концентрациясына байланысты 
сутектiк көрсеткiштiң өзгеруi 
Қышқылдық орта 
Бейтарап 
орта 
Сiлтiлiк орта 
Күштi 
қышқылдық 
әлсiз 
қышқылдық 
әлсiз сiлтiлiк 
Күштi сiлтiлiк 
Н
+

моль/л
10
0
10
-
1
10
-
2
10
-
3
10
-
4
10
-
5
10
-
6
10
-7
10
-
8
10
-
9
10
-
10
10
-
11
10
-
12
10
-
13
10
-
14
рН 










10 
11 
12 
13 
14 
Қышқылдық өседi 
сiлтiлiк өседi 
Ерiтiндiлер ортасының реакциясын индикаторлар арқылы бiлуге болады. 
Индикаторлар - ортаның рН–на байланысты түсiн өзгертетiн күрделi органикалық заттар. Әр 
индикатор өзiнiң түсiн белгiлi бiр рН аралығында өзгертедi. 
Ортаның реакциясына байланысты индикаторлардың түстерiнiң өзгеруi 
Индикатор 
Ерiтiндiнiң реакциясы 
Қышқыл 
Бейтарап 
Сiлтiлiк 
Лакмус 
Қызыл (рН< 5)
Күлгiн 
Көк (рН > 8 )
Фенолфталеин 
Түссiз 
Түссiз 
Қызыл - күлгiн (рН > 8 )
Метилоранж 
Малина (рН< 4,5 )
Сары – қызғылт 
Сары 
Тұздардың гидролизi. Гидролиз деп әртүрлi заттардың сумен алмасу реакциясына 
түсуін айтады. Гидролизге тұздар, карбидтер, комiрсулар, белоктар, майлар және т.б. заттар 
түседi. Тағамның, жем – шөптің негізгі қоректі бөліктері – белоктар, майлар, полисахаридтер 
асқазан жолдарында гидролизге түсу арқылы ғана жан -жануарлар организмдерiнде
сіңіріледі. Крахмалдан фруктозды-глюкозды сироптарды, майлардан сабынды , коллагендi 
шикiзаттан желатиндi алу гидролиз процесiне негiзделген. 
Гидролиз табиғатта да үлкен орын алады. Тау жыныстарының үгiтiлуi – минерал 
алюмосиликаттардың гидролизге ұшырауы нәтижесiнде жүредi. 
Тұздардың гидролизi – тұз иондарының әлсiз электролит түзе су молекулаларымен 
әрекеттесуi. Гидролизге тұздың не анионы, не катионы түсуi мүмкiн. Ал кейбiр тұздардың 
анионы да, катионы да бiрдей гидролизге түседi.
Тұзды түзетін қышқыл мен негіздің күшіне байланысты тұздар төрт түрге бөлінеді: 
1.Әлсiз қышқыл мен күштi негiзден түзiлген тұз. 
2.Күштi қышқыл мен әлсiз негiзден түзiлген тұз. 
3.Әлсiз қышқыл мен әлсіз негiзден түзiлген тұз. 
4.Күштi қышқыл мен күшті негiзден түзiлген тұз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет