Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет106/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Асқынулары:
Асқазаннан қан кетунауқас аяқ-асты бозарады, АҚҚ төмендеп, пульс жіпше тәріздес болып, ауыз арқылы қан кету мүмкін және үлкен дәреті қараяды. Оны «мелена» дейді, қою қара қаймақ тәріздес.
Перфорация- асқазан тесілуі. Көбінесе ер адамдарда болады. Іштің жоғарғы бөлігінде өте күшті пышақ сұққандай ауырсыну. Іш ішке қарай тартылып, қатайып, тақтай сияқты. Науқастың жағдай тез нашарлай бастайды, беті бозарып, үшкірленеді. Тілі құрғайды, шөлдеу, ықылық тию, құсу, пульс жіп тәріздес, газдар шықпай қалады. Мында тек қана хирургиялық ем қолданады.
Привратник стенозы- асқазанның пилорикалық бөлімінің немесе сфинктерінің тарылып қалуы. Тарылудыңәсерінен тамақтың асқазаннан 12 елі ішекке өтуі қиындайды. Асқазан өте тез жиырыла бастайды. Бірақ біртіндеп асқазанның күші әлсірейді. Сондықтан тамақ асқазанда іркіліп қалады. Шіру процессі басталады. Келесі рецидивтардан кейін науқас құса бастайды, асқазан толып тұрғандай, метеоризм пайда болады.
Малигнизация – ойық жараныңқатерлі ісікке айналуы. Ракқа кардиальді және пилорикалық бөлімде орналасқан жаралар айналады. 12 елі ішектің ойық жарасы ешқашан қатерлі ісікке айналмайды. Қатерлі ісікке айналған кезде ауырсыну тұрақталып, тамақтан кейін басылмайды. Науқас жүдейді. Нәжісте үнемі қан анықталады. Тәбеті төмендеп Қан анализінде ЭТЖ жоғарлаған.
Пенетрация- ойық жара асқазанды тесіп, көрші мүшеге түбі орналасады.(бауыр, 12елі ішек, бүйрек). Сондықтан басқа аурудың клиникасы қосылады. Мында тек қана хирургиялық ем қолданады.
Диагностикасы.
Жара ауруында эритроциттер және гемоглобин көбеюіне бейімділік.
Асқазанның секрециясы жоғары.
3. Рентгендік зерттеуде. Жараның тікелей белгісі- асқазанның немесе ұлтабардыңқабырғасында анықталатын ойық жаралар. Ойықтың пішіні сопақша, дөңгелек, саңылау немесе конус тәрізді болады.
4. ФГДС - ең нақты әдіс: белсенді жара, тыртықталып келе жатқан жара және жара орынындағы тыртық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет