Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Клиникасы. Жас, орта жастағы адамдар, көбіне ер адамдар ауырады. Ауырсыну эпигастрий аймағында, ас қабылдағанға байланысты. Ауырсыну ритмі



бет105/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

КлиникасыЖас, орта жастағы адамдар, көбіне ер адамдар ауырады. Ауырсыну эпигастрий аймағында, ас қабылдағанға байланысты.
Ауырсыну ритмі: аштық-ауырсыну-ас қабылдау-жеңілдік-аштық-ауырсыну. Құсу жеңілдік әкеледі. Ренгенологиялық зерттеуде “рельеф нишаны” көруге болады.
Дифференциальды диагноз:12 елі ішек жара ауруының клиникасында ауырсыну оң жақ қабырға астында ұстама болса, өт-тас ауруымен, холециститпен салыстырады. Жара ауруы кезінде ауру мезгілге байланысты асқынады, құсудан соң ауырсыну басылады, пальпация жасағанда оң түзу бұлшықет аумағы ауырса, өт-тас ауруында оң жақ қабырға астыауырсынады.
Созылмалы панкреатитпен салыстырмалы диагноз жасау керек, ауырсыну іштің жоғарғы бөлігінде, ас қабылдаудан соң болады, құсудан соң жеңілдік жоқ, ауырсыну иррадиация береді.
Жара ауруының емі:
Консервативті ем - қышқыл өндіруді тежеуші, антацит, седативті, шырышты қабаттың қорғаныс қызметін жақсартатын заттар. Консервативті ем әсері болмаса, оперативті ем қолданылады. Ваготомия және дистальді асқазан резекциясы жасалады. Асқазан резекциясы кезінде гастрин өндіретін антральді бөлімді алып тастайды, Билирот І әдісін қолданады. Бағаналық Ваготомия, селективті асқазан Ваготомиясы, проксимальдіселективтіВаготомия, Джадду бойынша пилоропластика,Жабулэ бойынша гатродуоденостомия, Финей бойынша пилоропластика, гастроеюностомия жасалады.


Асқазан ойық жаралы ауруы.


Ойық жара ауруы - өршу кезінде жараның асқазанға, 12-елі ішекке қайталанып түсуімен өрбитін асқазан - онекелішек аймағының қабынуы.
Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы дүние жүзінде кең таралған ауру. Бұл аурумен жұмыс жасындағы кісілер аурады.
Этиологиясы: Хеликобактер пилори (НР) ашылғаннан бері жара ауруы жұқпалы аурулардыңқатарына жатқызылады.
Өзге факторлар:
- стресстер, никотиннің, алкогольдіңәсерлері, өткір тағамға әуесқойлық, гастропатиялықәсерлі дәрмектер (аспирин, индометацин, резерпин, глюкокортикоидтар).
- созылмалы гастрит және гастродуоденит .
- генетикалық бейімділік ұлтабар жарасына тән, өйткені туысқандарда бұл аурудың 5-10 есе жиі кездесуі байқалады.
Клиникасы: Аурудың негізгі белгісі ауырсыну.Асқазанның жарасында ауырсыну эпигастрий аймағының ортасында немесе оның сол жартысында орналасады. Ауырсыну төс сүйегінің астына, жүрек тұсына берілуі мүмкін. Өнекелішектің жарасында ауырсыну нүктесі ортаңғы сызықтан оң жағында сезіледі.
Ауырсыну тамақ ішкеннен кейін белгілі уақыттан кейін пайда болады. Ауырсынудың ерте түрі жара асқазанның кардия бөлімінде болса кездеседі, ауырсыну тамақтанғаннан 0,5-1 сағаттан кейін пайда болады. Мұндай ауырсыну біртіндеп күшейіп 1,5-2 сағатқа созылады және асқазан босатыла келе, біртіндеп басылады.
Ауырсынудың кеш түрі жара антральды бөлімінде орналасқанда, тамақтанғаннан 1,5-2 кейде 3 сағаттан кейін пайда болады.Науқастар, ауырсынудың күшеюінен қорқып, тәбеті тартса да тамақты тоя ішуден бас тартады немесе ауырсыну күшейген кезде өз-өзін құстырады.
Ауырсынудың кеш, түнгі және ашқарындық түрлері өнекелішектің жараларында болады. Түнгі мезгілдегі ауырсыну – түнгі уақытта мазалайды, ал ашқарындық ауырсыну тамақтанғаннан 6-7 сағаттан кейін пайда болып, тамақ немесе сүт ішкен соң басылады.
Науқаста жиі қыжылдау болады, жүрек айну және құсу жараныңөршу кезінде болады. Қусқаннан кейін ауырсыну басылады. Жара ауруында тәбеті төмендемейді, бірақ кейбір науқастар ауырсынудан зардап шегіуінен, тамақ ішуден бас тартып арықтайды. Науқастарда іш қатуы байқалады, өте ашуланшақ және терлегіш.
Ремиссия кезінде ешқандай белгі анықталмайды. Белгілер тек рецедив кезінде болады.Аурудыңқайталануы күзде және көктемде. Рецедив ұзақтығы 2-4 аптаға дейін. Ал 8 аптаның соңында толық тыртықталады.
Аурудың ағымы:
а) ауыр (өршуі жылына 3 рет немесе одан жиі);
б) орташа ауыр (өршуі жылына 2 рет);
в) жеңіл (өршуі 1 – 2 жылда 1 рет немесе одан да сирек)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет