Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет107/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Емі: Емнің жоспары:
Аурудыңөршуіне түрткі болатын ықпалдарды тоқтату.
Диетотерапия
дәрмекті ем
физиотерапия
1.Аурудыңөршуіне түрткі болатын ықпалдарды тоқтату:
Темекі тарту мен алкогольді тоқтату.; гастропатиялықәсерлі дәрмектерді тоқтату(кортикостероидтар, СҚКДді, резерпинді және т.б).
2.Диетотерапия: Жара ауруыныңөршу кезінде №1 диета, ал өршудіңқатаң түрлерінде №1а, №1б диеталар беріледі. Тағамдар суға немесе буға пісіріліп дайындалады.Тамақтану аз-аздан, бірақ жиі, күніне 5-6 реттен.
3.Дәрмекті ем:
Асқазан мен онеклішектің кіәлегей қабығын НР-ден тазарту.
Антимкробтық ем: Метронидазолд 0,25 г күніне 4 рет. Кларитромицин 0,25 г күніне 2рет. Амоксициллин 0,5 г күніне 4 рет, 7-14 күн.
Висмуттың туындылары: де-нол,вентрисол-120 мг күніне 4 рет, 7-14 күн
Содан кейін жаралар мен эрозиялар толық жазылғанға дейін және гастрит пен дуодениттін өршуі әбден басылғанша емді толық тәуліктік дозадағы антисекрециялық дәрмектермен жалғастырады: омепразол 20 мг 2 рет, демепразол 20мг 2рет.
Н2 гистаминоблокаторлар беріледі: ранитидин 150 мг , фамотидин 20 мг 1 рет.
ФЗТ, парафин, тоқпен емдеу.
Емдеуді стационарда жүгізеді. Науқас тәртіпті, физикалық- психологиялық тыныштықты сақтау керек.
Диспансерлеу. Барлық ойық жаралы аурулар мен науқастар өмір бойы диспансерлік тіркеуге алынады. Жылына 2 рет көктемде – наурыз айы, күзде – тамыз қырқүйек айында рецидивке карсы ем алады.
Асқазан сөлі бір тексерілгеннен кейін тексерілмейді, ФГДС жылына 2 рет өткізіледі. Нәжісті жасырын қанға зерттеу. Арнайы мамандар – көрсеткіштері бойынша.


Асқазан рагі, ісігі


Асқазан обыры — асқазанның шырышты қабатындағы эпителиальды жасушалардан дамитын, қатерлі ісік. Обыр асқазанның әртүрлі аймақтарынан дамуы мүмкін.
Асқазан обыры мәселесінің маңыздылығы.

  • Әлемде жыл сайын асқазан обыры ауруының 1 млн- нан астам жаңа түрі диагностикаланады

  • ҚР асқазан обыры онкологиялық сырқаттанушылық және өлімділік құрылымында екінші орында тұр

  • Асқазан обырын емдеу нәтижесі ең алдымен аурудың анықталу уақытына байланысты.

  • Ісік инвазиясының асқазанға неғұрлым терең болса, биологиялық белсенділігі лимфогенді қарқындылығы және гематогенді таралуы көп болса, соғұрлым емнің тиімділігі аз. Біржылдық өлім 60% жетеді;

  • Әйелдерге қарағанда ерлер арасында сырқаттанушылық 2 есе жоғары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет