Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Асқазан обырының дамуындағы қауіпті факторлар



бет108/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Асқазан обырының дамуындағы қауіпті факторлар

  • Тағамға ысталған немесе тұзды тағамдарды, афлатоксиндерді және көп мөлшердегі рафинадталмаған майларды пайдалану.

  • Асқазан обырына шылым шегетіндердің икемділігі жоғары.

  • Сонымен қатар, асбестпен байланысы бар және әлеуметтік экономикалық жағдайы төмен адамдарда сырқаттану қаупі жоғары

  • Пернициозды анемиямен ауыратын науқастарда асқазан обыры 20 есе жиі кездеседі.

  • Пептикалық жаралары бойынша асқазан резекциясы болған науқастарда 10-30 жылдан кейін асқазан обырының дамуына икемділік жоғары.

  • Алкоголді шектен тыс пайдалану, әсіресе уақытында тамақтанбау және күйзеліс жағдайымен бірге жүрсе.

  • Helicobacter pylori асқазанда колонизация болуы, асқазан обырының даму себебі болып табылады.

 Асқазан обырының жиі кездесетін морфологиялық түрлері.

  • АО безді эпителидің қатерлі ісігі - аденокарциномалар шамамен 95 пайызды құрайды

  • Қалған бөлімдері: жалпақ клеткалы обыр, лимфомалар, карциноидты ісіктер және лейомиосаркомаларды құрайды.

Клиникалық көріністері:
Кіші көлемді обыр симптомсыз өтеді. Кей жағдайларда науқаста мынадай көріністер болуы мүмкін:

  • тәбет төмендеуі;

  • тағамдық дәм сезудің өзгерістері: мысалы, ет немесе балыққа қарай алмау;

  • температура жоғарылауы (жиі37-38 градус);

  • анемия (гемоглобиннің төмендеуі).

Ісіктің өсуіне байланысты мынадай симптомдар пайда болады:

  • тамақтан соң асқазанда байқалатын ауырсыну, жүрек айну, құсу;

  • үлкен дәреттің өзгерістері;

  • іштің жоғары бөлігіндегі ауырсыну

  • іштің көлемінің үлкеюі;

  • арықтау;

Обыр алды жағдайы бар ма? Жапониядағы жүргізілген зерттеулер асқазан эпителиінің ішек метаплазиясы кейде жоғары дифференциалды полип тәрізді ісікте болатын обыр алды жағдайына жатады. Анапластикалық және асқазан скиррозды обырының ішек метаплазиясы мен байланысы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет