Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Нерв жүйесінің зақымдалуының көріністері



бет188/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Нерв жүйесінің зақымдалуының көріністері: 
Сезімталдықтың бұзылысы. Сезімталдық дененің әртүрлі бөліктерінде бұзылуы мүмкін, әсіресе ол қолдың саусақтары мен білекте жақсы сезіледі. Науқас ыстық, суық тіптен ауырсынуды да сезбеуі мүмкін.
Парестезия. Терінің белгілі бөлігінде байқалатын ұю, жанжу, «құмырсқа жүргендей»сезімнің болуымен көрініс береді.
Атаксия. Бұлшықеттің келісімді қимылының бұзылысы. Ол тепе – теңдік бұзылысы, қол мен аяқтың көнбеуі сияқты көріністер арқылы байқалады.
Бұлшықет күшінің төмендеуі.Бұлшықет жиырылуы үшін бас миынан қажетті көлемде нервтікимпульстар беріліп тұруы қажет. Жұлын зақымдалуы кезінде бұлшықеткеимпульстар жетпейді де атрофия дамиды. Уақытылы ем жүргізілмесе бұл жағдай үдейді де, салдануға әкелуі мүмкін.
Дефекация және зәр шығару әрекетінің бұзылысы. В12 витаминнің ұзақ уақыт жеткіліксіздігі кезінде дамиды. Жұлынның қай бөлігі зақымдалуына байланысты зәр немесе нәжісті ұстай алмау немесе жіберіп қою сияқты көріністер арқылы көрінеді.
Психика өзгерістері. Бас ми қыртысының зақымдалуынан болады. Зақымдалу аймағының көлеміне байланысты ұйқысыздық, склероз, еске сақтау қабілетінің төмендеуі, депрессия, ауыр психоз, галлюцинация арқылы көрініс береді.
B12-жетіспеушілік анемияның диагностикасы:

  1. Қан анализі
    - эритроцит көлемінің азаюы
    - гемоглобин деңгейінің төмендеуі
    - түсті көрсеткіш жоғарылауы (> 1.05)
    - макроцитоз (макроцитарлы анемия қатарына жатады)
    - эритроциттердің базофильдыпунктациясы, Жолл денешіктері және Кебот сақинасының болуы
    - ортохромдымегалобластардың пайда болуы
    - ретикулоциттердің төмендеуі
    - лейкопения
    - тромбоцитопения
    - моноциттердің төмендеуі
    - анэозинфилия
    2. Боялаған жағындыда: овальды макроциттармен бірге, қалыпты көлемдегі эритроциттер кездеседі, микроцит және шизоцит - пойкило- және анизоцитоз.
    3. Билирубин деңгейі қан сары суында жоғарылаған
    4. Сүйек кемігі жасушалық, ядросы бар эритроидты элементтердің саны 2-3 есе өскен, бірақ эритропоэзэффективті емес, оны ретикулоцит және эритроциттердің перифериядағы төмендеуі және өмір сүру уақытының ұзаруын көрсетеді. (қалыпты жағдайда эритроцит 120-140 күн өмір сүреді). Типті мегалобласттар табылады – ол В12 жетіспеушілік анемияның басты диагностикалық критериі, сонымен қоса үлкен көлемді гранулоцитарлы қатардағы жасушалар және гигантты мегакариоциттер анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет