Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Лейкоздардың патогенезінде



бет195/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Лейкоздардың патогенезінде апоптоздың (тұқым қуалайтын жоспарлы клетка өлімінің) бұзылуы маңызды роль атқарады. Ісіктік клонның қалыптасуы мен ісіктің метастаз беруінің негізінде апоптоздың тежелуі жатады деп есептейді. Апоптозды тежеудің ең белгілі механизмдері: 
а) ісік клеткаларында онкогендердің белсенді күйге көшуі; 
б) апоптозды бақылайтын гендердің мутациясы. 
Апоптоздың тежелуі ісікке қарсы иммунитеттің бұзылуына да жағдай тудырады. 
Лейкоздардың дамуында қорғаныстың иммундық механизмдерінің бұзылуы үлкен рөль атқарады. Лейкоздарда иммунитеттің бұзылуына байланысты мутант клетка талқандалмайды. Сонымен қатар иммундық қорғаныстың бұзылысы лейкозбен ауыратын адамдарда әр түрлі инфекциялық – қабыну ауруларының дамуына себеп болады. 
Лейкоздық клонның қарқынды өнуі қызыл және мегакариоцитарлық өркендерді азайтады, оның өзі анемия синдромының және тромбоцитопения мен геморрагиялық белгілерді тудырады.


Жедел лейкоз (ЖЛ) – морфологиялық субстраты бласттық клеткалар болатын қан жүйесінің ісік ауруы. 
Этиологиясы және патогенезі. Жедел лейкоздардың да, созылмалы лейкоздардың себептері бір факторлар деп есептеледі. Ол факторлар туралы жоғарыда айтылды. Жедел лейкоздардың патогенезінің ерекшелігі – сүйек миындағы қан түзілудің патологиялық ошақтарындағы қан түзу клеткаларының екшеленуі (дифференциациясы) бласттық клеткалар деңгейінде тоқтауы. Сонымен қатар, сүйек миында белгілі бір мерзімге дейін қалыпты қан түзу ошақтары да сақталады. Сондықтан да шеткі қанға бласттық клеткалармен қатар пісіп-жетілген клеткалар да енеді. Бара-бара неопластикалық клон қалыпты гемопоэз клеткаларын ығыстырып шығарады, оның нәтижесінде шеткі қанда пісіп жетілген клеткалар жетіспеушілігі туындайды. Пісіп-жетілген клеткалардың азаюы немесе олардың шеткі қанда болмауы шеткі қанның сәйкес функциясының түсіп қалуын тудырады. Мұның өзі аурудың клиникалық белгілерінің дамуына себеп болады. 
Жіктелуі
а) Лимфобласттық лейкоздар:
L1, L2, L3 – морфологиялық варианттары О-, пре В-, В-, пре-Т-, 
Т-иммуноцитохимиялық варианттары. 
б) Лимфобласттық емес (миелобласттық) лейкоздар: 
- миелобласттық жетілмеген (М1)

- миелобласттық жетілген (М2)
- промиелоцитарлық (М3)
- миеломонобласттық (М4)
- монобласттық (М5)
- эритролейкемия (М6)
- мегакариобласттық (М7
в) Дифференциациялауға келмейтін (екшеленбейтін) лейкоз. 

Клиникасы. Аурудың клиникалық белгілері лейкоздың барлық типінде бірдей болады және ісік клонының даму қарқынына, метаплазия дәрежесіне және қалыпты қан түзілудің тежелу деңгейіне тәуелді болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет