ДӘРІС №25 ТАҚЫРЫБЫ: З -құзыреттілік аймағы Аллергиялық аурулар З1-оқыту модулі Аллергиялық есекжем. Квинке ісігі. Анафилақтикалық шок.
МАҚСАТЫ: білімділік: теориялық білімдерін бекіту. Аллергиялық аурулар және анафилактикалық шок себептерін, клиникасын, диагностикасынмен таныстыру. Аллергиялық ауруларының статикалық емдеу жоспарын құруға үйрету. Науқас күтімі және кезек күттірмейтін жағдайларды алдын алу.
тәрбиелік: пациенттермен және өзаралық қарым-қатынастың әдеттерін дамытуға үйрету.
дамытушылық:аурулардың негізгі симптомдарын анықтағанда клиникалық және логикалық ойлауды дамыту. Қажетті манипуляцияларды орындағанда және науқастарды күткенде логикалық ойлауын дамыту.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:1.Білімгерлерге аллергиялық аурулар ,анафилактикалық шок
этиологиясын,жіктелуін, патогенезін, клиникасын түсіндіру
2. Диагностикасын, емін, ажырату диагностикасын үйрету.
ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ: слайдтар, диск
ӘДЕБИЕТТЕР: НЕГІЗГІ: 1.Ішкі аурулар: анықтамалық. Жаманқұлов Қ.А., Шалқаров С.Ш., Сейтмағамбетова С.Ә., Қалимурзина Б.С.. Алматы - Ақтөбе, 1995.
2. Жаманқұлов Қ.А. "Ішкі аурулар" Жоғарғы медициналық білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған оқулық. Астана - Ақтөбе 2008ж
.
ҚОСЫМША: 1. Kaz Medic.kz сайты
2. Ішкі аурулар пропедевтикасы: клиникалық лекциялар 2 том. Жаманқұлов Қ.А. Ақтөбе, 1992.
3. Классификации основных внутренних болезней. Даулетбакова М.И. Алматы, 1995
3. Анафилактикалық шок, этиологиясы, клиникалық белгілері, емі ? ЕСЕКЖЕМ Есекжем — көптеген күлдіреумен және қышымамен жіті немесе созылмалы түрде өтетін тері ауруы. Аллергиялық есекжем және аллергиялық емес есекжем деп бөлінеді. Аллергиялық есекжем азық-түліктер, дәрі-дәрмектер әсерінен пайда болады. Аллергиялық емес есекжем морфин, кодеин, декстран және қалақаймен, медузамен, жұлдыз құртпен, актиниялармен жұғысқанда пайда болады.
Есекжем (urtіcarіa) — теріде және шырышты қабатта кенеттен қызарып, күлдіреп, қышымалы бөртпелер түрінде болатын ауру; денені қалақай шаққан кездегі күлдіреуікке ұқсайды. Есекжемнің жедел және созылмалы түрі бар. Жедел түрі — кейбір тағамдардың (жұмыртқа, құлпынай, шоколад, бал, цитрустар, т.б.) және дәрі-дәрмектің (көбінесе, антибиотиктердің) организмге кері әсер етуінің салдары. Сондай-ақ, организмдегі аллергиялық реакция нәтижесінде де пайда болады. Созылмалы түрі, немесе мезгіл-мезгіл қайталайтын, кейде бірнеше айға дейін созылатын Есекжем, әдетте, ішкі мүшелердегі (бауыр, ішек-қарын жолы, бүйрек) ауруларға, организмдегі зат алмасудың бұзылуына, іштегі гельминттерге немесе баяу өтетін инфекцияға(бадамшаның созылмалы қабынуы — тонзиллит, мұрын, құлақ қуыстарының қабынуы) байланысты. Мұндай кезде ауру кенеттен басталады. Күлдіреуіктердің пішіні мен көлемі әр түрлі, түсі ашық қызғылт, ортасы ақ. Көп жағдайда күлдіреуік бірнеше сағаттан кейін ешқандай із қалдырмай өзінен-өзі басылады. Кейде ауру ұзаққа созылып, науқастың қызуы көтеріліп, мазасы кетеді. Көмейдің кілегей қабығында бөртпе болғанда адам жөтеліп, тұншығады. Емді дәрігер тағайындайды. Ауырған адамға сүт, өсімдік тағамдары беріледі, әсіресе, аллергия тудыратын тағамдарды, ащы және сүрленген тағамдарды жеуге болмайды. Қышыманы басу үшін салқын компресс, жылы ванна қолданады, теріге спирттік ерітінділер (қырмызыгүл, 2%-тік салицил, арақ, т.б.) жағады. Тамақтың немесе дәрі-дәрмектің әсерінен болған Есекжемде ең алдымен клизмамен ішті тазалап, көп мөлшерде су ішкізеді. Ауру қайталамас үшін науқас дәрігердің берген нұсқауын бұлжытпай орындағаны жөн.