Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет235/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

КВИНКЕ ІСІГІ


Квинке ісінуі – бұл аллергиялық реакцияның жайылмалы түрі, терінің барлық қабатында бұлшықетке дейін аллергиялық реакцияның жайылуымен сипатталады. Қолмен басып көргенде шұңқыр қалмайтын сұр инфильтрат пайда болады.
Квике ісігінің себептері:

  • Тұқым қуалаушылық, шырышты қабаттың зақымдалуы

  • Аллергиялық реакция тудыруға қолайлы жағдайлар болса, мысалы, науқаста қандай да бір химиялық және биологиялық сыртқы факторларға кенеттен жоғары дәрежедегі аллергиялық тітіркену пайда болғанда дамиды.

  • Келесідей дәрілік заттарды шамадан тыс қабылдау: антибиотиктер, йод препараттарын, тырысуға қарсы дәрілік заттарды, көз тамшыларын, анестетиктерді.

  • Жәндіктер жұмсақ тері асты май қабаты орналасқан жерлерді шағып алса.

  • Құрамында бояғыштар мен әртүрлі консерванттар, әртүрлі қоспалары бар тағамдарды шамадан тыс қабылдау

  • Гүлдейтін өсімдіктердің шаңдарынан жоғары аллергиялық реакция болғанда

  • Аса жоғары өткір иістерге аллергиялық реакция туса, мысалы , балықтың иісіне.

Квинке ісігінің жалпы симптомдары: кенеттен басталады, бүкіл денеде есекжемнің көрінісіне ұқсайтын өзгеріс байқалады: денеге әртүрлі өлшемдегі қызыл күлдіреуіктер шығады, олар қышиды. Естеріңізде болсын, осы кездегі қышудың пайда болуы ағзаға қауіпті емес!! Сонымен қатар, Квинке ісігінде тері асты май қабатының ісінуі болады. Бұл белгі – Квинке ісігінің ең басты белгісі!
Квинке ісігі көзге көрінетін жерлерге ғана емес, ішкі ағзаларға да шығады. Мысалы, асқазан ішек жолдарына.
Квике ісігінің жиі кездесетін локализациясы : борпылдақ тері асты клетчаткасы, бет, мұрынерін , қас, ауыз қуысының шырышты қабаты, көмей, тіл, маңдай, ерін, сүт безі, сыртқы жыныс мүшесі.
Квинке ісігі кезіндегі баланың бет әлпетіндегі көрінісі
Квинке ісігінің орналасуына байланысты қысқаша салыстырмалы диагностикасы:

  • Көмей ісінуі және жедел тыныс жеткіліксіздігі - дауыстың өзгеруі, ит үрген сияқты жөтел, тыныс алудың прогрессирленген қиындауы болады. Тыныс алу жолдарындағы Квике ісігі кезінде науқастың тамақ аймағы , тіл, ауыздың щырышты қабатында да ісіну жүреді.

Көмейдегі Квинке ісінуі кезінде тері түсі бастапқыда көкшіл реңді, одан соң бозарған күйге өзгереді. Себебі, көмей ісінуінде тыныс алу жеткіліксіздігінің орын алуы 80% пайызға дейін болуы ықтимал.

  • Асқазан –ішек жолдарының шырышты қабатының ісінуі кезінде – жеңіл абдоминальді патология байқалады, диспепсиялық бұзылыстар, ішек перистальтикасының күшеюі болады.

  • Ісік беттте болса тістің ауруы мүмкін, менингиальді белгілер байқалады. Есте сақтаңыздар! Беттегі Квике ісінуі жиі кездеседі, визуальды түрде тез диагностикалауға болатын түрі. Беттегі Квике ісінуі кезінде тек қана бет емес, мұрын, ерін айналасы, қас аймағы ісінуі, тіпті құлақ аймағының ісуімен бірге жүруі мүмкін. Беттегі ісікті сипап көрген кезде ауырсынбайды, бірақ тығыз болады. Ісікті біраз күшпен басып көргенде бет шұңқыры (ямка ) пайда болмайды. Беттегі Квике ісігі кезінде науқаста буынының ауыруы байқалуы мүмкін. Беттегі Квике ісігінің асқынуы: анафилактикалық шок, естен тану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет