Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Импульс түзілуі бұзылыстарының жіктемесі



бет72/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Импульс түзілуі бұзылыстарының жіктемесі:
I. Номотоптық бұзылыстар (импульстің СА түйінінде түзілу бұзылыстары):
1) синустық тахикардия; .
2) синустық брадикардия;
3) синустық. аритмия;
4) синус түйінінін тоқтауы (sіnus аrеst).
ІІ. СА түйінінен тыс гетеротоптық (эктопиялык) импульстің түзілуі.
І.Пассивті (орынбасар) ырғақтар мен комплекстер:
а) жүрекшелік;
ә) түйіндік;
б) көшпелі суправентрикулалық ырғақ жетекшісі;
в) карыншалық (идиовентрикулалық).
2 Активті (эктопиялык) систолалар мен ырғақтар:
1) жүрекшелік

  • жүрекшелік экстрасистолия;

  • жүрекшелік пароксизмдік тахикардия;

  • жүрекшелер дірілі;

  • жүрекшелер жыбыры.

2) түйіндік

  • түйіндік экстрасистолия;

  • түйіндік пароксизмдік тахикардия.

3) қарыншалық

  • қарыншалық экстрасистолия;

  • қарыншалық пароксизмдік тахикардия;

  • қарыншалар дірілі;

  • қарыншалар жыбыры (фибрилляция).

 СА түйінінде импульс түзілуінің бұзылыстары (номотоптық бұзылыстар).
Синустық тахикардия - СА түйіннің автоматизмдік қасиетінің жоғарылауынан болады, жүректің соғуы минутына 100-ден артады (100-160 шамасында), ырғағы дүрыс. Даму механизмінің негізінде СА түйініндегі Р-жасушалардың трансмембраналық потенциалының 4 фазасының тезделуі жатады.
Синустық тахикардия мына жағдайларда пайда болады:

  1. симпатикалық нерв жүйесі ықпалының күшеюінде;

  2. кезбе нервісі тонусының төмендеуінде;

  3. СА түйіні жасушаларының гипоксияның, ацидоздың, уланудың немесе гипертермияның салдарынан тітіркенуінде.

Гемодинамикаға ететін әсерлері; тахикардияға байланысты диастола кысқарады, жүректің оттегі мен энергияға сұранысы артады, жүрек кызметінің пайдалы әсер коэффициенті төмендейді; ал миокард зақымданған болса, оның ишемиясы мен шамасыздығын күшейтеді.
Клиникалық көрінісінде жүректің соғуы, жүрек тұсында салмақ сезіну байқалады. Пульс 100-160 шамасында, ырғақты. Жүректі тыңдағанда эмбриокардия, маятник тәрізді ырғақ және I тонның күшеюі немесе жарықшақтануы естіледі. ЭКГ-лық көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет