Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет73/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

ЭКГ-лық сипаттамалары:

  1. R-R аралықтары, Т-Р аралығының қысқаруы есебінен, 0,60 с кем;

  2. Р тісше мен QRS комплекстерінің жұптасуы сақталған, РQ аралығы 0,12- 0,22с шамасында;

  3.  ұзаққа созылған тахикардияда (симпатикотонияның немесе субэндокардиальді ишемияның салдарынан) S-Т аралығы қиғаш төмендеуі мүмкін.

Синустық тахикардияның емдеу принциптері:

  1. негізгі ауруды емдеу;

  2. қою шай, кофе, алкогольді ішімділікті, өткір тағамдарды ішуді доғару; темекі тартудан, тамақты аса тойып ішуден бас тарту; симпатомиметиктік дәрмектерді қолданудан сақтану;

  3. симпатикотонияда седативті дәрмектерді, β-адреноблокаторларды (вискен 5 мг — 3 рет немесе обзидан 10-20 мг — 3 рет) қолдану;

  4. жүрек шамасыздығы болса, оны оны тиімді емдеу.

Синустық брадикардия — СА түйінінің автоматизмдік касиетінің төмендеуінен болады. Жүрек ырғағы минутына 60-тан кем (60-40 шамасында). Даму механизмі — трансмембраналық потенциалдың 4 фазасының баяулануы. Синустық брадикардияға әкелетін жағдайлар:

  • физиологиялык ваготония (тынысты тоқтатқанда, күшенгенде, көз алмаларын немесе каротидтік синустарды қолмен басқанда болатын);

  • патологиялық ваготония (ми сауытыішілік қысымының биіктеуінде, невроздарда, нейроэндокриндік ауруларда);

  • уланулар (жүрек гликозидтері, β-блокаторлар, опияттар, кальций антагонистері, транквилизаторлар дозасының асырылуы; гиперкалиемия, саңырауқұлақтармен улану т.б.);

  • жүкпалы аурулар (іш сүзегі, вирусты гепатит); холестаз синдромы;

  • СА түйінінің зақымдануына әкелетін аурулар (ЖИА, миокардит, миокардтың дистрофиясы, КМП-лар).

Клиникалық көрінісі симптомсыз немесе жүрек соғуы, жүрек тұсында салмақ сезіну байқалады. Диастола кезінде аса толуынан жүре шектері шамалы кеңеюі мүмкін. Пульс минутына 60-40, ырғақты және толық. Жүрек аса сирек соқса, онда бас миының ишемиясынан синкопальдік ұстамалар болып түрады. ЭКГ-лык көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет