Дәрістер жинағы шымкент – 2011ж



бет30/31
Дата03.01.2022
өлшемі1.1 Mb.
#450745
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Минералды суларды тасымалдау. Скважинадан шыққан суды кәсіпорынға дейін құбырлармен, автомобильді немесе теміржол цистерналарымен тасымалдайды.

Құбырлармен суды көміртегі диоксидінің артық қысымымен 50 км қашықтыққа дейін, тот басқанға тұрақты болаттан, қалайыдан, шыныдан, тамақтық полиэтиленнен жасалған құбырлармен тасымалдайды.

Атмобильді цистерналарда суды 50-200 км қашықтыққа тасымалдайды. Дегазацияны болдырмау үшін цистерналарды герметикалық жағдайда, 0,05 МПа қысыммен, 0,8 м/с жылдамдықта төменгі немесе жанындағы штуцерлер арқылы толтырады, микробиологиялық тазалықты сақтай отырып тасымалдайды. Егер құрамында екі валентті темірі бар суды тасымалдаса, онда одан 300-360 дм3/мин жылдамдықпен көміртегі диоксидімен сыға отырып, ауаны алып кетеді. Термалық суларды алдын ала 200С дейін салқындатады.

Теміржол цистерналарында суды айтарлықтай алыс жерлерге тасымалдайды. Су толтырылған бөтелкелерді үйіп тасымалдағаннан гөрі, цистерналарда тасымалдау шығынды азайтады, яғни бөтелкелердің сынуы және тиеу-түсіру операциялары. Осылайша келесі суларды тасымалдайды: Боржоми, Нарзан, Бжни, Арзни, Наутская, Бадамлы және т.б.

Минералды суларды сақтау. Көмірқышқылды (бос көміртегі диоксиді бар) және темірлі минералды суларды СО2-нің 0,05 МПа дейін артық қысымында герметикалық ыдыстарда сақтайды. Айтарлықтай дегазация болмауы үшін ыдыстардың төменгі жағынан 0,6-0,8 м/с жылдамдықпен суды жібере отырып, толтырады.көмірқышықылсыз суларды герметикалық емес, бірақ жабық ыдыстарда сақтауға болады. Кәсіпорынға теміржол транспортымен келген суды 5 сағаттан артық сақтауға болмайды.

Минералды суларды өңдеу. Құю алдында суды сүзу, зарарсыздандыру, салқындату және көміртегі диоксидімен қанықтыру арқылы өңдейді. Минералды суларды жүзгін заттардан босату үшін сүзуді жүргізеді. Минералдығы 7-8 г/дм3 дейін болатын суларды микроборпылдақ керамикадан жасалған сүзгіштерде, минералдығы ал 8 г/дм3 жоғары суларды маркасы Т сүзгіш картоны арқылы рамалы сүзгіштерде сүзеді. Анағұрлым терең емес жерде орналасқан суларда микробиологиялық зақымдану мүмкіндігі жоғары болғандықтан, мұндай суларды саңылаулар өлшемі 1 мкм кем емес керамикалық шамды сүзгіштерде сүзу ұсынылады.

Зарарсыздандыру үшін реагентсіз әдісті қолданады, бұл суды толқындар ұзындығы 225-300 нм болатын ультракүлгін сәулелермен өңдеуге негізделген. 260 нм сәулелер өте тиімді. Бұл кезде судың органолептикалық көрсеткіштері өзгермейді. Суда коллоидты және жұқа дисперсті жүзгін заттардың және темір қосындыларының болуы кезінде мұндай өңдеудің тиімділігі төмендейді. Құрамында 0,3 мг/дм3 темір құрамы бар сулар УК суәлелерімен өңделмейді.

Бұдан басқа реагентті әдісті қолданады, яғни күмістеу және хлорлау. Күмістеу кезінде суды 0,2 мг/дм3 мөлшердегі күміспен өңдейді. Бұл жағдайды патогенді микроағзалармен қатар бөгде иіс тудыратын сапрофитті микроағзалар да жойылады.

Құрамында жеңіл тотығатын қосылыстары жоқ суларды натрий гипохлоридімен зарарсыздандырады.

Минералды сулардың газды және сұйық фазаларының химиялық құрамына байланысты технологиялық өңдеу мен құюдың бес варианты қарастырылған.

  1. Көмірқышқылсыз суды технологиялық өңдеу және құю.

Шамамен 44% минералды сулар көмірқышқылсыздарға жатады. Олардың химиялық құрамы тұрақты, сондықтан мұндай суларды арнайы технологиялық тәртіптермен өңдеу жұмыстары шектеледі, тек сульфат құрамды көмірқышқылсыз сулардан басқа.

  1. Көмірқышқылды суды технологиялық өңдеу және құю.

Технологялық процесс судың дегазациясын барынша минимумға жеткізуге негізделген. Құрамында кальций мен магний басым судың химиялық құрамы дегазация кезінде өзгереді. Көмірқышқылды суларда көмірқышқылсыз суларды өңдеу операциялары сияқты сатылардан өтеді, мұда ерекшелік дегазацияны жоюға немесе барынша төмендетуге негізделген. Суыту және зарарсыздандыруға арналған барлық ыдыстар герметизацияланады.

  1. Құрамында темірі бар минералды суларды технологиялық өңдеу және құю.

Құрамында 5 мг/дм3 екі валетті темірі бар минералды сулардың тұнбаға түсіп кетпеуі үшін дегазация мен тотығуды болдырмауға бағытталған технологиялық әдістер қарастырылған. Адам ағзасына биологиялық әсері бар темірді ерітіндіде сақтап қалу үшін суға аскорбин немесе лимон қышқылын енгізеді. Тұрақтандырушы қоспаларды автоцистернадан ауаны ығыстыру алдында немесе аралық ыдыстраға құбыр арқала беру кезінде енгізеді.

4.Гидросульфидті және гидрофидті-күкіртсутекті минералды суларды технологиялық өңдеу және құю.

Құрамында 20 мг/дм3дейін күкірт сутегі және 30 мг/дм3 дейін гидросульфид иондары бар минералды суларды су құрамынан күкіртті қосылыстарды жоя отырып өңдейді. Күкіртті қосылыстар суға опалесценция беретін коллоидты күкірт түзе отырып тотығады. Күкірт сутек сонымен қатар судың органолептикалық көрсеткіштерін құртады. Сондықтан ыдысқа су толған соң, суды тотықтыру үшін көміртегі диоксиді келетін барботажды дегазаторға береді. СО2 барботирлеу кезінде, гидросульфид иондары күкірт сутекке айналады, олар судан көміртегі диоксидінің ағынымен бірге кетеді. Күкірт сутектің қалдықтарын сатурация алдында деаэрациялау кезінде жояды.

5.Сульфатты жаңартатын бактериялары бар минералды суларды технологиялық өңдеу және құю.

Мұндай суларды өңдеу және құю көмірқышқылды және көмірқышқылсыз суларды өңдеу сызбанұсқасымен жүргізеді. Алайда белсенді хлор енгізу және бактериялардың тіршілігін жою үшін қосымша қондырғы орналастырады. Бұл үшін сүзу алдында құбырға белсенді хлор бар ерітіндіні енгізеді. Хлорлағаннан соң 30 минуттан кейін судағы белсенді хлор мөлшері 0,3 мг/дм3 болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет