Дәрістер жинағы шымкент – 2011ж



бет8/31
Дата03.01.2022
өлшемі1.1 Mb.
#450745
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Температура салқын (12-160С) түрде өндіру барлық көрсеткіштері жағынан жылы (200С жоғары) өндіруден артық. Бірақ, ыстық және құрғақ климатта өсірілген және ақуыз құрамы 12% жоғары арпаны өндірудің екінші сатысында (үшінші-бесінші тәулік) 18-200С температурада жақсы еруі мүмкін. Күңгірт түсті уытты алу кезінде, толық еруге жету үшін жоғары (20-230С) температура қажет.

Ашық түсті уытты алу үшін температура 180С аспауы керек, ал күңгірт түсті уытты алу үшін уыт өндіруді (соңғы сатысында) 250С дейін жүргізеді.

Ылғалдылық. Дәннің өнуі 30% ылғалдылықта басталады. Дәнді өндірудің бірқалыпьы болуы 40% ылғалдылықта жетеді. Дәннің толық белсенденуі үшін еру дәрежесінің толық жүруі үшін 44-48% ылғалдылық қажет. Арпаны өндірудің ең тиімді әдісі 40-42% дейін ылғалдандыру және 17-180С температурада 2 күн ішінде өндіру. Содан соң, дәннің ылғалдылығы 45-47% жоғарылайды және биологиялық фазаның соңында 10-130С дейін бетте суыту жүргізіледі. Өндірудің бұл тәртібі фермент түзілуді жоғарылатады және күшейтеді.

Аэрация.өндірудің біріші мерзімінде оттегінің үлкен ағыны қажет, мұнда ферменттердің белсенденуі мен синтезделуі жүреді. Ары қарай (4-5 тәулікке дейін) аэрацияның аз жиналуы көмегімен және көміртегі диоксидінің жиналуы нәтижесінде терең анабиоз түзеді, бұл қабығы мен өскіндінің өсуін тежейді және тоқтатады және құрғақ заттардың шығынын төмендетеді. Сонымен, өндіруді екі мерзімге бөлуге болады: біріншісі дәннің өсуімен және ферменттердің жиналуымен сипатталады, ал екіншісі ұрықтың өсуі тоқтатылады, негізгі ферменттердің белсендену және дән қорыныңы заттарының белгілі мөлшерін ерітеді.

Дәндегі О2 мен СО2 қатынасы. Өндірудің алғышқы 2-3 күні бұл қатынас бірден жоғары болуы керек, себебі ферменттердің белсенденуі мен түзілуі ауа оттегісінің мөлшерінің жеткілікті болған жағдайда жүреді. Ерудің екінші сатысында СО2 болуы (5-10%) ұрықтың тез өсуін тежейді және құрғақ заттардың шығынын төмендетеді.

Өндірудің ұзақтығы. Бұл көрсеткіш уыт түріне, арпа сұрыпына, өндіру тәртібіне және т.б. жағдайларға байланысты. Техника-экономикалқы және эксплуатациялық көрсеткіштерді ескере отырып, жоғары сапалы уытты (қажетті еру дәрежесімен ферменттердің белсендігімен) тиімді тәртіпте 7 тәулік ішінде өндіру арқылы алады. Жібіту, өндіру және уытты кептіру процестерін бір аппаратта біріктіру арқылы өндірудің технологиялық циклы 5-6 туәлікке дейіе қысқарады, ал жалпы цикл 7-8 тәулікке дейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет