Дәрістер кешені


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУЫ



бет11/20
Дата26.09.2024
өлшемі82.16 Kb.
#504024
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
lektsiya

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУЫ
А.Байтұрсынұлының шығармашылық өмірбаяны. Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері болғандығы. XX ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік қозғалыс күрт дамып, кеңге қанат жая бастауының басты себебі, қоғамдық өмірдің өрінде жаңа тұлғалдар көзге түсіп, ұлттық сананы жаңа өріске бағыттауға ұмтылуында еді. Солардың ішіндегі ең көрнектісі ұлттың ұлы ұстазына, рухани көсеміне айналған ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынов болатын. Ахмет Байтұрсынов – шығармашылық еңбектің қай саласында болмасын мол мұра қалдырып, қоғамдық өмірдегі, ұлттық тарихымыздағы өз орнын айқындап кеткен тұғырлы тұлға. Ол - тілші ғалым, ағартушы ұстаз, тәржімәдан төл туынды аударған аудармашы, көшелі сөздің көшін бастаған көсемсөзші, өлеңіне азатшыл ойды арқау еткен ақын, елінің ескіден қалған сөзін терген ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы, сөз өнерінің қисынын тауып, қиюын ойған әдебиеттанушы ғалым.
«Қазақ» газетін шығаруы. Мақсаты, мәні. А. Байтұрсынұлы өміріндегі бір белесті кезең – 1913-18 жылдары Орынбор шаһарында таза қазақ тілінде шығып тұрған газет – «Қазақты» редакциялап, жарыққа шығарып тұруы. Сол жылдары Уфада оқып жүрген қазақ жастары бас көтеріп, өз инициативаларымен «Қазақ» атты бейресми газет шығаруды мақсат тұтып, оның редакторлығына Ахаңды қалаған болатын. «Қазақ» газеті де өзінің негізгі шығарушыларының тағдырына серіктес болып, соңғы жылдарға дейін «ұлтшыл, буржуазияшыл ағымды көксеген» деген жалпы, жадағай пікірмен көпшілік назарынан жасырылынып келді. Патша өкіметінің өзі де бірнеше рет ақшалай штраф-айып салған, тіпті редакторы А.Байтұрсынұлын жауып қоюға дейін барған.
«Қырық мысал» жинағының маңызы. «Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы, ағартушылық ойдың молдығы. Орыстың атақты мысалшысы И.А.Крылов творчествосына зер сала үңілген ақын, оның көптеген шығармаларынан өзінің ділгір қажеттілігін тауып, «Қырық мысал» деген атпен аудармаларын 1909 жылы Петерборда бастырып шығарды.
«Қырық мысал» жинағындағы аудармалардың «Аққу, Шортан, һәм Шаян» мысалымен ашылуы Ахмет үшін белгілі бір мақсаткерлікті танытардай. Ол осы мысал арқылы сол кездегі қазақ өміріндегі ең бір келеңсіз жайды – бас бірліктің жоқ екендігін аса дертті мәселе ретінде көтерген.
Ахаң «Бас – басына хан болған», «Ортақ өгізден оңаша бұзауды артық көріп», аз ғана елінің басын қоспай, бытыратып ел басшыларының кесірінен қазақтың мүшкіл халге түскен өміріне назаланады.
«Қырық мысалдың» үлкен тобы – адамдардың бойындағы көре алмаушылық, іштарлық, күншілдік туралы мәселелер. Бұларды зер сала отырып оқығанда, өз халқын осынау жаман қасиеттерден арылтуды арман етіп, мақсат тұтқан азаматтың жан толғанысын,үздіксіз ұмтылысын айқын сезінеміз. Мұндай мысалдарға «Жүргіншілер мен иттер», «Маймыл», «Үлес», «Ағаш», «Өгіз бен Бақа», т.б. жатады. «Жүргіншілер мен иттер» мысалында күншілдердің сөзіне, іс-әрекетіне бола кібіртіктемей, ілгері басуды уағыздайды. Ахаң бұл мысалды түп нұсқадан ауытқытпай аударған.
Ахмет өз жанынан бірде-бір мысал шығармады. Бірақ мысал сюжеті – негізінен бар халыққа ортақ алтын қазына.
Ақынның өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет