Дәрістер кешені


БЕРНИЯЗ КҮЛЕЙҰЛЫ ЛИРИКАСЫНЫҢ СЫРШЫЛДЫҚ СИПАТЫ



бет18/20
Дата26.09.2024
өлшемі82.16 Kb.
#504024
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
lektsiya

БЕРНИЯЗ КҮЛЕЙҰЛЫ ЛИРИКАСЫНЫҢ СЫРШЫЛДЫҚ СИПАТЫ
Б.Күлеевтің әдеби мұрасының әрқилылығы, Абай үлгісі. Трагедиялы тағдыры. Мағжанның берген бағасы. Бернияз Күлеев бұрынғы Ақтөбе губерниясы Бөрте болысының 5-аулында дүниеге келген. 1917-1918 жылдары Орынбор қаласындағы қазақ мұғалімдер семинариясында оқып білім алады. Семинарияда оқып жүрген жылдары бірсыпыра өлең, бір драмалық шығарма жазады. Бірақ, көп ұзамай оқуын тастап, Торғай облысына кетіп қалады. Сол жылдары шығып тұрған «Қазақ мұңы», «Ұшқын» газеттерінде қызмет етеді. Өмірінің соңғы жылдары Қазақ Республикасы Халық ағарту комиссариатының жолдауы бойынша Қазан қаласында қазақ кітаптарын бастырып шығару ісін басқарады. Орыстың символшы, декадент ақындарының әсерін қабылдағаны.
Әдеби мұрасының әрқилылығы, шығармашылығының күрделі сипаты. Өлеңдеріндегі Абай үлгісінің ықпал-әсерінің нышандар. Бернияздың туындыларынан бір сәттік сезімнен туатын тарығушылық сарынның бой көрсететіні.
Ақынның шығармалары 1969 жылы «Айтшы, ақ қайың» деген атпен баслып шығады. Бернияз осы аз өмірінің ішінде әдебиет ісіне белсене араласты. Ақын артына бірсыпыра әдеби мұра қалдырды.Көптеген өлеңдерімен бірге екі-үш поэма да жазды.
А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов тағыбасқаорысақындарынанаудармалар жасады.
13 дәріс
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ

Қазақтың көрнектi ақыны, жазушы, драматург және iрi қоғам қайраткерi Сәкен Сейфуллиннiң өмiр жолы өнегелi әрi қайғылы.


Ол найзағайдың жарқылы немесе дауылпаздың самғауына ұқсайды. Орыстың танымал жазушысы Галина Серебрякова Сәкен Сейфуллинмен Мәскеуде қалай кездескенi жөнiнде 1939 жылы былай деп жазады: “Ол кезде жасы қырықтан жаңа ғана асқан Сәкен Сейфуллин менi өзiнiң қажырлы, сыртқы сұлу кескiнiмен қайран қалтырды. Ол өте сымбатты және сұңғақ бойлы болатын. Дөңгелек жүзi жиi өзгерiп тұратын. Әсiресе, есiмде қалғаны оның ойлы қара көздерi. Ол кiсiге тура, адал да батыл көзбен қарайтын. Сонда ол көне парсы фрескаларындағы жеңiмпаз да жiгерлi жауынгерлерге ұқсап кететiн”.
Сәкен Сейфуллин өзiнiң халқына, оның туған әдебиетiне толымды еңбек еттi. 25 жылдық шығармашылық қызметiнiң өзiнде жүздеген өлең, оннан астам поэма, романдар мен повестер, әңгiмелер мен пьесалар, очерктер мен мақалалар, ғылыми зерттеулер жазды.
Ол төңкерiс туралы және Қазақстандағы Кеңес өкiметi жөнiнде алғашқы поэмаларды жазған ұлттық ақын болды.
Қазақ драматургиясының тарихында тұңғыш пьесаны да, әдебиет хақында тұңғыш оқулықтарды да, алғашқы сын мақалаларды да жазған сол.
С. Сейфуллин Қазақстанда тұңғыш рет ашылған жоғарғы оқу орыны – Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының негiзiн қалап, соның алғашқы педагогтарының бiрi болды. Ол фольклоршы, публицист, әдебиеттанушы ғалым едi. Ол қоғам қайраткерi, газеттер мен жұрналдардың редакторы, әрi аудармашы болатын. Егерде қайғылы қазаға душар болмағанда оның жан-жақты дарыны тек қана өзiнiң туған халқы үшiн ғана емес, жалпы адамзат игiлiгi боларын қазiрде санаға салудың өзi ауыр қасiрет.
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 жылдың 15 қазанында Ақмола уезiнiң Нiлдi болысында көшпендi қазақ ауылында дүниеге келдi. Әкесi оны 11 жасында орысша оқыту үшiн Нiлдi кенiшiндегi мектепке апарады. Ақынның өзi кейiн былай деп еске алады: “Нiлдiде мен үш жыл болдым. Бiр жағынан мектептен сабақ үйренсем, екiншi жағынан өмiрдiң өзiнен тәлiм алдым: ұстаханадағы жұмыс, адамдардың жер асты шахталарында қалай еңбек ететiнi, ал жер бетiне олардың тас көмiр мен кендi қалай шығаратын ауыр еңбегiн көрдiм, жатақханаларда, жұмысшылардың үйлерiнде болып, олардың тiршiлiк тынысын бiлдiм. Олардан көп әңгiмелер естiдiм. Осының бәрi менiң өмiрiмде ерекше әсер қалтырды".
1908 - 1913 жылдары Сәкен Ақмолада әуелi приход мектебiнде, одан соң екi кластық училищеде оқыды. 1913 - 1916 жылдары Сәкен Сейфуллин ол кезде кейде Сiбiр университетi деп аталатын Омбыдағы мұғалiмдер семинариясында оқыды. 1914 жылы Қазан қаласында оның “Өткен күндер” атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрдi. Бұл жинағында жас ақын туған халқының тағдыры, кедейлердiң ауыр тұрмысы, надандықтың қара түнегi, феодалдық-патриархалдық әдет-салттардың тозғандығы туралы толғанады.
Жас Сәкен шығармашылығының алғашқы демократиялық ұстанымы революцияға дейiнгi қазақ әдебиетiнiң демократиялық ағартушылық бағытының тамаша өкiлдерi ақын-жазушылар Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхаметжан Сералин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеевтермен үндес келдi. Сол кездегi қазақ тiлiнде демократиялық бағытта шығатын жалғыз жұрнал “Айқаптың” белсендi тiлшiсi болды.
1916 жылы мұғалiмдер семинариясын бiтiргеннен кейiн алғашында ұстаздық қызметпен айналысты. Алайда көп ұзамай ұлт-азаттық қозғалыстың және одан кейiнгi төңкерiстiк оқиғалардың ықпалымен Сәкен Сейфуллин кәсiби революциялық жолға түседi. 1917-1918 жылдары Ақмолада жұмысшы-шаруа депутаттарының Кеңесiн құру iсiне белсене ат салысады. Сәкен оның президиум мүшесi болып сайланады және халық ағарту комиссары болады. “Жас қазақ” атты жастар ұйымын құрып, солардың өтiнiшiмен қазақтың тұңғыш төңкерiсiтiк әнi “Жас қазақ марсельезасын” жазады. 1918 жылдың мамырындағы бүлiктiң нәтижесiнде Ақмолада Кеңес өкiметi құлап, арасында С.Сейфуллин де бар Совдепшiлер тұтқынға алынды. 1918 жылдың қысында қырық градустық аязда оларды Петропавл қаласына жаяу айдады, одан әрi 47 сөтке бойы “азап вагонымен” Омбыдағы тұтқындар лагерiне жеткiзiлдi. Тұтқындардың Ақмола мен Петропавл абақтыларында көрмеген қорлығы жоқ. Оларды атаман Анненковтың ақгвардияшылары алуан түрлi азапқа салды. Айлар бойы “азап вагонында ” ажалмен арпалысты. Осының бәрiн “Тар жол, тайғақ кешу” романында жазушы шынайы суреттеп жазды. Сол арпалыс үстiнде Сейфуллиннiң көптеген жолдастары көз жұмды. Ал Сәкен абақтыда да, концлагерде де өлең жазудан таймады. 1919 жылдың наурызында Сәкен Колчактың Омбыдағы түрмесiнен қашып шықты. Қазақстанның оңтүстiк облыстарындағы кедей ауылдарын паналай аралаған, және Жетiсу өлкесiндегi ұзақ сапары кезiнде небiр оқиғаларға тап болды. Ақыр соңында Мойынқұмды басып, Бетпақ даладан өтiп, революциялық күресiн жалғастыру үшiн ақын өзiнiң туған жерiне жетедi.
1920 жылы С. Сейфуллин Қазақтың Кеңестiк Автономдық Республикасын (ҚазКАР) құруда ұйымдастыру комитетiнiң жұмысына қатысады. Оның бiрiншi құрылтай сьезiнде ҚазОАК президиумының, одан соң БОАК мүшесi болып сайланды. Халық ағарту комиссарының орынбасары, “Еңбекшi қазақ”, кейiннен партиялық-үкiметтiк газет “Социалистiк Қазақстанның” редакторы болды. 1922 жылы Кеңестердiң III – сьезiнде ҚазКАР Халық Комиссарлары Кеңесiнiң төрағасы болып тағайындалды. Партиялық көптеген съездердiң делегаты, екi рет БОАК мүшесi болып сайланды. Он жылдан астам ҚазПИ де ұстаздық еттi. “Әдеби майдан” жұрналының бас редакторы болып, Қазақстанның жазушылар Одағын басқарды.
Үкiметтiк жоғары лауазымды дәрежелерде жүрiп, педагогтiк, ғылыми, редакторлық, аудармашылық, публицистикалық, әкiмшiлiк, қоғамдық қызметтермен айналысса да С. Сейфуллин өзiнiң ақындық және жазушылық парызын ұмытқан жоқ. 20 жылдары Сәкен бiрқатар өлеңдер мен поэмалар жинағын шығарды: “Домбыра” “1924”, “Экспресс” (1926), “Кедейлердiң қорғанысы – ұйымшылдық пен еңбек шарты” (1926), “Тұрмыс толқынында” (1928), “Көкшетау” ( 1929). С.Сейфуллиннiң 1917 жылы жазған “Бақыт жолына” атты пьесасы мен М.Әуезовтың “Еңлiк-Кебегi” қазақ әдебиетiнiң драма жанрындағы алғашқы тәжiрибелерi.
1922 жылы Сәкен Сейфуллин “Айша” повесiн жазды. Қазақ әдебиетiндегi әйелдер теңдiгi тақырыбын жалғастырып, жазушы кейiпкердiң образын жаңаша жасады. Сәкеннiң Айшасы қайрат жiгерiмен, қайсар мiнезiмен және күреске бел буған ерлiгiмен ерекшеленедi. Ол – әлеуметтiк әдiлетсiздiкке бойсұнбайды, қайта оған қарсы күресiп, жеңiп шығады.

14 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет