ДӘрістердің комплексі fis 1203


Илюстрациялы материал Д-МІ-12



бет12/14
Дата24.02.2016
өлшемі1.42 Mb.
#16040
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Илюстрациялы материал Д-МІ-12

Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

  1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

  2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

  3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

  4. Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

  5. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

  1. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

  2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов,МИА, 2002, 957 с.

2.Физиология человека, В.М. Покровский, Г.Ф. Коротько, М., 2004.

3. М.Р.Сапин, Г.Л.Билич Анатомия человека: Учеб. для студ. биол. спец. вузов. -М., Высшая школа, 1989. - 544 с.

4. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.«Физиология с основами анатомии человека». А.В.Логинов, 1983 .

Қосымша:


  1. 1.«Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

  2. 2.«Руководство к практическим занятиям по физиологии человека с основами анатомии» М.Ф. Румянцева и др., Москва, «Медицина», 1986 .

  3. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .

  4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

  5. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов. Под ред. А.А. Утепбергенова, Д.А. Адильбековой, Шымкент, 2006, 66 с.

  6. Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .

  7. Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.

  8. В.Я. Липченко, Р.П.Самусев Атлас нормальной анатомии человека: Учебное пособие.-2 изд., перераб. и дополн.-М.Медицина, 1988. 320 с.

  9. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.


Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Нефронның проксимальді бөлімінде қандай заттар қайта сорылады?

  2. Ренин қайда түзіледі және оның артериялық қыысм реттелісіндегі ролі қандай?


«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Қалыпты физиология кафедрасы
13 Дәріс.
Дәріс тақырыбы: Талдағыштардың жалпы қасиеттері.

Мақсаты: Жалпы талдағыштардың қасиеттері жайлы түсінік беру, И.П. Павловтың талдағыштар туралы ойын түсіндіру, негізгі талдағыштар бөлімдерінің қызметтік механизмдерін түсіндіру

Дәріс жоспары:

Талдағыштардың құрылымды-қызметтік ұйымдастырылуы

Талдағышты зерттеу әдістері

Талдағыштың бөлімдерінің қызметі, қозудың туу механизмі



Дәріс тезисі:

Талдағыштардың құрылымы мен қызметі

Жоғары омыртқалы жануарлар мен адамның барлық талдағыштар жүйесіне мынадай жалпы құрылыс негіздері тән:

1. Талдағыштар жүйесі көп қабатты жүйке нейрондарынан тұрады. Олардың алғашқы қабаты қабылдағыш құрылымдармен, ал соңғысы үлкен ми сыңары қыртысының ұласқан аймақтарымен байланысты бо­лады. Ал қабаттар, олардың аксондары түзетін, өткізгіш жолдар арқылы өзара байланысады. Талдағыштардың мұндай құрылымы әртүрлі қабаттарда мәліметтерді өндеуге, арнаулы бағытқа салуға мүмкіндік туғызады. Бұл организмдерде барлық талдау жасалған жай сигналдарға тез әсер тигізуіне жағдай жасайды.

2. Талдағыштар көп жолды болады. Олардың әрбір қабатында барлық деңгейге кезегімен серпініс жіберетін көптеген (он мындаған, ал кейде миллиондаған) жүйке элементтері бар. Талдағыштардың мұндай көп жолдары жасалған талдаудың, өте сенімділігін және дәлдігін қамтамасыз етеді. Байланыс арналарының сенімділігі нейрондардың өзара жапсарласуынан ұлғаяды. Бір нейрон тарамдалыс (дивергенция) арқылы жоғары деңгейде орналасқан бірнеше нейрондармен ұштасады. Ал көптеген нейрондардың тек біреуіне түйістірілісі (конвергенция) ақпаратты дәл жеткізіді.

3. Шектес қабаттарда сезіну "алқымы" деп аталатын әртүрлі элементтер саны кездеседі. Мәселен, адамның көру жүйесінің торлы қабығындағы фоторецепторлар қабатының 150 млн элементі бар, ал шығаберістегі ганглиоздық аймағында небәрі 1 млн. 250 мың эле­мент қалады. Бұл тарыла түсетін "алқымның" мысалы. Алайда көру жүйесінің жоғары деңгейінде кеңейетін "алқым" қалыптасады.

Есту және басқа кейбір талдағыштарда қабылдағыштан миға дейін тек кеңейетін "алқым" кездеседі. Тарылатын "алқымдар" құбылысының физиологиялық мәні - миға келетін хабардың санын азайту. Ал кеңейетін "алқымның" қызметі әртүрлі сигналдың белгілерін жете және өте терең талдауға мүмкіндік жасау.

4. Талдағыштардың тура және көлденең бөлшектері болады. Жүйке элементтерінің бір немесе бірнеше қабаттан құрылатын бөлімі тікелей ажыратылыс (дифференциация) деп аталады. Әрбір бөлімнің (мәселен, иіс буылтығы, иінді дене) өзінің атқаратын жеке қызметі болады.

5. Сезім жүйелері тіршіліктік мәні бар ақпараттарды кері байла­ныс негізінде белсенді түйсінетін және өндейтін үрдіс ретінде қаралады.

6. Сезім жүйесінің өрлеуші өткізгіш жолдары ми қыртысының тұрақты және қосымша жобаланыс аймақтарында тұйықталады. Біріншілей жобаланыс аймақта жылдам өткізуші арналар аяқталады. Екіншілей аймақтар осы сезім жүйесінің мамандалған арналары арқылы бірлестірілген ақпаратты қабылдайды. Ал ми қыртысының үшінші жобаланыс аймақтары сезімаралық әрекеттесу өтетін әртүрлі сезім жүйесінің ұласқан аясын қалыптастырады.

7. Әрбір сезім жүйесі қосқапталдас өлшемдестік (симметрия) түрінде құрастырылады. Мидың орталық құрылымдары қабылдағыш аппаратқа сәйкес жұптасып калыптасады. Сезімдік жүйелердің жұптасуы негізінде, кеңістікте әркелкі орналасқан нысандарды қабылдау осы әрекеттік тетіктер арқылы атқарылады.



Талдағыштың шеткі бөлімі

Талдағыштардың шеткі бөлімін морфологиялық айырмашылығы бар және арнаулы физиологиялық бағытқа икемделген көптеген қабылдағыштар құрады.

1. Алуан түрлі қабылдағыштар - тітіркендірістің әсерін жүйкенің ұшына немесе қабылдағыштарға өткізуге икемделген күрделі құрылымы бар сезіну мүшелері.

2. Әрбір қабылдағыш тітіркендірістің белгілі бір түрлерін (мәселен, жарық, дыбыс, жылылық, суықтық т.б.) ерекше сезеді.

3. Талдағыштардың зор қозғыштығы байқалады, яғни олар сыртқы тітіркендіргіштің ең аз мөлшеріне әсерленгіш келеді.

4. Талдағыштар сигналды табу және ажырату қызметін атқарады. Бұл сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі тітіргендіргішінің әсерін қабылдайтын, өндейтін, қозу толқынын тудыратын, оларды ұғынуға эволюциялық дамуда бейімделген организімдегі арнайы қабылдағыштар арқылы жүзеге асады.

Қабылдағыштардың жіктері. Барлық қабылдағыштар екі үлкен топқа бөлінеді: экстерорецепторлар және интерорецепторлар. Экстерорецепторлар - көру, дыбыс, иіс, дәм, терінің сезімдерін жеткізеді. Ал интерорецепторлар қатарына - ішкі ағзалардың жағдайын ишараттайтын висцерорецепторлар мен тірек-қимыл жүйесінің кіреберістік және пропиорецепторлық (проприо- меншікті) қабылдағыштары жатады.

Қабылдағыштар сыртқы орта мәліметтерін қабылдау түрлеріне байланысты екіге бөлінеді: дистанциялық қабылдағыштар - олар ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан (көру, есту, иіс), ал контакты қабылдағыштар тікелей жанасқанда (тері, дәм сезімдері) мәлімет алады.

Қабылдағыштар өздері бейімделген тітіркендіргіштердің табиғатына қарай мынадай болып жіктеледі: механорецепторлар - есту, тепе-теңдік, тірек-қимыл аппаратының, терінің; сипап сезу, жүрек пен қан-тамырларының қысым қабылдағыштары, хеморецепторлар - дәм, иіс, және тіндердің химиялық заттарды сезетін қабылдағыштары, фото­рецепторлар - көру қабылдағыштары, терморецепторлар - терінің және ағзалардың, орталық жүйке жүйесінің қызу сезгіштері. Ауырғанды сезу - ноцицепторлары (лат. посе - зақымдау, кесу) ерекше топты құрады.

Барлық қабылдағыштар біріншілей және екіншілей сезетін болып екіге бөлінеді. Біріншісі - иіс, сипап сезу қабылдағыштары және пропиорецепторлар. Бұларда тітіркендірістерді ұғыну және өңдеу үшін

қозу толқыны сезгіш нейрондардың тікелей өзінде пайда болады. Екіншісіне дәм сезу, көру, есту, тепе-теңдік сақтау қабылдағыштары жатады. Мұндай қабылдағыштардың сезгіш нейрондары мен тітіркендіргіштердің арасында өте мамандалған (икемделген) қосымша қабылдағыш жасушалар болады. Сезгіш нейронда қозу тікелей әсерден емес, тек осы қосымша жасушалар арқылы туады.

Өздерінің негізгі қасиеттеріне байланысты қабылдағыштар тез және баяу бейімделуші, төмен және жоғары табалдырықты, біррайлы және көпрайлы т. б. болып бөлінеді. Іс жүзінде, түйсіктердің сипатына қарай қабылдағыштардың психофизиологиялық жіктелуі өте маңызды орын алады.

Қабылдағыштарды қоздыру тетіктері. 1. Әрбір қабылдағыш тітіркеудің белгілі бір түрлерін ерекше сезеді. Бұлар қабылдағыш ұғынуға бейімделген барабар (адекватты) тітіркенулер деп аталады.

2. Қабылдағыштардың қозғыштық қасиеттері тым жоғары болады. Алайда қабылдағыштар барабар емес тітіркенулерге де әсерленеді. Дегенмен бұл тітіркендіргішке олардың сезімталдығы өте төмен келеді.

3. Қабылдағыштар тітіркендіргіштер ұзақ уақыт әсер еткен кезде, оларға өте жылдам бейімделеді.

4. Қабылдағыштардың қозғыштығы тым тұрақсыз келеді. Оған қабылдағыштардың өзінде туатын өзгерістер, қабылдағыш құралдардың сезгіштігін өзгертетін орталық жүйке жүйесінің (ми қыртысы, торлы құрылым) ықпалы тиеді. Өйткені сигналдар табуда қабылдағыштардан тыс оған әрбір жүйке қабатының сезгіш нейрондары қатысады. Олардың әртүрлі қозғыштық қасиеті бар.

5. Қабылдағыштарда тітіркендіргіштің әсерінен мембрананың кейбір иондарға (әсіресе натрийге) өткізгіштік қасиетінің өзгеруі салдарынан жергілікті ағын пайда болады. Бұл құбылыс қабылдағыштың потенциал деп аталады. Ол жүйке талшықтарының, әрекет потенциалының негізін құрайды. Бұл потенциал көбінесе бірінші сезетін қабылдағыштарда кездеседі. Ол "түгел немесе түк жоқ" заңына бағынбайды, яғни тітіркендіргіш күшінің өзгерістеріне байланыс­ты болады. Егер тізбектелген тітіркенулер қолданылса, жалпы әсерлері жинақталады және жүйке талшықтарының бойымен өрістемейді.

6. Қабылдағыштық потенциал ұзаққа созылады. Кейбір қабылдағыштарда ол тітіркендіргіш әсер еткен мерзімге сай бірнеше минутқа дейін ұзақ уақыт сақталады. Мәселен, күретамырдың синусындағы қабылдағыштарда, қанның қысымына байланысты, бірнеше сағатқа созылатын потенциал жазылып алынған.

7. Қосымша қабылдағышы бар талдағыштардағы алғашқы сезгіш нейронның синапстан (түйіспеден) кейінгі потенциалы генераторлық (өндіргіштік) потенциал деп аталады. Егер генераторлық потенциал белгілі ауыспалы кезеңіне жетсе, қабылдағыштың жалғасы болатын сезгіш жүйке талшықтарында әрекет потенциалы туады. Генераторлық, потенциал шағын жерде пайда болады және өрістеген сайын бәсеңдейді, яғни декрементпен тарайды.

8. Қабылдағыштардың көпшілігі, тітіркендірусіз, кейде өздігінен медиатор бөліп, қозады. Бұл оларға сигнал туралы мәліметтерді орталыққа жеткізгенде серпіністі тек жиілетіп қана қоймай оны азайтуға да мүмкіндік туғызады.



Талдағыштың аралық бөлімі

Қабылдағыштардан келетін мәліметтерді өңдеуде талдағыштардың өткізгіш жолдарының мәні зор. Барлық талдағыштардың аралық бөліміне орталыққа тебетін сезімтал өткізгіш жолдар мен олар байланысатын орталық ядролар жатады. Мәселен, жұлынның өткізгіш жолдары, таламустың әртүрлі ядролары мен ми қыртысының белгілі аймақтары. Сонымен қатар торлы құрылым, лимбиялық (жиектік) жүйе және мишық қатысады.



Талдағыштың орталық бөлімі

Өткізгіш жолдар арқылы сезім ақпараттары ми қыртысының жобаланыс және ұласқан (ассоциативтік) аймақтарына жетеді. Ми қыртысында әрбір талдағыштың белгілі орны болады. Бұл орындарда жоғары анализ және синтез жасалады. Мәселен, көру талдағыш ми қыртысының көбінесе шүйде, қимыл - төбе, есту - самай аймақтарында орналасады. Сонымен қатар кейбір талдағыштардың (дене сезіну, есту, көру және ағзалық) ми қыртысының бірнеше қосалқы аймақтарында жобаланысы болатындығы анықталды.



Талдағыштардың үйлесімді қатынастары.

Организмнің икемделу әсерленісі көптеген және әр алуан сезім мүшелерінің өзара әрекеттесуі арқылы атқарылады. Олардың сыртқы қабылдағыш аппараттары барлық физиологиялық жүйелермен мол байланыс жасайды.

Қоршаған ортаның тітіркендірістерін сезінетін сыртқы қабылдағыштар жүйесі рефлекстік түрде барлық басқа мүшелерге әсерін тигізеді. Сонымен бірге ішкі ағзалардың күйін түйсіну іс әрекетіне ықпал етеді. Осындай өзара ықпал жасайтын байланыстар организмнің икемдейтін әсерленіс торын құрайды. Сондықтан сезім мүшелерінің арасындағы әрекеттестік (тері-көз, көз-тері және т. б.) бірлестіруші және талдағыш іс әрекетті ойдағыдай жоғары дәрежеде өткізеді, қоршаған төңіректе дұрыс бағдарланысты, жалпы биологиялық маңызы бар ертүрлі ағзалар мен жүйелердің арақатынасын анықтайды. Мәселен, иіс сезіну белсендірілгенде көру қабілеті күшейеді, ал дыбыс қабылдау өскен жағдайда, көру талдағышының сезгіштігі төмендейді.

Талдағыштар өзара әрекеттесу арқылы организмге қажетті ақпараттарды дер кезінде жеткізіп отырады. Сөйтіп әуелі биологиялық маңызды ісәрекетті ұйымдастырады.

Көру және температуралық талдағыштардың әрекеттестіктері қыртысасты құрылым деңгейінде атқарылады. Ал дәм сезу және асқазанның қабылдағыш жүйелерінің арасындағы әрекеттесуі сопақша ми деңгейінде өтеді.

Жалпы талдағыштардың өзара әрекеттесуі басқа да бірнеше деңгейлерде (жұлын, торлы құрылым, таламус, ми қыртысы) жүзеге асырылады. Әсіресе торлы құрылым нейрондарында сигналдар өте кеңінен бірлестіріледі.

Ми қыртысында сигналдардың жоғары сатыда бірлестірірілуі байқалады. Көптеген ми қыртысы нейрондарында талдағыштардың төменгі деңгейімен бірнеше байланыстары және бейарнамалы жүйелері болғандықтан жаратылысы әртүрлі сигналдардың күрделі қисындасуын аңғаратын қабілет туады. Бұл, әсіресе үлкен ми сыңары қыртысының қозғалтқыш аймағы мен ұласқан аймақтарының нейронда­рында кездеседі. Сезімаралық синтезде үлкен ми сыңарының маңдай бөлімі ерекше орын алады. Сондықтан ол бүлінсе, адамдарда күрделі бейнелеу қалыптаспайды.

Вебер-Фехнер заңы. Талдағыштардың сигналға талдау жасауда ең маңызды қабілеті - тітіркенудің үдемелі өзгерісін, уақыттық көрсеткіштерін немесе кеңістік белгілерін табу. Талдағыш жүйелердің сигналдарды ажырату әрекеті олардың қабылдағыштарынан басталады, оған қабылдағыштардың келесі бөлімдері қатысады. Бұлар тітіркенудің ең аз айырмашылығына әртүрлі әсерленісті қамтамасыз етеді. Осы ең аз айырмашылық ажыратудың алғашқы өлшемі (табалдырығы) болып саналады.

Ақпаратты жеткізу. Сезім жүйелерінің негізгі қызметтері немесе сигналдармен амалдауы: 1) табу; 2) ажырату; 3) өзгерту және жеткізу; 4) таңбалау (код ретінде белгілеу); 5) анықтау түрінде атқарылады.

Сигналдарды табу және алғашқы ажырату қабылдағыштарда, ал анықтау және тану ми қыртысының нейрондарында өтеді.

Мидың жоғарғы бөлігінде тітіркендіргіш туралы өте маңызды мәліметтер тез және тиісті талдау жасайтындай, әбден ыңғайлы түрінде жеткізіледі.

Талдағыш жүйелерінде сигналдар код арқылы, яғни әрбір нейронда немесе серпініс дүркінінің болуы, не жойылыуы түрінде беріледі. Код белгілі ережелер бойынша ақпаратты шартты түріне түрлендіріп аудару үрдісі.

Тітіркенудің алғашқы коды әуелі қабылдағыштар деңгейінде жүзеге асырылады. Оларға тән физикалық және химиялық энергиялар түрлі жүйке серпінісіне айналады. Сонымен түрлендірілген хабарлар талдағыштар жүйесінің келесі денгейіне жетіп коды одан әрі өзгереді. Физиологиялық кодтың басқа техникалық жүйелердегі байланыстарға қарағанда осындай ерекшеліктері болады.

Жүйке кодының екінші негізгі ерекшелігі - көптігі және код түрлерінің жапсарластығы. Бұл, әрине талдағышқа әрбір сигнал белгісін (мәселен оның қарқынын) бір мезгілде қабылдау үшін кодтың әртүрлі нұсқаларын қолдануына жағдай туғызады.

Код жеке нейрондар бойындағы серпіністің жиілігі, қозған элементтердің саны және жүйке қабаттарындағы орналасуы арқылы беріледі. Кодтардың әр біреуінің жеке мөлшері талдағыштың әртүрлі деңгейінде өзгеруі мүмкін, бірақ олардың косарлас жүруі сақталады.

Код арқылы жеткізудің тағы бір ерекшелігі - көптеген сезгіштік .жүйелердің ақпаратына шудың көп араласуы, яғни мәлімет тасушы серпіністерге бедерсіз серпіністердің қосылуы.

Жүйке кодының бұдан басқа тағы екі ерекшелігі бар. Біріншіден, организм сыртқы әсерді тез қабылдау үшін кодты жасау және жаңғырту жылдамдығы өте жеткілікті болуға тиіс. Екіншіден, жүйке кодын толығынан ми пайдаланады деп атау қиын. Өйткені әртүрлі хабарды қандай нейрондар қабылдап және қалайша код түріне айналдыратынын зерттеу әдістері әзірше табылған жоқ. Алайда талдағыштың осы деңгейінде анықталған код негізін келесі деңгейдегі нейрондар дәл пайдаланады деп айтуға болады.

Кодтың жеке түрлері.

1. Талдағыштың қыртысасты деңгейінде тітіркенудің "басы және аяғы" туралы уақыттық код сезімтал жалқы элемент арқылы жүзеге асырылады. Оның ерекшелігі сол, нейрон серпінісі тек тітіркендіргішті қосқанда не ажыратқанда, әйтпесе қарқыны өзгергенде пайда болады.

2. Мөлшері шамалы шеткі сезімтал жасушаларға тітіркендіргіштің көрсеткіштерін серпіністің жиілігі арқылы кодпен жеткізеді.

3. Ми қыртысы бөлімінде кездесетін жоғары сатыдағы код қатарлас жұмыс атқаратын жолдардың дәйекті түрде іске қосылуы, олардың саны өзгеруі және де айқындалып түрлендіруі арқылы жасалады.

4. Талдағыштың жоғары сатысында көбінесе тітіркендіргіштің, шеткі бөлімдеріне тән нышандарының уақыттық коды көбінесе кеңістіктегі айқындалыс кодқа айналады.

5. Талдағыштың шеткі бөлімінен шығатын мол ақпараттар орталық аймақка шектеліп және іріктеліп өтеді.



Сигналдарды тапқыштық (детекция) - тітіркендіргіштің белгілі биологиялық мәнін және жеке ерекшеліктерін іріктеп анықтаудың арнайы түрі. Мұндай талдау, өздерінің қасиеттеріне сай, тітіркендіргіштің тек белгілі көрсеткіштеріне әсерленетін қабілеті бар маманданған нейрондетекторлар арқылы атқарылады. Сондықтан ми қыртысы нәрселердің кескінін, белгісін танитын, барлық мүмкіндік бағдарын анықтайтын, әртүрлі күйін бағалайтын нейрондар жиынтығы - іріктеу жүйесінен тұрады.

Детекторлардың жайылуы иерархиялық (көпсатылы) негізден тұрады. Ол бойынша төменгі деңгейде қарапайым талдау жасайтын ар­найы белгі анықтағыштар орналасады. Ал, талдағыштың жоғары бөлімінде, әдетте, өте күрделі белгілердің анықтағыштары шоғырланады. Орталық жүйке жүйесінде берілген ақпаратты іріктейтін арналар латералды (қапталдас) тежелу тетігі арқылы қалыптасады.



Ақпаратты талдау. Мидың ақпаратты талдау қабілетінің негізгі қағидалары:

1. Ақпараттың тарамдалысы және түйістірілісі. Тарамдалыс (дивер­генция) ақпаратты шайылтады, түйсіктің дәлдігін төмендетеді, сигналды айқындамайды. Түйістіріліс (конвергенция) ақпарат тасқынын тарылтады.

2. Ақпараттық суреттелісі - мидың белгілі бір аймағында кескінін құрастырады (соматотопия, ретинотопия).

3. Нейрондардың мамандылысы, тітіркендірістің жеке белгілерін немесе жиынтығын талдайды.

4. Нейрондардың райын сақтау - әрбір әсердің жеке қасиеттерін ажыратады.

5. Ақпаратты салалы өңдеу - мидағы әрбір салада (колонка) белгілі бір қасиетті анықтауға мамандалған нейрондардың топтасуы. Әсер етуші тітіркендіргіштердің ерекшеліктері, ренктерін жіті қабылдайды (дегустация).

6. Ақпаратты ұластыру (ассоциация) түрінде өңдеу - әртүрлі талдағыштардың өзара әрекеттесуі ми қыртысының ұласқан аймақтарында жүзеге асады.

Бұл болмаған жағдайда көру, есту, түйсіну елестері пайда болады, өйткені әрбір талдағыш бір-бірінен тәуелсіз қызмет атқарады. Ми сезім мүшелерінің қателіктерін түзетіп, сыртқы әлемді нақтылы бейнелеуге мүмкіндік алады.



Бейнелерді тану - талдағыштың ең соңғы және өте күрделі қызметі. Ол организмнің бұрын кездескен нәрселерді топқа бөліп, бейнелерді жіктеу қабілеті. Бұл бұрынғы сезімдік сигналдарды іріктеуші -нейрондар жіктегеннен соң өңдеу негізінде және оларды ажыратып, талдау жасағаннан кейін байқалады.

Тану амалдарының міндеті мида "тітіркендіргіштің үлгісін" жасап, оны басқа көптеген ұқсас үлгілерден айыру болады. Тану үрдісі организмнің күйі немесе кездескен нәрселер туралы шешім қабылдаумен аяқталады. Ол үшін нейрондардың белгілі кеңістікте байланысқан ұйымдары (жоғары анықтағыш) қозғанда, мида сол немесе басқа бейне туады деген ұғым бар. Расында, осындай тану арқасында, біз алдымыздағы адамды, естіген дауысты, белгілі иісті ажырата аламыз.

Тану сигналдың өзгергіштігінен тәуелсіз келеді. Біз, мәселен, заттарды әртүрлі жарықта, бояуда, көлемде, ыңғайда, бағдарда және көз шалымындағы орнына қарай жете танимыз. Сол сияқты таныс дауыс әралуан күші болса да, басқа дыбыстар араласса да, сөздің мәні, үні мен қарқынының көптеген өзгерістеріне қарамастан танылады.

Бұдан талдағыштың кейбір жоғары деңгейінде сигнал белгілерінің аталған өзгерістері мен тәуелсіз олардың суреттері (сезімдік бейнесі) көрінетіндігі белгілі болды. Бұл талдағыштың жоғары деңгейінде қозу және тежелу үрдістерінің кеңістіктік-уақыттық таратылуын ұқсас кескіндейтін сигналдарының жиынтығы.


Илюстрациялы материал Д-МІ-13

Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

  1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

  2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

  3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

  4. Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

  5. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

  1. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

  2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов,МИА, 2002, 957 с.

2.Физиология человека, В.М. Покровский, Г.Ф. Коротько, М., 2004.

3. М.Р.Сапин, Г.Л.Билич Анатомия человека: Учеб. для студ. биол. спец. вузов. -М., Высшая школа, 1989. - 544 с.

4. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.«Физиология с основами анатомии человека». А.В.Логинов, 1983 .

Қосымша:


  1. 1.«Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

  2. 2.«Руководство к практическим занятиям по физиологии человека с основами анатомии» М.Ф. Румянцева и др., Москва, «Медицина», 1986 .

  3. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .

  4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

  5. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов. Под ред. А.А. Утепбергенова, Д.А. Адильбековой, Шымкент, 2006, 66 с.

  6. Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .

  7. Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.

  8. В.Я. Липченко, Р.П.Самусев Атлас нормальной анатомии человека: Учебное пособие.-2 изд., перераб. и дополн.-М.Медицина, 1988. 320 с.

  9. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет