ДӘрістердің комплексі fis 1203


Сілекейдің шығуы және оның реттелуі



бет9/14
Дата24.02.2016
өлшемі1.42 Mb.
#16040
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Сілекейдің шығуы және оның реттелуі

Сілекей мөлшері мен құрамы жеген тамақтың физикалық қасиеттеріне байланысты. Кептіріп, ұнтақтаған ет, кепкен нан, талқан жеген кезде сілекей көп болып бөлінеді. Сүт ішкен сәтте шұбырған (муцині көп болғандықтан) сілекей шығады.

Тамақтық қасиеті жоқ кейбір заттар, мәселен, құм, қышқылды зат ауызға түссе де сілекей шұбырады. Мұның мәні сілекей ауыз ішіндегі сол заттарды жуып-шайып жібереді, қышқылды сұйылтады.

Сілекейдің құрамы мен көлемі тағам түріне, қасиетіне байланыс­ты, демек, бұл бездердің қызметін орталық жүйке жүйесі реттеп отырады.

Сілекей бездерінде парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер тарамданған. Парасимпатикалық жүйкенің бірінші нейрондарды сопақша мида, оның сілекей шығару орталығында орналасқан. Парасимпатикалық жүйке талшықтары (n.chorda thympani), жақ, тіласты (n.glossopharingeus) және шықшыт бездеріне дейін, бет (n.facialis) және құлақшеке (n.auriculotemporalis) жүйкелеріне ілесіп, сілекей бездеріне жетеді.

Симпатикалық жүйкенің бірінші нейрондары жұлынның көкірек бөлімінде, оның II-VI сегменттерінің бүйір ашасында орналасқан. Сол нейрондардың жүйке талшықтары жоғары мойын жүйке түйнегінен (ганглийден) өтіп сілекей бездеріне таралады. Парасимпатикалық жүйке ұшынан ацетилхолин медиаторы, симпатикалық жүйкеден адреналин бөлініп шығады. Парасимпатикалық жүйкені тітіркендірсе, көп мөлшерде құрамында органикалық заттары аз, бірақ бейорганикалық заттары көп сұйық сілекей, ал симпатикалық жүйке тітіркендірілсе, құрамында органикалық заттары көп, қою, аз көлемді сілекей шығады. Сонымен парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелердің екеуі де секрециялық (сілекей шығаратын) жүйкелер болып табылады. Сілекейдің құрамы, оның мөлшері осы екі түрлі жүйке орталығының қозу дәрежесіне (күшіне) байланысты.



Сілекейдің бөлінуі. Сілекей негізінен рефлекстік жолмен бөлініп шығады. Ол шартты және шартсыз рефлекстер арқылы сілекей шығару болып екіге бөлінеді.

Шартты рефлекс бойынша сілекей тағамның өзіне таныс белгілі бір түрін көрген, оның иісін сезген кездерде, дәмді тағам еске түскен сәтте, яғни тағамның тікелей қатысынсыз, ас ауызға түспей тұрып бөлінеді. Шартты рефлекс кезінде ауыз қабылдағыштары тітіркенбейді (қозбайды), бірақ көз, дыбыс, иіс қабылдағыштары мен еске алу нейрондары қозады. Қабылдағыштардан шыққан сигналдар ми қыртыстарына жетеді, одан әрі сопақша мидағы сілекей бөлдіруші орталыққа барып, оны қоздырады. Осы орталықтан кері қайтқан парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер, яғни сөл шығарушы жүйке талшықтары сілекей бездеріне оралады да, ауыздан сілекей бөлінеді. Сілекей шығарудың осы механизмі іске асу үшін, шарт­сыз рефлекс, айталық, тамақ ішу, тамақтың иісін сезу т.б. бірнеше рет қайталанып шартты рефлекске айналуы керек.

Шартсыз рефлекс тағам ауызға түскен сәттен басталады. Ауыздағы ас көптеген қабылдағыштарды тітіркендіріп, бет, тіл-жұтқыншақ, үшкіл кезеген жүйкелердің жұлын-миға қарай тебетін (афференттік) талшықтары мидағы сілекей орталығын қоздырады да эффренттік талшықтары арқылы сілекей бездерінің сілекей шығару қабілетін күшейтеді.

Сілекей шығаруға орталық жүйке жүйесінің басқа да бөлімдері -ми қыртысы, гипоталамус, лимбиялық қыртыс қатысады. Сілекейдің бөліну бөлінбеуі көптеген жағдайда көңіл күйге (эмоцияға) байла­нысты болатыны осыдан.

Сілекей бездері қызметінің рефлекстік жолмен реттелуі гомеостазға тығыз байланысты. Адам денесінде су азайса (дегидратация) сілекей де аз шығады (гипосаливация). Бұл да сілекей бездері қызметін реттеуге мидағы басқа орталықтардың қатысын көрсетеді.

Сілекей без жасушаларында түзіледі. Оның сұйық бөлімі қан плазмасынан алынады, ал құрамындағы әсіресе органикалық заттар без жасушаларының активті қызметінің нәтижесі.



Шайнау

Ауызға келіп түскен ас шайналып ұсақталатыны, сілекейге шыланып жұмсаратыны, осыған орай адам астың дәмі, сапасы туралы түсінік алатыны жоғарыда айтылды. Ас кесегін асықпай шайнау, оны әбден жұмсарту тағамның қарында одан әрі қорытылуын жеңілдетеді, мұның арқасында, қарынның шырышты қабығы (ішкі беті) жа­ра қаттанбайды, мұнымен қатар ас қорыту жүйесінің (сөл шығару, жиырылу) қызметтері тыныс алу, қан айналу қызметтеріне де әсер етеді.



Шайнау шартты, шартсыз рефлекстер арқылы шайнау еттерінің қатысуымен іске асырылады, бұл жақ қимылының нәтижесі. Ауызға түскен тамақты шайнауға, жақ еттерімен қатар, тіл және бет еттері де катысады. Ас кесегі ауыздағы қабылдағыштарды тітіркендіргенде, олардан шыққан қозу сигналдары афференттік жүйке талшықтарының бойымен сопақша мидағы шайнау орталығына жетеді де, торлы құрылым мен көз төмпешіктері арқылы ми сыңары қыртысының қозғалтқыш аймағында орналасқан шайнау еттерін жиырушы нейрондарды тітіркендіреді. Жақ сүйек жоғары көтеріліп, алға-артқа, солға-оңға немесе оңнан-солға қарай жылжып, төменгі жоғарғы тістер айқасып, ас кесегін ысқылап, ұсатады. Сілекейге шыланған асты тіл әрлі-берлі аударып, араластырып жинап жұтуға даярлайды.

Жұту - рефлекс арқылы іске асырылатын күрделі үрдіс. Жүтқыншақтың шырышты қабығына кокаин жағып, оның қабылдағыштарын жансыздандырса, яғни олардың тітіркену қабілетін жойса, адам аузындағы асын жұта алмай, қақалып-шашалады. Шайналған ас жұтуға даяр болысымен сопақша мида орналасқан үшкіл, тіл-жүтқыншақ, жоғарғы кезеген жүйкелер арқылы келіп жеткен серпіністер жұту орталығын тітіркендіреді де, тікелей жұту үрдісіне қатысатын еттерді белгілі бір тәртіппен жиырылтады. Жұту үрдісі бірінен соң бірі басталатын бірнеше рефлекстерден тұрады, осыған орай ол ауыз, жұтқыншақ және өңеш деп 3 кезеңге бөлінеді.

Ауызда шайналып бапталған асты адам өз еркімен жұтуға даяр­лайды. Көлемі 5-15 см3-дей ас кесегі шайналып бапталған соң, тілдің және ұрт еттерінің итермелеуімен тілдің үстіне қарай жылжытылады. Одан әрі тілдің түбірі көтеріліп ас кесегін тандайға тақап қысады да тандай доғасына, сонсоң жұтқыншаққа қарай ысырады, сөйтіп ауыз ішін жұтқыншақтан бөліп тастайды.

Жұтқыншаққа ас кесегі өткен кезде алдымен жұмсақ тандай мен тілшік, жұткыншаққа қарай көтеріледі де, оның мұрын бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды, сөйтіп жүтынған сәтте ас кесегінің мүрынға өтіп кетуіне кедергі жасалады. Мұнымен қатар көмекей көтеріледі. Тіл түбірі жұтқыншаққа өткен ас кесегімен көмей қақпақшасын үстінен басады да көмейді жауып тастайды. Одан әрі ас кесегі өңешке қарай жылжиды. Дәл осы кезде жұтқыншақ көтеріліп, өңештің кіреберісіндегі сфинктер босаңсып жазылады да оңеш ашылады. Сөйтіп ас кесегі өңешке барып түседі. Өңештің жиырылып, жазылу қимылымен (перистальтика) 6-8 секунд ішінде ас қарынға жетеді. Қарын кіреберісіндегі сфинктер босаңсып ашылады да ол қарынға өтеді.
Илюстрациялы материал Д-МІ-8

Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:

  1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

  2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

  3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

  4. Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

  5. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

  1. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

  2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов,МИА, 2002, 957 с.

2.Физиология человека, В.М. Покровский, Г.Ф. Коротько, М., 2004.

3. М.Р.Сапин, Г.Л.Билич Анатомия человека: Учеб. для студ. биол. спец. вузов. -М., Высшая школа, 1989. - 544 с.

4. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.«Физиология с основами анатомии человека». А.В.Логинов, 1983 .

Қосымша:


  1. 1.«Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

  2. 2.«Руководство к практическим занятиям по физиологии человека с основами анатомии» М.Ф. Румянцева и др., Москва, «Медицина», 1986 .

  3. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .

  4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

  5. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов. Под ред. А.А. Утепбергенова, Д.А. Адильбековой, Шымкент, 2006, 66 с.

  6. Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .

  7. Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.

  8. В.Я. Липченко, Р.П.Самусев Атлас нормальной анатомии человека: Учебное пособие.-2 изд., перераб. и дополн.-М.Медицина, 1988. 320 с.

  9. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.


Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Асқазан секрециясының негізгі фазаларын атаңыз.

  2. Асқорытудың қабырғалық механизмін түсіндіріңіз.

  3. Тоқ ішекте қандай заттар сіңіріледі?

  4. Жұтынудың негізгі фазаларын атаңыз.

  5. Қандай фазада қарын секрециясы иіс сезу жауабын тағамның асқорыту шырынында қорытады?



«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Қалыпты физиология кафедрасы
9 Дәріс.
Дәріс тақырыбы: Асқазан ішек жолының қызметін зерттеу әдістері.

Мақсаты: АІЖ моторикасының механизмінің реттелуін түсіндіру, АІЖ зерттеу әдістемелерін үйрету.

Дәріс тезисі:

Асқорытуды зерттеу әдістері

Физиология ғылымының дамуында түрлі қызметтерді зерттеу, осыған лайық әдістер іздеу үлкен роль атқарады. Кезінде талдау (анализдік) физиологиясы әдістерінің бірі - вивисекция әдісі кеңінен қолданылған. Мұның нәтижесінде қан айналысы физиологиясы тарапында құнды материалдар жиналды, бірақ бұл әдіс ас қорыту физиологиясын зерттеуге жарамайтыны байқалды. Мәселен, лабораториялық жануарды наркоз беріп ұйықтатып, оның ас қорыту безіне түтік қойып бірнеше тамшы сөл алуға болады, сондай-ақ ішек-қарыңды жарып жіберіп, ас қойыртпағын, ішек-қарын сөлін алу да қиын емес. Бірақ мұндай сөл таза емес, асқорыту үрдісі жайлы тұжырым жасауға мүмкіндік бермейді.

Асқорыту ағзаларының аурулары өте жиі кездеседі. Көптеген зерттеушілер адамның ішек-қарынынан таза сөл алып, оның ас қорытудағы мәнін білуді арман етті. Мысалы, Рюмер адамның қарын сөлін зерттеу үшін бір кесек губканы жіпке байлап зерттелетін адамға жұтқызды, біраздан кейін губканы жіппен тартып сыртқа шығарып, оның сығындысын (алынған сөлді) зерттеді.

Канада дәрігері Боумон 8 жыл бойы ішінен жараланған мергеннің қарын қуысын түтік (фистула) арқылы терімен жалғастырып, жиналған қарын сөлінің құрамын зерттеп, ол туралы түңғыш рет мәлімет алды.

1842 жылы Москва университетінің профессоры Басов итке опера­ция жасап, оның қарнына қойылған фистула арқылы ас қойыртпағы араласқан қарын сөлін жинап, оны зерттеді. Бұл операцияны өте жоғары бағалаған И.П. Павлов кейін итке эзофаготомия (өңешті кесіп, оның екі ұшын сыртқа шығару) операциясын жасап, жалған тамақтандыру әдісін ұсынды. Таза қарын сөлін жинап, оның құрамын анықтады, бұл сөлдің адам қарнының сөлінен айырмашылығы жоқ екенін делелдеді.

Сонымен ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеуде бірден бір тиімді әдіс - И.П. Павлов ұсынған фистула қою. Фистула қою әдісі ас қоры­ту физиологиясын жаңаша дамытуға жол ашып, бұл тарапындағы әйгілі еңбектері үшін И.П. Павловқа Нобель сыйлығы берілді.

Фистула дегеніміз белгілі бір ағзаның қуысын немесе бездің түтігін сыртқы ортамен байланыстырып тұратын өзек. Фистула салу үшін белгілі бір жануар түріне, айталық, итке наркоз беріп, антисеп­тика және асептика талаптарына сәйкес операция жасап, ағза қуысын немесе без түтігінің ұшын сыртқа шығарып тігіп қояды. Осы мақсатпен кейде арнайы фистула түтігі қолданылады. Физиологиялық тәжірибе жасау үшін ит тек жарасы жазылған соң пайдаланылады. Фистула қою әдісі иттің қоректеніп жатқан кезде қарын сөлін таза күйінде жинауға, сөл құрамының тағам түріне қарай қалай және каншалықты өзгертетінін білуге мүмкіндік береді. Фистула қойылған итті (жануарды) бір рет емес, ұзак уақыт, мәселен, айлар бойы пайдалана отырып, ас қорыту ағзаларының сөл шығару қабілетін, жиырылу-жазылу қасиетін, ас сіңіру дәрежесін бірден бір дәл анықтауға болады.

Мәселен, И.П. Павлов лабораториясында асқорыту жолының әрбір бөлімін тексеру үшін әртүрлі операциялар ұсынылды. Астың ауызда қалай қорытылатынын зерттеу үшін белгілі бір сілекей безі түтігінің бір ұшы сыртқа шығарылды. Қарын сөлін жинап алып зерттеу үшін Басов әдісімен иттің қарнына фистула қойылады да оның өңешінің екі ұшы сыртқа шығарылады (эзофаготомия - "жалған тамақтандыру" тәжірибесі). Иттің үлкен қарынынан кіші карынды бөліп алады да, Гейденгайн, Павлов әдістерімен кіші қарын сөлін жинап алады. Ұйқы безінің сөлін, сондай-ақ өт шығару үрдісін зерттеу үшін сол бездің өт түтігінің 12 елі ішекке ашылған жерінен айнала ішек қабырғасын тіліп жібереді де, 12 елі ішектің кіші бөлігі мен түтік аузын сыртқа шығарады. Өт түзілуін зерттеу үшін фистула түтігін өт қабымен жалғастырады. Аш ішек қызметі Тири- Велла фистуласы арқылы зерттеледі.

Адамның сілекей бездері жеке-жеке зерттеледі, сілекейді Лешли-Красногорскийдің капсуласы арқылы жинауға болады.

Адам қарнының сөлі зонд арқылы алынады. Зонд жұтудан 30-40 минут бұрын адамға Боас-Эвельд тамағы (50 г ақ нан - 1 стакан шәй) беріледі.

Қарын қимылы қарын биотогін электрогастромиография әдісімен жазып алу арқылы зерттеледі. Ол үшін аппарат датчиктері адамның құрсақ терісіне бекітіледі.

Асқорыту ағзаларының қимыл әрекеті рентген сәулесімен (рент­геноскопия, рентгенография, рентгенокимография) зерттеледі. Шайнау кезінде пайда болатын жақ еттерінің биотогі электромиография арқылы, жақтың шайнау қимылы мастикациография арқылы жазып алынады.

Ішек-қарынның сөл шығару қызметі мен қимыл әрекеті радиоте­леметрия әдісімен зерттеледі. Алдымен адамға радиомагниттік гене­ратор - радиопилюля (диаметрі шамамен 1 см) жұтқызылады. Іштегі радиопилюлядан тараған электромагниттік толкындар сырттағы датчиктер меп радиоқабылдағыш антенна арқылы ұсталып аппарат құрамындағы жазу құралы арқылы сөлдің қышқылдығы (рН), температурасы, басқа да өзгерістер жазып алынады.

Эндоскоппен қарау (эндоскопия) үшін ауыз, жұтқыншақ, өңеш арқылы қарын мен он екі елі ішекке арнайы құрал - эндоскоп енгізіледі де соның комегімен қарынның ішкі құрылысын көруге, суретін салуға және биопсия әдісімен қажет материал алуға болады.

Радиоактивтік изотоп арқылы қоректік заттардың сіңу дәрежесін, мәселен, изотоппен белгіленген белок пен май молекулаларының үлгісін пайдалана отырып, бұл заттардың ыдырау, сіңу ерекшеліктерін білуге болады. Ал ультрадыбыс пен сканирование жасап дертті үрдістің қай жерде қалай орналасқанын анықтауға болады.
Илюстрациялы материал Д-МІ-9

Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:


  1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

  2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

  3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

  4. Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

  5. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

  1. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

  2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов,МИА, 2002, 957 с.

2.Физиология человека, В.М. Покровский, Г.Ф. Коротько, М., 2004.

3. М.Р.Сапин, Г.Л.Билич Анатомия человека: Учеб. для студ. биол. спец. вузов. -М., Высшая школа, 1989. - 544 с.

4. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.«Физиология с основами анатомии человека». А.В.Логинов, 1983 .

Қосымша:


  1. 1.«Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

  2. 2.«Руководство к практическим занятиям по физиологии человека с основами анатомии» М.Ф. Румянцева и др., Москва, «Медицина», 1986 .

  3. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .

  4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

  5. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов. Под ред. А.А. Утепбергенова, Д.А. Адильбековой, Шымкент, 2006, 66 с.

  6. Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .

  7. Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.

  8. В.Я. Липченко, Р.П.Самусев Атлас нормальной анатомии человека: Учебное пособие.-2 изд., перераб. и дополн.-М.Медицина, 1988. 320 с.

  9. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.


Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Асқазан секрециясының негізгі фазаларын атаңыз.

  2. Асқорытудың қабырғалық механизмін түсіндіріңіз.

  3. Тоқ ішекте қандай заттар сіңіріледі?

  4. Жұтынудың негізгі фазаларын атаңыз.

  5. Қандай фазада қарын секрециясы иіс сезу жауабын тағамның асқорыту шырынында қорытады?


«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Қалыпты физиология кафедрасы
10 Дәріс.
Дәріс тақырыбы: Зат және қуат алмасу.

Мақсаты: ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар және ағзадағы судың алмасуының реттелуі және негізгі кезеңдері туралы түсінік беру. Номо-грамма және спирометаболитикалық сызғышы бойынша негізгі алмасуды анықтай және анализдей білу. Физикалық және химиялық жылу реттеліс меха-низмдерін жайлы білім беру; изотермия, қызба және гипертермия ұғымын ұғу, құрастырылу білімін беру және дененің температуралық схемасын анализдей білу. Клубочкалы фильтрация, канальді реабсорбция және канальді секреция механизмдерін түсіндіру, соңғы несептің түзілуі және кері айналдыра ағызу жүйесінің механизмдерін түсіндіру, соңғы несеп құрамын анализдей білу.

Дәріс жоспары:

Зат және қуат алмасу туралы ұғым.

Ақуыз, май, көмірсу алмасу

Азоттық тепе-теңдік



Дәріс тезисі:

Зат алмасуы организм тіршілігінің аса маңызды белгілерінің бірі. Ол ғұмыр бойы жүретін өзара байланысқан екі үрдістен тұрады: ас­симиляция - жасушалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі); диссимиляция - зат алмасуына қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы. Күрделі химиялык заттар тотыққан сәтте олардан потенциалдық энергия босап шығады да кинетикалық энергияға, айталық механикалық, электр энергиясына, ақырында бұлардың бәрі жылуға айналады. Бұл энергия жасушада жаңа заттар түзілуіне, жасушалар мен ағзалардың, ағза жүйелерінің, тұтас адам денесі атқаратын қызметтеріне жұмсалады. Жасушалар құрылысы мен энергия қорының байырғы қалпына келуі және бүкіл дененің өсіп-дамуы үшін қажетті мөлшерде оларға сырттан қоректік минералды заттар, витаминдер мен су уақытында келіп түсуі шарт. Тіршіліктің көзі - тағам (тамақ), оның сапасы, мөлшері, құрамындағы қоректік заттар, олардың арақатынасы дене мұқтаждығын қамтамасыз етіп түруы қажет. Денедегі тотығу өнімдері, әсіресе белок өнімдері көбінесе уытты келеді. Арнайы ағзалары арқылы организм олардан уақытында арылып отырады.

Зат алмасуы тағамның, оның құрамындағы қоректік заттардың асқазанға келіп түсуінен басталады. Онан соң олар қорытылып, дене­ге сіңеді, жасушаларда ассимиляция және диссимиляция үрдістері өтеді, шығару ағзалары арқылы тотығу өнімдері сыртқа шығарылады. Бұл - жалпы зат алмасуы. Ал жасуша ішінде өтетін зат алмасуы (аралық алмасу) - негізінен химиялық үрдіс, оны биохимия зерттейді. Физиология қоректік, минералды заттар мен су алмасуының жалпы мәселелерін, олардың реттелуін қарастырады. Мұнымен бірге, физи­ология зат алмасуының көрсеткіштерін зерттеу әдістерін іздестіреді, сондай-ақ тиімді тамақтану негізін зерттейді.

Белок алмасуы

Белок - денеге қажет аса маңызды қоректік зат әрі жасуша негізін құратын құрылыс материалы. Қоректік заттар түзілуі, ыдырауы ферменттердің қатысуымен өтеді. Ал ферменттер түгелдей белоктардан тұрады. Қанда газдар (О2, СО2) тасымалдайтын гемоглобин де белокқа жатады. Адамның жүріп-түруы, бір жерден екінші жерге жылжуы ет құрамындағы белоктар миозин мен актин талшықтарына байланысты. Адам денесін індеттен қорғайтын гуморальдық иммунитет құрылымдар негізін құратын антиденелер де белоктан тұрады. Қан ұюына қатысып денені қансыраудан сақтайтын плазмалық фибрино­ген де - белок. Дене қызметін қан арқылы реттейтін гормондардың көбі белок. Белок - қуат қоры. 1 г белок тотықса, денеде 4,1 ккал, яғни 17,17 килоджоуль жылу пайда болады.

Азот тепе-теңдігі. Ас пен бірге асқорыту жолына түскен, содан соң денеге сіңген азоттың мөлшері несеп, тер және нәжіс арқылы денеден шығатын азоттың мөлшеріне тең болса, бұл азот тепе-теңдігі деп аталады. Белок құрамында орта есеппен 16% азот болады, яғни 6,25 г белокта 1 г азот болады. Тамақ пен бірге ас қорыту жолына түскен азот мөлшерін білу үшін ондағы белок мөлшерін анықтап, оны 6,25-ке бөлу керек, мәселен, жеген тамақтың құрамында 112,5 г белок болса, оны 6,25-ке бөледі (112,5:6,25=18 г). Сонда 112,5 белок­та 18 г азот болғаны. Бұдан нәжістегі азотты алып тастаса, қанға сіңген азоттың мөлшері шығады. Нәжіс, несеп, тердегі азоттың мөлшері химиялық анализбен анықталады. Демек, денеге сіңген азот мөлшерін білу үшін алдымен тамақтағы азот мөлшерін анықтайды да, одан нәжістегі азот мөлшерін алып тастайды. Ал денеден аласта-тылған азот мөлшерін табу үшін несепке ілесіп шыққан азот мөлшеріне термен бірге шыққан азот мөлшерін қосу қажет.

Көмірсу алмасуы

Адам (жануар) денесінде көмірсу энергия көзі. 1 г көмірсу тотықса 4,1 ккал (17,17 кДж) энергия бөлініп шығады. Көмірсу тез тотығады, оның денедегі қорынан босап шығуы оңай, сондықтан ол, әсіресе кенеттен өте шапшаң қимыл жасап, көбірек энергия жұмсарда пайдаланылады.

Көмірсу денеге тағаммен бірге келіп түседі, кейде май мен белоктан түзілуі мүмкін. Адамға тәулігіне 450-500 г-дай көмірсу қажет. Ауызда, ішек-қарында көмірсу (полисахаридтер) сілекей мен ұйқы безінің амилаза ферментінің, ұйқы безі мен ішек сөліндегі мальтаза, лактаза, сахараза ферменттерінің әсерімен ыдырап, моносахаридтерге айналады. Ішектің бастапқы бөлігінде олар глюкоза, галактоза күйінде қанға сіңеді. Олар ішек эпителиінің апикальды жағынан ішіне қарай Na+ ионының қатысуымен жасуша энергиясын пайдалана отырып, ал эпителийдің базальды мембранасынан қанға заттың грандиентіне сәйкес жай диффузия арқылы өтеді. Осылайша сіңген глюкоза қақпа венасы арқылы бауырға жетеді, мұнда ол гликогенге айналып қор ретінде сақталады. Ас қорыту барысында осы вена арқылы бауырға 150-200 г-дай глюкоза келіп түсуі мүмкін. Мүндай жағдайда бауырдан шығып жалпы қан айналысына іліккен глюкоза мөлшері уақытша көбейеді де алиментарлық (астан болған) гипергликемия тууы мүмкін. Әдетте қанның әрбір литріне 3,5-5,8_ммоль глюкозадан келеді. Ол көбейіп 8-10 ммоль-ге жетсе, несепте қант пайда болады(глюкозурия). Қанда қант деңгейі 2,8-2,2 ммоль7л-ге дейін азайса, гипогликемиялық кома басталады, адам есінен айырылып, сандырақтайды, өзінен-өзі құрысып, тырысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет