ДӘрістердің комплексі fis 1203



бет14/14
Дата24.02.2016
өлшемі1.42 Mb.
#16040
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Эмоция

Адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі-эмоция (лат. emavere — күйзелу, қобалжу). Эмоция мінезді бағыттау және жүзеге асыру амалдарын жасайтын мотивацияның құрамында маңызды орын алады. Ол сыртқы әсерлерден, ретсіз ұйымдастырылмаған түрде пайда болады.

Эмоцияның бірнеше түрі бар. Биологиялық эмоция - әртүрлі тіршілік (ашығу, шөлдеу т.б.) мұқтаждықтарын қанағаттандыру не­месе өтей алмау әрекеттерімен байланысты болады. Жоғары эмоция - әралуан рухани (әлеуметтік, танымдық, әсемдік) әрекеттерінен туа­ды. Кідірген эмоция - жеке адамның кейбір себептерімен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байқалады. Жаәымсыз эмоция - қандай болса да бір қажеттілік қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі. Жағымды эмоция - мұқтаждық қанағаттандырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік.

Эмоция құбылыстары аффект (долданыс), нағыз эмоция және сезім түрінде кездеседі. Аффект - айқын қимылдар ағза көріністерімен қоса жүретін күшті және біршама қысқа мерзімді эмоциялық күйзеліс күйі. Ол жүріп жатқан тіршілік немесе әлеуметтік жағдайда кездеседі.



Нағыз эмоция ұзақ уақыт және әлсіз түрде білінеді. Ол бастан кешкен немесе болашақты елестету арқылы туады. Эмоцияның үшінші түрі - заттық сезімдер. Олар кейбір белгілі немесе дәйексіз нәрселерді (мәселен, махаббат, отанды сүю, өшпенділік т. б.) елестету не­месе ойлау арқылы пайда болады.

Заттық сезімдер тиянақты эмоциялық қатынасты көрсетеді. Эмоциялық көтеріңкілік сәтте адамды шабыт, нұрлану, жаңалық ашу, шығармашылық қуанышы билейді. Мұндай сезініс күйі - адамның рухани және дене күшінің ең жоғары көтеріңкі сатысы.

Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық күйзеліс және эмоциялық, көрініс іспетті әсерленістерден тұрады. Эмоциялық күйзеліс деп организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін өзіндік сезінісін айтады. Организмнің дене сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық көрініс деп атайды. Эмоциялық көрініс әртүрлі: симпатикалық жүйке қатты қозғағандықтан жүректің қызметі жеделдейді, қанның қысымы көтеріледі, газ алмасу өседі, тыныс кеңейеді, организмде тотығу және энергия құбылыстарының қарқыны артады. Қанда, сілекейде, несепте катехоламин, пептидтер жене глюкоза мөлшері көбейеді.

Бұлшықет тонусы өсіп, көз қимылы жиіленеді, терінің түктері үрпиеді, эмоциялық қозу кезінде организмнің бүкіл қосалқы мүмкіндіктері жедел жұмылдырылады. Сонымен қатар тіпті қарқынды ісәрекеттің өзінде, оның әлі де зор пәрменді мүмкіншіліктері сақталады. Бұлар тек төтенше жағдайларда, эмоциялық зорлану кезінде тұтынылады.

Эмоция кезінде адамның өзіндік күйі өзгереді. Оның парасаттық қабілеті, зердесі сезімтал, қоршаған орта әсерлерін жіті қабылдайды.

Эмоциялық күйзелістің тіршіліктегі негізгі мәні адам мен жануарларға өзінің ішкі жағдайын, пайда болған мұқтаждығын, тез бағалауға, оны толық қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, ол организмдегі бейнелеуші (бағалаушы), ізденуші, нығайтушы, реттеуші, байланыстырушы әрекеттерді ұйымдастырады.

Эмоцияның бейнелеуші әрекеті оқиғаларға жалпы баға береді. Орга­низм өзінің бүкіл әрекетін бірлестіру арқасында, оған әсер етуші тітіркендіргіштің жағымды немесе жағымсыз жақтарын тез анықтайды. Адамның сезініс қабілеті дара күйзеліспен қатар, өзара қоса әсерленушілік арқылы қалыптасады.

Эмоцияның ізденуші түрі мақсат пен ниетке байланысты білінеді. Ол жетекші және жағдайлық болып екіге бөлінеді. Жетекші эмоциялық күйзеліс - мұқтаждықты қанағаттандыратын мінездік мақсатқа бығытталады. Жағдайлық эмоциялық күйзеліс мінездің кейбір кезеңдерін бағалаудан туады. Ол нәтижеге қарай мақсатқа жету үшін мінез-құлықты не жалғастырады, не өзгертеді.

Эмоцияның нығайтушы әрекеті арқылы тәлім және зерде үрдістеріне қатысады. Эмоциялық әсерленістер тудыратын маңызды уақиғалар тез және ұзақ уақытқа зердеде сақталады. Мұны әрбір шартты рефлекс қалыптасар кезде байқауға болады. Оның алғашқы жалпылама сатысын - эмоциялық сатысы дейді. Дәл осы кезде организмнің вегетативтік саласы ерекше жұмылдырылады. Өйткені белгісіз жайларда үстемді әсерлену тиімді келеді.

Эмоцияның реттеуші немесе аударақосушы әрекеті үстемді мұқтаждықты анықтайтын себептердің бәсекесінде айқын көрінеді. Ол үрей мен міндет, қорқу мен ұяттық сезімдер таласында байқалады. Мүның ақыры ниеттің күшіне адамның тілегіне және еркіне бай­ланысты болады.

Эмоцияның байланыстырушы әрекеті ымдау, қол сермеу, дене қимылы, кейпі, мәнерлі күрсіну, дауыс ырғағын өзгерту арқылы серіктеріне сезініс түрін білдіреді. Мұның айғағын эмоциялық күйлердің ирасындағы қарама-қарсылықтан байқауға болады. Мәселен, қуаныш пен қайғы, ашу мен үрей, ынта мен жеркену, ұят пен жек көру, сүйсіну мем күйіну сезімдері белгілі сипаттармен айқындалады.



Мотивация. Мотивация тіршіліктік және әлеуметтік болып бөлінеді. Ол түрлі сезімдерге организмнің ішкі жетекші қажеттілікті қанағаттандыру үшін талаптануы. Ми құрылымында іріктелген қозудың негізінде қалыптасқан мотивация олардың мақсатты іздену мінезін тудырады.

Тіршіліктік меселдер (ашығу, шөлдеу, үрей, ләззат, агрессия, жыныстық, ата-аналық, жылулық т. б.) организмнің жетекші мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталады. И.П. Павлов мотивацияның бұл тобын организмнің негізгі әуестігі деп атады. Бұлардың барлығы да тумыстан және түқым қуалау негізінде қалыптасады.

Дегенмен, көптеген мотивация П.А. Анохиннің системогенез ілімі бойынша іріктеліп, дәйекті түрде әрбір жас кезендерінде жетіп оты­рады.

Тіршіліктік меселдер көбінесе, организмдегі зат алмасудың қалыпты көрсеткіштері (нәрлі заттардың мөлшері, осмостық қысым, гормондар т.б.) өзгерістеріне байланысты, ішкі ортаның тікелей себептерінен туады. Осы гомеостаздық көрсеткіштердің өзгеруі салдарынан организмнің ішкі мұқтаждығы пайда болады. Сөйтіп тіндегі және гуморалдық өзгерістер тіршіліктік меселдің мәдилік (материя) түрткісі болады.

Тіршіліктік месел арнайы сыртқы түрткілердің әсерінен де туады. Кейде оны күрделі шартсыз рефлекс пен инстинктің қатарына жатқызады. Алайда меселдің рефлекспен салыстырғанда сапалы өзгешеліктері болады.

Адамның әлеуметтік дәрттері: білім алу, мамандық игеру, көркем-өнер, әдебиет танымы, тіршіліктік мотивациядан ерекше, қоғамдық тәрбие арқылы қалыптасады.

Биологиялық және әлеуметтік түрғыда жетекші мұқтаждық әр уақытта үстемдік етеді де, ал қалғандары иерархиялық тәуелдікпен соған жапсарласады. Сондықтан мотивациялық қозудың А.А. Ухтомский ашқан доминанта құбылысымен көп ұқсастығы бар. Организмнің үстемді мұқтажы туралы жүйке және гуморалдық сигналы мидың белгілі аймағына - гипоталамусқа, көк ноқатқа, ортаңғы мидың торлы құрылымына келетіндігі анықталды. Ми қыртысы астында мотивация орталығының қозуы триггерлік (жүргізгіш) тетік арқылы пайда болады. Ол аумалы деңгейге дейін жинақталған нейрондардың белгілі серпіністерінен туады да, қашан мұқтаждық қанағатталғанша сақталады.

Мотивациялық қозу - мидың ерекше бірлестірілген жағдайы. Өйткені ол мидың ісәрекетін қосатын ортаңғы және аралық ми құрылымдарынан жоғары өрлейтін ықпалдың туындысы.

Мотивациялық қозудың физиологиялық ерекшеліктерін П.К. Ано­хин зерттеді. Адамның жоғары дәрежелі меселі, оның түсінігі бойынша, орталық жүйке жүйесінде бұрынғы жеке тәжірибе ескеріліп, ішкі және сыртқы әсерлер негізінде туатын қозудың сезгіштік тетіктерінен қалыптасады.

Илюстрациялы материал Д-МІ-15

Әдебиет:

Қазақ тілінде

Негізгі:


  1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

  2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

  3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

  4. Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

  5. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

  1. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

  2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов,МИА, 2002, 957 с.

2.Физиология человека, В.М. Покровский, Г.Ф. Коротько, М., 2004.

3. М.Р.Сапин, Г.Л.Билич Анатомия человека: Учеб. для студ. биол. спец. вузов. -М., Высшая школа, 1989. - 544 с.



4. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.«Физиология с основами анатомии человека». А.В.Логинов, 1983 .

Қосымша:

  1. 1.«Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

  2. 2.«Руководство к практическим занятиям по физиологии человека с основами анатомии» М.Ф. Румянцева и др., Москва, «Медицина», 1986 .

  3. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .

  4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

  5. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов. Под ред. А.А. Утепбергенова, Д.А. Адильбековой, Шымкент, 2006, 66 с.

  6. Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .

  7. Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.

  8. В.Я. Липченко, Р.П.Самусев Атлас нормальной анатомии человека: Учебное пособие.-2 изд., перераб. и дополн.-М.Медицина, 1988. 320 с.

  9. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Қызметтік жүйе қандай кезеңдерден тұрады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет