Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет25/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей әкесін және өгей шешесін күтіп-бағу жөніндегі міндеттері
Өздерінің өгей ұлдары мен өгей қыздарын тәрбиелеген және күтіп-баққан, көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз өгей әке мен өгей шеше, егер олар өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе немерелерінен не жұбайларынан(бұрынғы жұбайларынан) күтіп-бағу қаражатын ала алмаса, осыған қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан сот тәртібімен күтіп-бағу қаражатын беруді талап етуге құқылы.
Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балаларын 5 жылдан уақыт тәрбиелесе және күтіп-бақса, сондай-ақ олар өздерінің тәрбиелеу немесе күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін тиісті түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесін немесе өгей шешесін күтіп-бағу міндеттерінен босатуға құқылы
Отбасының басқа мүшелерінен сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттік мөлшері
Кодекстің 151-155 баптарында аталған адамдарға алименттің мөлшері мен оны төлеу тәртібі тараплатрдың келісімімен айқындалуы мүмкін. Тараптардың келісімі болмаған кезде сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін сот әрбір жеке жағдайда алимент төлеуші мен алушының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеген кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында белгілейді. Егер отбасының алимент талап етуші мүшесін бір мезгілде бірнеше адам күтіп-бағуға міндетті болса, сот олардың материалдық және отбасылық жағдайларына қарай олардың әрқайсысының алимент төлеу жөніндегі міндетін орындауға қатысу мөлшерін айқындайды. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот алимент төлеуге міндетті адамдардың бәріне, олардың біреуіне немесе бірнешеуіне талап-арыз берілгеніне қарамастан, сол адамдардың бәрін ескеруге құқылы.
Алимент төлеу туралы келісім
Алмент төлеу(алименттің мөлшері, оны төлеудің шарттары мен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушының арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған кезде, осы адамдардың заңды өкілдерінің арасында жасалады. Бұл келісім жазбаша нысанда жасалады және нотариатта куәландырылуға міндетті. Бұл келісімнің заңда белгіленген нысанын сақтамау ҚР АК нормасында көзделген салдарға әкеп соғады.
Алимент төлеу туралы келісімді жасау, орындау, өзгерту, бұзу және жарамсыз
Бұл тәртіп ҚР АК азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасауды, орындауды, өзгертуді, бұзуды және жарамсыз деп тануды реттейтін нормалары қолданылады.
Бұл келісімді орындаудан біржақты бас тартуға немесе оның шарттарын біржақты өзгертуге тиым салынады. Тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайлары елеулі түрде өзгеріске ұшыраған жағдайда және алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу жөніндегі келісімге қол жетпеген кезде, мүдделі тарап осы келісімді өзгерту туралы немесе бұзу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы. Бұл келісімді өзгерту немесе бұзу туралы мәселені шешу кезінде сот тараптардың назар аударарлық кез келген мүддесін ескеруге құқылы.
Алимент алушының мүддесін бұзатын алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану
Егер бұл келісімде көзделген кәмелетке толмаған баланы немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесін күтіп-бағу шарттары олардың мүдделерін елеулі түрде бұзатын болса, атап айтқанда Кодекстің 161-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда, мұндай келісім кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесінің заңды өкілінің, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның немесе прокурордың талап етуі бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Кәмелетке толмаған балаға бұл келісім бойынша белгіленетін алименттің мөлшері олардың сот тәртібімін алимент өндіріп алған кездегі алуы мүмкін алименттің мөлшерінен төмен болмауға тиіс. Алимент оны төлеуге міндетті адамның табысына және өзге де кірісіне үлеспен кезең-кезеңмен төленіп тұратын тұрақты ақша сомасымен; біржолғы төленетін тұрақты ақша сомасымен; мүлік беру жолымен; сондай-ақ келісімде қол жеткізілген өзге де тәсілдермен төленуі мүмкін. Бұл келісімде алимент төлеудің әртүрлі тәсілдерін ұштастыру көзделуі мүмкін.
Алиментті сот тәртібімен төлеттіру және өндіріп алу тәртібі
Кодекстің 143-155 баптарында аталған отбасы мүшелері алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде алимент өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет