Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет106/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Х
...Иә, осылайша Қоқанда екi жыл өмiрi өтiптi. “Елге кетейiн, 
еш болмаса туған топыраққа сәл жақындап жүрейiн” деп 
Сүлейменнiң ойлағаны қашан. Алайда бiр сәтi түспейдi. Ендi 
кетейiн дегенде Шалпар секiлдi бiр қанiшер, болмаса бұған 
жаулық ойлаған бiр қаскөй аяғына оралғы болып, жолын кестi де 
тұрды. Өзiне жаулық iстегеннен кек алмай қоймай үйренген бұл, 
жүредi сосын оның артынан қуып. Сужүрек, намыссыз болса, 
бәрiне қолды бiр-ақ сiлтеп, әлдеқашан кетiп қалар едi… 
Қоқандық баскесерлер мұны шаһардан масқара қылып қуалап 
жiберемiз дейдi. Ал бұл артымнан мазақ атым қалғанша, олардың 
көзiн жойып кетемiн деп, айқасқа түседi. Баскесерлерi ақыры 
мұны қуа алмады. Қанша айла жасап, өлтiре де алмады. Есесiне, 
қаншасы бұдан жеңiлдi.
Әлбетте, олардың бәрiн Сүлеймен жалғыз жеңбедi. Қарақшылар 
арасындағы текетiрестiктiң қазанында әбден қайнап, жеке дара 
көзге түскен ол, өз қарамағына бiрталай адамдарды топтастырып 
алды. Қанды көйлек достары — Аязбек пен Төрекелдi оң қолы. 
Пұсырманқұл — ақылшы. Ажан — пұл ұстаушысы. Бұлардан 
басқа қанша “барып кел, шауып кел” жiгiттерi бар.
Қоқандағы қарсыластары Сүлеймендi өздерi жеңе алмаған 
соң, сонау Тәшкендегi Бекаба деген жөйiттен көмек сұрапты. Оны 
кеше Ажаннан естiген. Ажан бұны Пұсырманқұлдан естiгенiн 
айтты. 
— Пұсырманқұлды ертiп келсейшi. Iстiң мән-жәйiн өз аузынан 
есiтейiк те. 
— “Ертең өзiм барып айтам” деп отырған. Мен өзiңе қазiр 
жолығып тұрғаннан соң айтып отырғаным да, — деген-дi Ажан. 
Соны естiгелi берi “Құдияррабаттағы” жақында бiр өзбектен 
сатып алған жайда байыз тауып отыра алмай, үйге мың кiрiп, 
мың шықты. Сәске әлетiнде алдымен Пұсырманқұл мен Ажан, 
одан кейiн Аязбек келдi. 
— Қоқанда жүргенiме екi жыл болып қалыпты. Былтырдан 
берi мына Аязбек, Төрекелдi үшеумiз “туған топырақта кетсек пе” 
деп жүр едiк. Оған бiр себептен бiр себеп шығып, аяғымыздың 
тұсалана бергенi сендерге аян. Ендi биыл сендердi де ерте кетемiз 


223
Сүлеймен қарақшы
деп жүргенде Кәкiм сарт килiгiп, ошағын опырғанша тағы жүрiп 
қалдық. Ендi әзiр күн суытпай жылжиын десек, кеше Ажан бiр 
нәрсенi айтып, көңiлiмдi бей-жай қылды… Кәне, Пұсырманқұл, 
сен бiлетiнге ұқсайсың ғой. Ол не әңгiме? — дедi бәрi жиылған 
соң. — Айтпақшы, Тәшкен мен Қыбырай, Бөкi жақтарға сонау 
Түлкiбас, Қаратаудан қазақтар ауып келiп жатыр дей ме? Соғыс 
болмай, жұт келмей тұрып, қазақтар неге ауып жүр?
— Е, е, Сүлеймен. Өз тегiмнен тартсам, қыпшақтың 
шаштысына жататын менiң бiр шоғыр аталарым осыдан алпыс 
жылдай бұрын Сыр бойынан осында ауып келген екен. Орыстар 
тықсырған ғой. Менiң бабаларымнан бұрын да мұнда қазақтар 
көп болған. Қазақ бекер жер ауа ма? Тәшкенге барып-келiп 
жатқан адамдардан естуiм бойынша, Қазақстанға қарайтын 
арғы iш жақта алапат ашаршылық болып жатыр дейдi. Тәшкенге 
барып-келiп жатқандар өтiрiк айтпайды ғой. Әйтеуiр ел жақтағы 
бауырлардың жағдайлары қиын екен… 
— Әй, әй, немене, сонда қайбiр жылдардағыдай “жылантақыр” 
жұт болып па? “Бәрiн жетiлдерiмiз, бәрiн тойдырамыз” деген 
сәбет өкiметi халқын асырай алмай отыр ма екен? 
— Бар пәле сол өкiметтiң өзiнде ұқсайды ғой. Естуiмше, 
өкiмет шаруалардың барлық малдарын тартып алыпты. 
Атасына нәлет, ондай өкiметтiң, — деп шарт кеттi 
Сүлеймен қолымен жердi бiр ұрып. — Әй, бiз мұнда Қоқанның 
қарақшыларымен майдандасып не қыламыз? Ондай болса, кеттiк 
елге. Шаруаның малын тартып алып, аштан өлтiрген өкiметпен 
күресейiк қолдан келгенше. Ер екенiмiздi танытайық, жұртқа 
көмектесiп. 
Бұл сөзден кейiн бәрi тым-тырыс қалды. Әркiм өз ойымен 
алысып, жер шұқысты.
— Ертең жиналыңдар, — дедi әлден соң. — Әйелдерiмiз 
әзiрше осында қала тұрсын. Жауға аттанған ер қатынын жолға 
алмас болар. Барам деген басқа жiгiттердiң бәрiн ертiңдер. 
Шыршыққа дейiн аман-сау жетсек, ары қарай таудан асып, елдiң 
дәл үстiнен түсемiз. Анау жақта күллi ел ашығып жатқанда
бiз мұнда Қоқанның еркек тышқандарына дәулiк көрсетпей-ақ 
қоялық. 


224


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет