219
Сүлеймен қарақшы
кiрiп, өтiрiк өлiп барады. “Иншалла, шүкiр”
деген Исламқұл
Сүлейменнен көзiн алмай отыр.
— Рахман бектiң құзырында мынадай бәйтеректей ұзын,
аюдай тұрпатты адам бар ма едi?
— Бiзде түрлi-түрлi адамдар бар, құрбашы.
— Иә, өздерiң қай қуыста тығылып жүрсiңдер? Рахман бек
Ауған асып кеттi деп естiп едiм. Өлiмнен аман екен-ау. Қашан
оралды?
— Құрбашы, жанымызда бөтен көздер отыр…
— Әй, шығыңдар екеуiң де! Керек болсаңдар шақырамын өзiм,
— дедi Исламқұл қарауыл мен келiншекке кезек-кезек қарап.
Олар сыбысын бiлдiрмей шығып кеттi.
— Барлық әңгiменi мынау дәу айтады.
Бұл сiзге жақын
отырсыншы. Ал мен аржағыңызға отырайын, — деп Ажан
орнынан тұра сап, Исламқұлдың сол жағына ауысты.
Оның ойын түсiнген Сүлеймен
берiрек жылжып, сөзге
келместен Исламқұлдың бетiнен құлаштап бiр-ақ соқты.
Оның шүйдесi артқы дуалға оңбай соғылып, бiр мезет есiнен
танды. Сүлеймен қонышындағы екi жүздi
қанжарын суырып
алып, алқымына тақады. Бiрауықтан соң есiн жиған Исламқұл
айқайламақ болып, әрекеттенiп едi, бұл оның сақалынан уыстай
ұстап, иегiн жоғары көтердi. Басы дуалға сүйенiп, аузы жабылып,
айқайлауға мұршасы келмеген Исламқұл қолдарын шапалақтай
бергенде, қанжарын екi алақанының ортасына қырынан ұстай
қойды. Екi алақаны қанжар жүзiне барып қадалған Исламқұл
“Ө-ө-ө” деп өзгеше дыбыс шығарды.
— Ей, хайуан! Өлерiңнiң алдында тыңдап ал. Мен — сен
қолға түсiре алмаған Сүлейменмiн. Өмiрiңде “алты аласың, бес
бересiң” жоқ маған өштесетiндей қай кегiң қалып едi? Әлде,
өзiңе келер зауал жоқ деп ойладың ба?.
— Қарауыл, қарауыл, — деп шиқылдады Исламқұл. —
Сүлеймен, Сүлеймен…
— Бiздi өлтiрем деп ойлап едiң. Ал қазiр бiзден бұрын бар
о дүниеге, — деп Ажан оның қарын тұсына қанжарын екi рет
сұғып-сұғып жiберiп, ары қарай итере салды.
Исламқұл аузы