Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет108/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Сәскеге көтерiлiп қалды. Ә, мiне, Пұсырманқұл да келе 
жатыр. Әнебiр жанындағы сарты кiм екен?
Ажан сөзiн аяқтағанша, Пұсырманқұл да үйге кiрдi. Қасында 
өңкейген, семiз, дәу бiреуi бар. Амандық саулықтан соң:
— Жансыздар арқылы бiлдiм. Бекабаның адамдарының 
мұнда келгенiне екi күн болыпты. Кеше кешке: “Сендер қайта 
берiңдер”, — деп Төрекелдi екеумiздi қуып жiберiп едiң. Түннiң 
тыныш өткенi бек жақсы болған. Ендi не қауiп болса да бүгiн 
болады. Ә, ұмытып барады екенмiн. Менiң басыма бiр ой келдi. 
Мына сарттың аты — Атамқұл. Он сом пұлға жалдап әкелдiм 
өзiн. Бiзге бiр қызмет iстейдi бұл.
— Қандай қызмет?
— Түнде ауызғы бөлмеге сенiң орныңа жатқызып қоямыз 
мұны. Өзiмiз iшкi тамда тығылып отырамыз. Тәшкендiктердiң 
қанша болып келетiндiгiн бiлмеймiз ғой. Сондықтан да олардың 
бәрiн бiрдей сыртта, көшеде ұстай алмауымыз да мүмкiн. 
Қысқартып айтсам, олар қанша болған күнде де, бәрi бiрдей 
үйге кiре қоймасы анық. Сенi өлтiруге бiреуi, болмаса екеуi кiруi 
мүмкiн. Өлтiрушiлер кiре сала, орныңда жатқан Атамқұлды сен 
деп ойлап, бауыздауға әрекет жасайды. Ал бiз мұны бауыздатпай 
тұрып, әрекет жасап қалуымыз керек. Сыртта қалғандары болса, 
Ажан мен жiгiттер жайын таба берер.
— Пұсырманқұлдың айтқаны жөн. Бас алушыны iшке 
кiргiзiп, сыртта қалғандарын өзiмiз ептермiз. Ал сен, Атамқұл, 
қорықпайсың ба?
— Пұсырманқұл әкам “сенi өлтiртпеймiз” деп ант-су iшiп келдi. 
Он сом үшiн тәуекел етiп отырмын. Бала-шаға көп дегендей… 
— Ештеңеден қам жеме. Әрi мұнда сенiң келгенiңдi ешкiм 
бiлмейдi.
— Пұсырманқұл, сен сырттағы жiгiттерге айт. Барып 
демалсын. Орнына өз жiгiттерiңдi әкеп қой. Бiлiп отырмын, бүгiн 
тәшкендiктер осында шолғын жасайды. Бейсауат адамдардан көз 
жазбай бақыларсыңдар. Ал бiз кешке дейiн жатып тынығайық, 
— дедi Ажан. — Атамқұл, сен де жатып ұйықта.


227
Сүлеймен қарақшы
Пұсырманқұл кеттi. Бұл үшеуi сол жатқаннан кешке бiр-ақ 
тұрды. Күн бата Аязбек пен Төрекелдi келдi. Бөтен сарттың кiм 
екенiн бiлген соң Аязбек:
— Иә, сен туралы Пұсырманқұл айтқан. Ендi Сүлеймен, 
Ажан, менi тыңдаңдар. Пұсырманқұл бүгiн келе алмайды. Бүгiн 
ол үш жiгiтпен өзiн және өз үйiндегi адамдарын күзетедi. Себебi 
бағана осы көше мен үйдi ала шапан, ала топы киген төртеу ұзақ 
аңдыпты. Тiптi Сүлеймен, сенiң дарабазаңның қалай жабылып 
тұрғанын байқағандай, ары-берi тартқылап та көрiптi. Келтелеп 
айтқанда, үй маңын әбден зерттептi. Пұсырманқұл олардың жүзiн 
көрiп қалайыншы деген оймен жақындаса, iшiндегi бiреуi таныс 
боп шығыпты. “Сыр бермегенiмен, олар секем алды-ау деймiн. 
Менi көрген соң бәрi дереу тайып тұрды. Қанша дегенмен менiң 
кім екенiнiмдi бiледi ғой ол. Егер олар бүгiн түнде ойларын iске 
асырмақ болса, онда Сүлейменге де, бiздiң үйге де бiр мезгiлде 
шабуылдайды. Сол үшiн мен өз отанымды қорғайын. Ал сендер 
Сүлейменмен бiрге бола берiңдер”, — дедi Пұсырманқұл. Сөйтiп, 
ол өз үйiн күзететiн болды. Бiз Сүлеймен, Төрекелдi үшеумiз 
осында қалайық. Сен, Ажан, көшедегi жiгiтермен сыртты бақыла, 
— дедi.
— Пұсырманқұлдың күдiгi орынды. Қоқан қарақшылары 
көптен берi сенiмен бiрге оны да қарауылға алып жүр, — дедi 
Төрекелдi.
— Ай, Құдай ұрып, бiз бәрiмiз осы жерде отырғанда бiреулер 
сендердiң де үйлерiңе барып жүрмесiн. Екеуiңнiң де шақалақ 
балаларың бар. Соны ойладыңдар ма?
— Қатындарымыз бен балаларымызды басқа үйлерге тығып 
келдiк.
Аязбек пен Төрекелдi әкелген асты бесеуi отырып, iшiп алған 
соң:
— Ал ендi мен сыртқа кеттiм. Iшке бiреу-мiреу кiретiндей 
болса, Құдай сендерге қуат берсiн, — дедi Ажан.
— Осы сендер, түнiмен көшеде тiкелерiңнен тiк тұрып, уақыт 
өткiзесiңдер ме?
— Бiз саған айтпаппыз ғой, — дедi Аязбек. — Көшенiң арғы 
бетiндегi үш көршiң мен жан-жағыңдағы екi ауылдасыңды бiр-бiр 


228


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет