Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет110/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Бұдан басқа ешкiм жоқ-ау деймiн. Бар болса, екеулеп кiрер 
едi ғой, — деп терезеден сыртқа көз тастады.
— Көше жақтан ешбiр дыбыс естiлмейдi. Егер бұл жалғыз 
болмаса, Ажандар бiр әрекет жасамай қалмас едi.
— Иә, Төрекелдi, мұның кiрiп кеткенiн байқаған болса, ендiгi 
сыртта қалғандарын Ажандар бiр жақты етуi керек-тi. Алыс-
жұлыстың бiр дыбысы шықпады. Әлде, бұл пәле осылай жалғыз 
келдi ме екен?
— Сен екеуiң шықпай, отыра тұрыңдар. Мен қақпа, көше 
жақты бiр байқап келейiншi, — деп Төрекелдi аулаға беттедi. 
Аязбек екi қолын артына қайырып тастаған ананы Сүлеймен 
дедектетiп сүйретiп, төргi бөлмеге әкелдi.
— Шырақты жақшы, Аязбек. Мынаның кiм екенiн көрейiк. 
— Шырақты қазiрше қоя тұрайық. Сырттан бiр хабар келсiн.
— Бұған қоса тағы бiреу келсе, қарагер белгi берер едi. Осыған 
қарағанда, бұл — жалғыз.
— Қайдам. Сүлеймендi өлтiруге жалғыз келген болса, мұның 
жүрегi арыстанның жүрегiндей екен…
Осы кезде сырттан бiреулердiң күбiрлеп сөйлескенi естiлдi. 
Бұған елең еткен екеуi дереу ашық есiкке ұмтылысты.
— Бiз, бiз... Ажан екеумiз ғой, — дедi Төрекелдi есiктен кiре 
бере мыналар бiр ұрмасын деген оймен.
— Ажан-ау, не байқадыңдар?
— Құс болып ұшып келмесе, көз алдымыздан ешкiм өткен 
жоқ едi. Мына Төрекелдi “бiреудi ұстап алдық” дей ме?
— Жiгiттерiң қайда?
— Отыр ғой, әр көршiнiң дарбазасының түбiнде. Апырай, бұл 
қалай өтiп кеттi?
— Онда сен бар да, екi-үш жiгiтiңдi бiздiң ауланың iшiне 
отырғызып қой. Қалғандары сол сыртта аңди тұрсын. Бiз шырақ 
жағып, мынаның кiм екенiн көрейiк.
Аязбек шырақ жақты. Осы кезде байлаулы жатқан жау 
ыңыранып есiн жинады. Төрекелдi құмандағы суды оның бет-
аузына құйды. 
— Су, су iшкiзшi.
— Су iшпей, тас iш, — деген Төрекелдi құманның шүмегiн 
оның аузына тосты.


231
Сүлеймен қарақшы
Шалқасынан сiлейiп жатқан ол, шөл далада ұзақ жатып
қаталап қалған адамдай, суды апыл-ғұпыл қомағайлана жұтты. 
Содан басын сәл көтердi де, өзiне үңiлгендерге алақ-жұлақ көз 
тастады. 
— Аһ, — дедi сосын желкесiмен жердi бiр ұрып. — Әттең-ай, 
қапы қалғанымды қарашы.
— Қапы қалғаныңа емес, тiрi қалғаныңа тәубе де. Әйтпесе 
менiң ұрғанымнан онша-мұнша адам аман қала бермейдi… Ой, 
мынау қазақ қой. Сонда тәшкендiктер қазақты өлтiруге қазақты 
жұмсағаны ма? О, ата-бабаңның көрiн… Жатқан жерiңде жайрата 
салайын ба, осы?
— Қой, қоя тұр, Сүлеймен. Алдымен мұның кiм екенiн бiлiп 
алайық. Ей, қыран тырнағына өзi iлiккен түлкiдей болған неме. 
Ныспыңды және кiм екенiңдi айт. Жаңылмасам, Тәшкендегi 
Бекаба жөйiттен келген баскесер сен ғой.
— Қап, әттең-ай, өмiрiмде бiрiншi рет мүлт кетiп, шарасыз 
қалыпқа түскенiм бұл, — дедi анау тағы өкiнiшпен тiстене 
ышқынып, жауап берудiң орнына.
— Бұрын ылғи әлсiз бен аңғалды шауып үйренгенсiң де. 
Тәшкендiктерге қарағанда қоқандық қарақшылардың низамы 
мен тәсiлi бөлек екенiн ендi ұққан шығарсың. Әй, мен сенiң 
құсалығыңды тыңдап тұруға шыдамым жетпейдi. Айтасың ба, 
кiм екенiңдi?! Әлде бауыздала салғың келiп жатыр ма?
Шырақ жарығына жалт-жұлт етiп шағылысқан қылыш 
жүзiнен анау көз алмай жатты да:
— Сүлеймен деген қайсың? — деп сұрады. — Әне бiр 
ұйқыдағы томардай болып қорылға басып жатқан ба, әлде төбесi 
көк тiреп тұрған сен бе?
— Бiрiншiсi — мен. Анау жатқан — екiншiсi. Қоқандықтар 
қайсымызды өлтiр деп едi?
— “Сол көзiнiң астында адам шошырлық тыртығы бар дәудi 
көрсең, iшегiн ақтарып, басын кесiп алып кел”, — деп едi. Сiрә, 
Сүлеймен ол емес, сен боларсың. Бұлай күткендерiңдi бiлгенiмде, 
бiр ай бойы келмей, қапыда басатын едiм-ау. Бұл қырсық шалған 
түн болды өзi. Амалымның жүзеге аспай, қолдарыңа түсiп, 
өлiммен жазаланатыным ештеңе емес-ау. Өзiмнiң артымнан 
қатын, бала-шағамның қырылатыны жаныма батады.
— Өлтiрсек, өзiңдi өлтiремiз. Қатын, бала-шағаңда немiз бар.
— Түкке түсiнбей тұрсың, Сүлеймен. Бекаба менi мұнда 
жiберер кезде: “Сүлеймендi өлтiрмей келсең, болмаса айлаң 


232


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет