Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет122/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Жорғаны бiреуiмiз мiнiп алайық. Төбелдi соялық. Етi қоңды 
екен, — дедi Сүлеймен.
Төрекелдi одан ерiн алды да, төрт аяғы шырмап байлады. Одан 
соң оны гүрс еткiзiп, бiр-ақ өзi жықты. Бес қаруы сай қарақшылар 
әп-сәтте төбелдiң ту-талақайын шығарып, боршалап тастады. 
Бұл кезде ауыл жұрты да жиналып қалды. Бәрiнiң өңдерi пәс, 
жүдеу. Жылқының қып-қызыл етiне қарап, жұтынып-жұтынып 
қояды. Кейбiрi “расымен бiзге ет берер ме екен?” дегендей
анадай жерде үрпиiсiп тұр. 
— Апа, ауылдың бар адамдары осы-ақ па? — дедi Сүлеймен 
жан-жақтағы он-он бес қаралы топқа қарап. 
— Е, осылардың қалғандарына шүкiр де. 
— Көбектiң үй iшiне бiреу-мiреу бар ма?
— Түгел қырылған.
— Қарағым, өзiң қай баласың? Жұрттан ерек тұлғаңа қарағанда 
датқа ауылдағы Мәменнiң баласы емеспiсiң? — дедi бiр iлмиген 
шал.
— Иә, иә, Сүлейменмiн ғой.
— Апыр-ау, жұрт сенi “қарақшы болып жүрiп, өлiп кеткен” 
деп жүрушi едi. Аман екенсiң ғой.
— Аманмын. Сiздерге көмектесуге келдiм. Ал ендi қарап 
тұрмай, еттен көтергендерiңiзше әрқайсыңыз үйдi-үйлерiңiзге 
жеткiзiп алыңыздар. Бұл үшiн бiреу сiздердi жазалайтын болса, 
сазайын өзiм берем. Алыңыздар, қорықпаңыздар. Ет жеп, әл 
жинаңыздар.
Жиналғандар тегiн азыққа тап болғандарына әлi де 
сенiңкiремей тұрғандай, етке жақындай қоймады.
— Неғып қарап тұрсыздар?! Алыңыздар дедiм ғой!
Бұл жолы бәрi етке жабыла кеттi. Тiптi бiреулерi шикi майды 
қомағайлана асай бастады.
— Бұлай жемеңiздер, — деп айқайлады Төрекелдi. — Үйге 
апарып, қайнатып, алдымен сорпасын iшiп, содан соң еттi 
жеңiздер. Әйтпесе, көтере алмай құлап қаласыздар. 
Оның сөзiне ешқайсысы мән бермедi. Ет кiмнiң қолына қалай 
iлiнсе, солай көтерiп, үйдi-үйiне жүгiре жөнелiстi.


256
Сүлеймен қарақшы
— Көмектесемiз деп осылардың бiразының ажалына сеп 
болмасақ жарар едi, — дедi Төрекелдi олар тарағасын. — Осы 
мен, көптен берi аш жүрген адамның бiрден тоя тамақ жегенiнен 
қорқам.
— Құдай сақтасын. Өз жайларын өздерi де ойлайтын шығар, 
— дедi Аязбек.
— Әй, қайдам.
Бәрiнен бұрын бұл үйдiң кемпiрi қу болып шықты. Мана 
жұртты шақырып жүрiп, бiр жерден кiшкене қазан олжалап 
келiптi.
— Апа-ау, бұны қайдан алдыңыз? — дедi Ажан.
— Өскенбайдың шөбiнiң астында қарайып көрiнiп жатыр 
екен. Өздерi бастары ауған жаққа кетiп бара жатып, жасырып 
кеткен-ау, шамасы.
— Сен, Ажан, бұған қазан көтеруге көмектес. Ас-суын 
дайындас. Ал бiз анау белсендiлерден жауап алайық, — деп 
Сүлеймен арықтағы суға қолын жуып, iшке кiрдi. — Тәңкi, — 
дедi iшке кiрген соң, — Өкiмет жұрттан жиып алған малдарды 
қайда ұстап отыр?
— Жалғандықтан үстiңгi жағындағы пермеде үш жүзден 
аса сиыр, жүз шақты жылқы, үш отар қой бар. Ал Тоғыстағы, 
Ленгiрдегi, Көксәйектегi мал қотандарында олардың есебi жоқ. 
Негiзi, көп малдарды өкiмет етке өткiзiп жiберген. 
— Сенiң жаңағы Жалғандықта деп айтып отырғаныңның бәрi 
Ордабек болыстың малынан кем ғой. Жұрттан тәркiленген басқа 
малдар қайда?
— Кәмпiс кезiнде өкiмет байлардың малдарын кедейлерге 
таратып берген. Кейiн оларды өздерi тартып алды да, бiразын 
осында қалдырып, бiразын басқа жаққа айдап кеткен. 
— Бiздiң ауылдың белсендiсi кiм?
— Сiздiкi қай ауыл?
— Датқа ауыл.
— А-а-а, сiз… Сүлеймен қарақшы… ой, Мәменнiң Сүлейменi 
емессiз бе?…
— Жұрт менi “қарақшы” деуiн әлi қоймаған ба? Мейлi, десе 
дей берсiн. Жаңағы сөзiме жауап бер тезiрек.


257
Сүлеймен қарақшы
— Қазiр датқа ауыл бiр колхүз. Жалғандық өз алдына. 
Қонысбай, Зағамбар, Ниязбек те бөлек-бөлек. Жоғарғы Қосағаш 
пен Қапалдар да әлденеше бөлiк-бөлiк колхүз. Сұлтанрабаттағы 
сарттар да өздерiнше бiр ұйым. Бәрiмiз қазiр Бадам деп аталатын 
ауданға қараймыз. Сiздiң ауылдың белсендiсi — Қошан. Мен 
айтқан әлгi колхүздердiң белсендiлерiнiң үстiнен қарайтын бiр 
уәкiл бар. Ол Ақайдардағы Жайқынбайдың Құлтаны. Оның ақ 
дегенi — алғыс, қара дегенi — қарғыс. Ордабектiң де, Ноғайдың 
да, Нарымбеттiң де, әйтеуiр бұрынғы ел жақсыларының бәрiнiң 
түбiне жеткен — сол. Өзi ауылдан қатырып тұрып, түнiкелi там 
салған. Түнiкенi Ордабектiң тамын бұзып алды.
— Жә, жетер. Сол Құлтан күнде үйiнде бола ма?
— Бiр жаққа кетiп қалмаса, күнде үйiнде.
— Нәлетi, баяғыда қолыма түспей кетiп едi. Осы жолы 
бiр түсiрермiн уысыма… Жалғандықтағы мал пермесiнде 
қарауылдар бар ма?
— Малшылардан басқа үш-төрт қарауыл бар. Онсыз бола ма? 
Әйтпесе, аш құрсақтанған жұрт малдардан дым қойсын ба. Бұдан 
басқа күндiз екеу, түнде екеу мылтығы бар мiлисалар тұрады.
— Қазiр сол Жалғандыққа бiзбен бiрге жүресiңдер.
— А-а, онда не iстеймiз?
Өзiнiң әзiрше тiрi қалатынына қуанғандай, Тәңкiнiң даусынан 
бiр түрлi қуаныштың лебi сезiлгендей-дi.
— Барған соң көресiң.
Ет пiскенше Сүлеймен одан ел жайында тағы көптеген 
нәрселердi сұрап бiлдi. Ет дайын болғанда кемпiр мен шалға 
жылы-жылы сорпа iшкiзiп, өздерi де бiраз ауқаттанып, 
орындарынан тұрды.
— Екеуiң менiң қарагерiме мiнгесiңдер, — дедi Сүлеймен 
далаға шыққасын Тәңкi мен Сабашқа қарап. — Бозжорғаға мен 
мiнейiн.
Бозжорға қарагердей дәу емес. Сүлеймен мiнгенде белi 
бүгiлiп, үстiндегi салмақтан құлап қалардай төрт тағандап, әзер 
тұрды.
— Қой, Сүлеймен. Бұл саған мiнiс болмайды екен. Оны 


258


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет