Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет123/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
маған бер де, өзiңдiкiне мiн. Менiң атыма Тәңкi мен Сабаш 
мiнсiн, — дедi Ажан.
— Жануардың жорғалығын бiр көрейiн деп едiм. Белi мен 
аяқтары осал екен. Шынында бұл маған жарамайды.
Қарақшылар қайтадан ат ауыстырып мiнiстi.
— Қарақтарым-ау, аттанып бара жатырмысыңдар? — дедi осы 
кезде үйден шыққан кемпiр. — Ажал тырнағынан құтқарғандарың 
үшiн Құдай жастарыңды ұзақ қылсын! Ендi бiзге ешкiм тиiспей 
ме?
— Қорықпаңыз, апа. Бұдан былай ешкiм тиiспейдi. Екi-
үш күннен кейiн тағы азық әкелiп беремiз. Ендi бидай мен ұн 
әкелемiз.
Кемпiр кемсеңдеп қала бердi.
Айтпақшы, Тәңкi, колхүздерiңде бидай, ұн ұстайтын 
қоймалар бар ма? — деп сұрады Сүлеймен жолай.
— Әлбетте, бар. О түгiлi, Жалғандықта мәгәзiн де бар. Мәгәзiн 
де, қойма да пiркәншiк Досболдың үйiнде.
Суыт жүрген салтаттылар көп кешiкпей Жалғандықтың 
шетiне iлiктi. Мұнда Қоңырбөрiкке қарағанда үй мол. Үй мол 
болған соң ел де көп болуға тиiс. Бiрақ бұл жерде де түтiнi түзу 
шыққан үй сирек. Ауылдың сиқы қашқан. Қыбырлаған пенде 
аз. Ауыл шетiндегi бiр тамның басына шығып алған жалба-
жұлба киiмдi екi-үш бала бұларды көрiп, секiрiп-секiрiп түстi де, 
мысықты көрген тышқандай жым-жылас болды.
— Ересектер түгiлi аттылыны көрсе, балалардың да зәресi 
ұшатын халге жеткiзiпсiңдер-ау, нәлетiлер. 
Сүлейменнiң суық түсiне қарауға дәтi шыдамаған Тәңкi басын 
төмен салды.
— Баяғының балалары ауыл шетiнен аттылыны көрсе, 
алақайлап алдынан шығатын едi. Тәңкi, тек шыныңды айт
пермедегi мылтықты мiлисалардан басқа ауылда бiзге қарсылық 
көрсететiн адам жоқ па?
— Е, қазiр колхүздiң бес-алты жандайшаптарынан басқа 
сiздерге қарсы шығатын кiм бар дейсiз? Көп мiлиса әкелу үшiн 
бiр шабарман ауданға бару керек.
— Сорлы, өзiнiң жандайшап екенiн бiлмей, бiреудi жандайшап 
дейдi-ау. Текке сөйлеп, босқа уақыт өткiзiп не қыламыз. Елдiң 
аш, белсендiлердiң зор екенi онсыз да белгiлi. Зорын көрсетейiк 
оларға. Былай етiңдер, Тәңкi. Егер жан керек болса, Сабаш екеуiң 
ауылдағылардың бәрiн мешiттiң жанына жинаңдар. Жаяу жүрiп 


259
Сүлеймен қарақшы
жинаңдар. Ажан, сен бұларды қарауылдап жүр. Қит ететiн болса, 
екеуiн де атып тастай сал. Ал бiз перме жаққа барайық.
— Сонда не iстеймiз, Сүлеймен? — дедi Төрекелдi.
— Не iстейтiнiмiздi сұрамай-ақ ұқпайсың ба?
— Ә-ә, ендi түсiндiм.
— Түсiнсең, кеттiк. Ажан, белсендiлердi аттан түсiр де, ол атты 
жетегiңе ал. Мылтығыңнан жұрт қорқып жүрмесiн. Тақымыңа 
ма, қоржын астына ма, тығып ал. Тағы тапсырамын, мыналардан 
айырылып қалма.
— Ой, Сүке, қашпаймыз ешқайда. “Елдi жина “дедiңiз бе, 
мешiтке? Болды, жинаймыз, — деп Тәңкi жағымпаздана сөйлеп, 
аттан түстi.
Ажан оларды алдына салып, ауылға кеттi. Сүлеймендер 
қырға қарай бұрылды. Тәңкiнiң айтуынша, перме қыр үстiндегi 
қарауылтөбе маңында. Ол жерде бұрын Дөңбай байдың тас 
қорасы болатын. Мал ұстауға ыңғайлы қора. Әрi ықтасын тұста. 
Жан-жағының бәрi жота да, бергi еңiс жағы ғана ашық, тегiс. 
Қарауылтөбе маңына жақындағанда, Сүлеймен бүй дедi:
— Алдымыздағы жотаны ассақ, тура перменiң үстiнен түсемiз. 
Қарауылдары мен малшыларына қандай хайла қыламыз? Бiздiң 
мақсат — олардың бәрiн сiлейтiп салып, малдарды айдап шығу.
— Мiлисалары болмаса, бiзге малшы сорлылар қарсылық 
көрсете қоймас. Мылтықты аспанға бiр атсақ, етпеттей жата 
қалатындарына мен кепiл. Тек оған дейiн мiлисаның бiр амалын 
табу керек, — дедi Аязбек.
— Сендер жотадан асып келiңдер. Ал өзiм қораға ашық жақтан 
кiрейiн. Мiлисасы болса да, малшысы болса да қарсыласқанын 
ұрып-соғып, бiрдеңе қылармыз. Мылтық атып, бiреуiн жазатайым 
мерт қылып жүрмейiк.
— Жарайды, Сүлеймен. Өзiң де сақ болғайсың.
Үшеуi екi жаққа бөлiнiстi. Сүлеймен еңiске жеткенде, алдынан 
бiр отар қой көрiндi. Тас қораның бергi шетiндегi тегiсте екi адам 
арбамен оларға шөп шашып жүр. Қораға кiре берiстегi ашық 
алаңқайда ұзын шапан, маңдайында қызыл жолағы бар сүйiр 
қалпақ киген бiреу мылтық асынып тұр. Қоқанның мiлисалары да 
осындай киiм киюшi едi. Сондықтан да Сүлеймен оның қарауыл 
мiлиса екенiн бiрден таныды. Таныды да “алдымен осыны бiр 
жақты етейiн” деп ойлады.


260


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет