Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет130/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Жүре алатындарыңның бәрiң келiңдер мұнда, — деп айқайға 
басты. Айқайлап-айқайлап алды да Сүлеймендерге қарады: — 
Айтқан сөздерiң рас болса, маған тап қазiр осы үйден нан алып 
шығып берiңдершi. Өзiме емес, үйдегi екi кiшкентайыма. “Нан, 
нан” деп шырылдағандарына неше күннiң жүзi болды.
Ажан жүгiрiп үйге кiрдi. Аздан соң оншақты таба нан оралған 
үлкен дастарханды көтерiп шықты.
— Алыңыз, апа.
Бұлар байқамапты. Кемпiрдiң жаңағы айқайынан кейiн 
үйлерiнен жүгiрiп-жүгiрiп шыққан ауыл адамдары ашық 
көрiнуге қаймығып, әр тамның тасасынан сығалап тұр екен. 
Ажан дастарханды далаға шығарып, жерге қойғанда, бәрi тұс-
тұстан атып шықты. Әсiресе балалар дастархан үстiне құлай 
кетiп, таласа-тармаса нандарды қойындарына тығып жатыр. 
Кейiн жеткен үш-төрт шал мен кемпiрлерге дым да тимей қалды.
— Балалар, тоқтаңдар, — деп айқайлады Сүлеймен. — 
Нандарды аталарың мен апаларыңа бөлiп берiңдер. Онсыз да 
бүгiн қарындарың жақсылап тояды.
Көптен берi нан көрмеген байғұс балалар жаутаң-жаутаң 
етiсiп, қойындарындағы нандарды шығарып, кәрiлерге ұсынды. 
Бiрақ ұсынардан бұрын өздерi наннан қарпып-қарпып, асап 
алысты. Қолдарына нан тиген кәрiлер де олардан қалысар емес. 
Ауыздарына түскендi шайнамай-ақ жұтып жатыр. Бiр кемпiр тiптi 
түйiлiп, дем жетпей етпетiнен түстi. Төрекелдi оны арқасынан 
қағып, әзер епке келтiрдi. Ал шеткi екi әйел бiр нанға таласып, 
жұлыса кетiстi. Олар жұлысып жатқанда, бiр бала жүгiрiп барып, 
жерде жатқан нанды ала қашты.
— О, көктей солғыр, жүгәрмек. Сол нан тамағыңнан өтпей, 
қақалып өле қал, — дедi бiрi.
— Сен сайқал болмағанда, нан өзiмiзге бұйыратын едi ғой, — 
деп шаптықты екiншiсi оған. 
Бiр жаман тымақты, жыртық шапан киген шал жанындағы 
баланың ернiне саусағын тығып, аузындағы нанды тартып 
алмақ боп, әуреге түсiп жатыр. Бала басын ары алып та, берi 
алып та қашып, берiлмейiн-ақ дейдi. Бiрақ аштықтан көзi 
қарайған шал қояр емес. “Әкел деймiн-ә, әкел! Сен, пәтшағар, 


273
Сүлеймен қарақшы
мендей болғаныңша не жеймейсiң”, — деп қояды. Бұлардың 
жанындағылардың кiмдер екендiктерiне де қарамай, нан үшiн 
өзара алысып-жұлысқан тiрлiктерiне қарап, Сүлейменнiң күлкiсi 
келдi. Келдi емес-ау, күлiп те жiбердi. Бiр жағы осыншама халге 
түскен адамдарға қарап, жүрегi езiлiп, көңiлi жасыды. Алайда 
мұнысын жанындағыларға бiлдiрмей, дереу өзiнiң қатал кейпiне 
ендi.
— Жә, нан үшiн таласып, алысып-жұлыспай-ақ қойыңдар. 
Құлтанның үйiнде не бар болса, соның бәрi сендердiкi болады. 
Ал әзiрге өздерiңдi осындай күйге түсiрген Құлтан мен Тәңкiден 
еселерiңдi алыңдар. Осылай тұрған жерiнде сабаңдар.
Осы сөзден кейiн жым-жырт болған жұрт жалт етiсiп, Құлтан 
мен Тәңкiге қарады. 
— Екеуiнiң де әкелерi момын жандар едi. Әсiресе Тоғанбай 
қария жақсы адам-тын. Тәңкiнiң әкесiн айтам да. Ал жұрттың 
қанын ағызбай iшетiн, тамызбай соратын бұл екеуi қайдан 
туылды екен, ә? Шешелерiң де ел терiс айналмас адамдар едi. 
Соларға сөз тигiзесiңдер-ау, сендер. Екеуiңнiң қылықтарыңды 
еске алсам, сол кiсiлердi жадыма алмай-ақ, сойып тастағым 
келедi өздерiңдi, — дедi бiр шал.
— Бала үшiн әке жауапты емес. Сондай жақсы жандарға сөз 
келтiрiп жүрген бұларды несiне аяйсыңдар. Қазiр бұл екеуiнiң 
аяқтарынан керiп, бастарын төмен салбырата, өрiкке байлап 
қоям. Ал сендер қолдарыңа не түссе, сонымен сабаңдар екеуiн, 
— дедi Сүлеймен.
— Байла, байла, балам…
— Бұларға обал жоқ…
— Кесiрi кiмге тимедi сұмырайлардың.
— Тезiрек аяқтарынан асып қойыңдаршы. Айызымыз 
қанғанша, шыбықтап тастайық, — десiп шуласты жиналғандар. 
Төрекелдi мен Аязбек қосақтала байланған екеуiн ажыратты 
да, жеке-жеке байлады. Аяқ-қолдарын денесiмен бiрге шандып, 
өрiктiң көлденең ағашына бастарын төмен қарата асып қойды.
— Нанға көзiмiз қызып кетiп, етқызумен сендердiң кiм 
екендiктерiңдi де сұрамаппыз. Екi белсендiнi әдейi байлап, бiздi 


274


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет