Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет121/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Шыбын жанымызды қия көрiңiзшi.
— Әлгiнде ғана сен, Тәңкi, далада тұрғанда мына Сабашты 
“қорқақсың” деп қуырып жеп едiң. Нағыз қорқақ өзiң екенсiң 
ғой. Бұл түрiңмен қалай ел басқарып, белсендi болып жүрсiң?
— Өкiмет қой, белсендi қып сайлап қойған. Содан амал жоқ, 
еш болмаса қарнымыз тоқ болсын деп, осы жұмыста жүргенiмiз.
Сүлейменнiң тiзе тұсында тiзерлеген екi белсендiнiң еңiреп, 
боздаған дауыстарына елең еткен кемпiр басын көтердi. Дәл 
қастарында жиналып тұрғандарға үңiле қарады:
— Ой-бүй, көтек. Мына отырған белсендi Тәңкi ме? Сабаш 
итаршысы да осында екен ғой. Қайдан келiп қалды бұлар? Аулақ, 
аулақ! Ендi сен алатын, мен беретiн бұл үйде ештеңе жоқ.
Кемпiрдiң бұл жерде не болып жатқанын түсiнбегенiн ұққан 
Сүлеймен:
— Апа, осылар ма сiздерге қысым көрсетiп жүрген? — дедi. 
— Ауылды бiр жылдан берi қан қақсатып жүрген осы екеуi. 
Жандарында кәмисәмiз деп тағы бiреулер жүрушi едi. Бәрiнен 
бұрын осы Тәңкiнiң қорлығы өттi. Залымдығының қайсыбiрiн 
айтайын. Жазда егiн орағы бiткен кезде ауылдағы iлдәлап 
жүрген кемпiр-шалдар мен бала-шағалардың нәжiсiне дейiн 
темiрмен шұқылап тексергенi бар. “Колхүздiң бидайын ұрлап 
жеп жүрсiңдер. Бидай нәжiспен бiрге бiтеу түседi. Қайсыңның 
үйiңнiң маңынан бидай аралас боқ көрсем, асып өлтiремiн” деп 
зiркiлдедi. Бiз түгiлi бұл өз ет-тума жақындарын да қаңғытып 
жiбердi… Неменеге көзiнiң сорасы ағып отыр бұл қарабеттiң. 
Балам-ау, сен бұдан мықты белсендiмiсiң?
— Мықтымын, мықтымын. Жаңа айттым ғой, бiрақ белсендi 
емеспiн. Тәңкiңiз момын елге тiзе батырып, нағыз пiрiн танымай 
жүрген бiреу екен. Қазiр мұны сойып берейiн. Етiн жейсiз бе, 
апа?
— Тәйт әрi. Адам етiн жеп, не көрiнiптi маған. Басқаларға 
ұқсап жесем, жатыр ғой далада өлiк шашылып, — деп кемпiр 
шошып кеттi. 
Түрлерi қорқынышты мына төртеудiң өздерiн шынымен 
сойып тастай ма деп ойлаған екi белсендi бұларға жалынып, 


254
Сүлеймен қарақшы
тағы да боздай түстi. Әсiресе Сабашта жан жоқ екен. “Көкежан, 
көкежан” деп әркiмнiң аяғына бiр жығылады.
— Зарлай бермей, тиыңдар көз жастарыңды! Одан да маған 
осы аштық неден басталып, қалай болғанын айтыңдаршы. 
Жылауын сап тиған Тәңкi ашаршылықтың қалай басталғаны 
туралы әңгiмелей жөнелдi. Көп әңгiмеледi. Өкiметтiң қара 
халыққа жасаған қысастығын естiгенде, шыдай алмай кеткен 
Сүлеймен:
— Тоқта ендi. О заманда, бұ заман қыста қойдың жүнiн 
қырыққызатын ба едi, есi түзу адам. Мұны шығарып жүрген 
өкiметтiң қай бассыз бастығы? Адамдардың көрер көзге малы 
мен дүниесiн тартып алып, аштыққа ұшыратқан қандай залым? 
Сен болсаң “Жоғарыдан келген бұйрықты орындадым” дейсiң. 
Көнбегендердi “аттық, астық” дейсiң. “Итжеккенге айдаттық” 
дейсiң. Ал өзiңдi ататын, асатын ешкiм жоқ деп ойладың ба? 
Қазiр мен сенi… — деп Тәңкiнiң алқымынан ала бердi де: — 
Жоқ, онсыз да қауқарсыз жатқан кемпiр мен шалдың көзiнше 
сенi өлтiрмей-ақ қояйын. Жазаңды басқа жерде беремiн. Апа, 
ауылда қыбырлап жүргендердiң бәрiн осында шақырып келiңiз. 
Мен оларға ет таратамын. 
— Ет деймiсiң? Қайдағы ет, қарағым-ау?
— Иә, ет. Кәдiмгi семiз жылқы етi. Ендi тезiрек барып, 
айтқанымды орындаңыз. Анау сыртта тұрған жылқылардың 
бiрiн сойып, сiздердi азыққа қарық етемiн.
Екi белсендiнi тiзерлетiп, иманын ұшырған Сүлейменнiң оңай 
кiсi еместiгiн кемпiр ендi түсiнде ме:
— Қазiр, қазiр. Ауылда адамдар да көп қалған жоқ қой, — деп 
тысқа беттедi.
— Ажан, қазiрше мына екеуiн байлап таста. Қалғандарымыз 
сыртта тұрған аттарының бiрiн сояйық.
Ажан демде екеуiн бiр-бiрiне қосақтап байлады. Iсiн бiтiрiп, 
тысқа шықса, Сүлеймендер Тәңкi мен Сабаштың аттарының 
жанында “қайсысын соямыз?” деп ойласып тұр екен.
— Мына бозжорғаны танып тұрмын. Бұл баяғы Ордабек 
болыстың аты болатын. Нәлетiлер, тек сейiл мен той-жиынға 
мiнетiн жорғаны күнделiктi мiнiске пайдаланып жүр екен ғой. 


255


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет