302
Сүлеймен қарақшы
маған қатынша қызмет етiп барасың. Бiрақ оған дейiн әлi талай
күн жүрермiз. Сондықтан да маған қалай жағымпазданып,
қалай
қызмет ететiнiңе вагон iшiндегiлер неше куә болады. Ал қазiр
шекпенiңдi шеш те, аяғыма жап. О, мақта шалбарың бар екен
ғой. Түнге қарай оны да шешiп берерсiң. Қатынның жұмысын
iстейтiн еркекке шалбар киiп керегi не? Әй, шапаныңмен
аяғымды қымтап жапсайшы. Тымағыңды да әкел, астыма басып
отырайын.
Ұзын қазақ намыссыз екен.
Османның айтқандарын лезде
орындады. Ол киiмдерiн шешiп, Османға жауып жатқанында,
есiк алдындағы бiр солдат күндегiдей нан таратып болған едi.
Бұл жолы әр тұтқынға екi-ақ тiлiмнен нан тиген.
— Ендi бар да,
анау дәу қазақтан бастап, мына орыстарға
тақасып отырғандарға дейiн түгел нандарын жиып әкел! —
деп бұйырды Осман Сүлеймендi саусағымен нұсқап. — Бiреуi
бiрдеңе десе, тура аузына теп. Ал орыстарға тимей-ақ қой.
Өзiмiздiң адамдар ғой.
Ұзынтұра құп деп қос қолын кеудесiне қоя иiлiп бұрыла сап,
жанындағы қазақтың қолынан нанын тартып алды. Ол сорлы түк
iстей алмаған күйi Сүлейменге жалтақ-жалтақ қарады.
— Бұлардың бәрi мықтылықтарын нан тартып алудан
бастайды екен де, — дедi Ажан. — Барып, ұзынның дап-даласын
шығарайын ба?
— Бар.
Ажан
атып тұрып, жағалай отырғандардың нанын тартып
ала бастаған әлгi ұзынға жетiп барды. Со бойда оның белiнен
құшақтап алып, вагон еденiне сылқ еткiздi. Күтпеген жерден
өзiн бассалған Ажанға түк iстей алмаған ол, жерде жатқан күйi
аяқ-қолдарын тыпырлатып, тұрып кетуге әрекеттендi.
Алайда
Ажан оны бас-көз демей, сабай жөнелдi. Ажанға нанынан
алғаш айырылған қазақ та қосыла кеттi. Мұны көрген Осман
серiктерiнiң
бiрi ұшып тұрып, Ажанға жабысты. Ажан оны да
жықты. Дегенмен Османның үшiншi серiгi келiп, Ажанды бiр
ұрып, ұшырып түсiрдi. Өз досының құлағанын көрген Төрекелдi
мен Аязбек тұра сап, оған жабыла кеттi. Сол-ақ екен, Османның
барлық жiгiттерi, оның iшiнде орыстар да өре түрегелiп,