Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет145/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Төрекелдi мен Аязбекке атылды. Осы сәт Сүлеймен жақта 
отырған қазақтардың бiрi:
— Ай, бауырлар! Жаңа келгендердiң бәрi осылай басына бере 
ме?! Тұрыңдар орындарыңнан! Мына пәлелердi сабасына түсiрiп 
қояйық, — деп айқайлап, тұра келдi.
Оған бiрталай қазақ қосылып, Османның жiгiттерiне 
бассалды. Сөйтiп кiмдi кiм ұрып жатқаны белгiсiз, вагон iшi 
лезде қан майданға айналып жүре бердi. Төбелеске қатыспай 
шеттеп қалғандарға да жұдырық тиiп жатты. Сүлеймен орнынан 
тұрмаған-ды. Бiреу шекесiнен бiр қойды. Алдында ығы-жығы 
төбелесте кiмнiң кiмнен басым түсiп жатқанын байқап отырған 
оған мына соққы оңбай тидi. Тiптi көзiнен от жарқ еттi. Жоғары 
қараса, Микай екiншi рет ұруға оқталып тұр екен. Тұра салуға 
мұршасы болмаған бұл аяғымен оның тобығынан қаға тептi. 
Микай мұз үстiнде құлаған адамдай бiр қырына жамбастай 
сұлады да, төрт аяқтап, жан-дәрмен ары қашты. Сүлеймен перiп 
қалғанда соққы оның сегiзкөз тұсынан сақ еттi. Микай сорлы 
қиралаң етiп, еденге жабысты да қалды.
Осы кезде бiреудiң вагон қабырғасын гүрс-гүрс етiп соққан 
дауысы шықты. Қараса, Осман қолына iлiккен адамдарды ұрып 
құлатып, шетке лақтырып жатыр.
— Тоқтатыңдар! — деп ақырды Сүлеймен тұра кеп. — 
Тоқтатыңдар! Ең мықтымын дегенiң менiмен төбелеске 
шығыңдар!
Оның вагон iшiн кернеген даусынан төбелесушiлер 
жанжалдарын сап тиып, шетке қарай ығысты. Ортада 
орындарынан тұра алмай Микай және үш-төрт қазақ жатты. 
Iштерiнде Ажан да бар. Төрекелдi мен Аязбек оны сүйреп, 
орнына әкелдi. Қалғандарын басқа жiгiттер әкеттi. Орта босаған 
кезде:
— Атаман боламын деп ойлаған сен бе? — дедi Осман 
Сүлейменге саусағын қадап. — Оның саған бұйыруы қайда?! 
Шық берi, ортаға!
Кеудесiн намыс қатты буғаннан Ажанға қарауға да мұршасы 
жетпей, ортаға жетiп барды. Осы жолы ашуланғаны соншалық, 
көзiне Османнан басқа ешкiм көрiнбедi. Осман да оңай жау емес 


304
Сүлеймен қарақшы
екен. Әйтпесе мұны жекпе-жекке шақыра ма? Сүлеймен өзiне 
таяй бергенде, атылып кеп, алқымнан ала түстi. Жоқ алқымға 
жабыспады. Өңештi жұлып түспек боп, бiр қолымен қыса шетке 
тартып жiбердi. Бұл оның әрi соққысы, әрi қарсыласын оңай 
жайратудың жолы болса керек. Алайда сәл кейiн шегiнiп үлгердi. 
Осман қапы кеттi. Соның өзiнде бiр сәт тынысы тарылып, 
жұтқыншағы қатты ауырды. Мұның аз-мәз сәт тұрып қалғанын 
пайдаланған Осман екiншi рет арт жақтан секiрiп кеп, мойнынан 
қапсыра құшақтап, қылғындырмаққа әрекеттендi. Сүлеймен 
мойнына орала кеткен оның қос бiлегiн ұстай алғанда, анау аса 
шапшаңдықпен босап кеттi. Содан артына бұрыла салып, оны 
ұрайын дегенiнде, Осман тағы да жылдам қимылмен мұның 
арт жағынан бiр-ақ шықты да, екi қолымен қос бүйiрден бiрден 
ұрды. Пәле қандай жылдам болса, соққысы да сондай қатты екен, 
еңкейiп барып, құлап қала жаздады. Осындай қапылысты тағы да 
пайдаланған Осман Сүлейменнiң желкесiнен ұстай алып, солға 
қарай итерiп жiбердi. Желкедегi қолды қағып жiберiп, бойын 
түзеп, көтерiле бергенде, Осман қолын екi бұттың ортасына 
жүгiрттi. Ойы белгiлi, жанды жерден шап бермек. Тәңiр 
қолдағанда, Сүлеймен оның шынтақ тұсынан бiр пердi.
Соққы қатты тисе керек, Осман ойбай деп бақырып, артқа 
шегiндi. Найсапты қабылан дерсiң. Шегiнiп барды да, көз iлеспес 
жылдамдықпен тағы секiрiп, Сүлеймендi бар денесiмен соқты. 
Оның басы мұның тура мұрнына тидi де, қан сорғалай жөнелдi. 
Одан кейiн Осман басымен iштен соқты. Өмiрiнде мұндай 
соққыны көрсешi. Iшегi түйiлiп, көзi қарауытып, теңселiп кеттi. 
Осыны байқаған Осман жеңiс менiкi деп ойласа керек: “Қанша 
дәу болсаң да, шөккен түйедей сұлатып саламын!” — деп бақыра 
тағы ұмтылды.
Бағанағы ашуы ашу ма, ендi бар дүниенi ұмыта, өз-өзiнен 
шыққан Сүлеймен оған қарсы шапты. Сәтiн салғанда, қолдары 
Османның жағасына iлiге кеттi. Содан ай-шайға қарамай оны 
тiк көтерiп алды да, еденге мыжғылай ұрды. Көтерiп алып, тағы 
ұрды. Содан соң бастан бiр перiп, шетке лақтырып жiбердi. Ес-
түссiз Осман қабырғаға барып сарт еттi. Ендi оны тастай салды 
да, бiр бұрышта тұрған Османның серiктерiне атылды. Олардың 


305


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет