Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет156/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
сотталушыларға күн ұзақ ағаш кескiзедi. Мұнда кешке тамақ 
бермейдi екен. Азанда жұмысқа айдар кезде бiр және түсте бiр 
рет екi-үш тiлiм нанмен қоса қара сорпа мен шай бередi. Ал 
кешке аштан өлсең де, ештеңе жоқ. Талайлар суықтан, аштықтан 
өлiп жатыр. Сүлеймен екi күннiң iшiнде үш-төрт өлiктi көрдi. 
Солдаттар сотталғандар-ға бiр шеттен жер қаздырады да өлген 
адамдарды көмдiре салады. Қыңқ етсең, сен де солардың кебiн 
киесiң. Күнi бойы тiзеден қар кешiп, ағаш кесу де оңай емес. 
Кешке қоныштан қар құйылып, әбден су болған етiктi кептiрiп 
алатын да жер жоқ. Казармаға от жағылмайды.
Арада төрт-бес күн өттi. Бiр күнi жұмыстан қайтып келе 
жатқанда Бекмырза:
— Сүлеймен, саған жолда ешкiм Қара Ибан туралы айтқан 
жоқ па? — деп сұрады.
— Е, айтқанда қандай. Бiрақ сол Қара Ибандарыңды қанша 
күн өтсе де көрмеймiн ғой өзi?
— Мана орыстардан естiп қалдым. Қара Ибан сен туралы 
сұрастырғанға ұқсайды. Егер осы сөз рас болса, ертең, тiптi бүгiн 
кешке сенi шақыртуы мүмкiн.
— Шақырғанда не қылмақ? Сен алдымен оның қай казармада 
тұратынын айтшы. Қара Ибан, Қара Ибан дейсiңдер. Мына 
орыстардың қайсысы Қара Ибан? Бәрi дәу ғой бұлардың.
— Анау шеткi казарманы көрiп тұрсың ба? Сол барактың 
iшiндегi бұрыштан Қара Ибан өзiне кiшкене етiп бөлме жасатып 
алған. Бөлмесiнiң iшiнде пешi бар. Кереуетi бiздiкi сияқты жалаң 
ағаш емес. Көрпе-жастығы жаюлы. Жанында өзi секiлдi тағы екi 
адам бар. Кейбiр сотталғандар оларға кәдiмгi қатындарша қызмет 
қылады. Ауқаттарын да алдарына апарып бередi. Ал ендi “менi 
неге шақыртпақ?” дейсiң ғой. Пойыз үстiндегi атамандарды 
нелiктен ұрғаның жайында, өзiң жайында сұрайды. Ол осында 
жаңа келгендердiң бәрiн өзiне шақырта бермейдi. Тек сен 
сияқтыларды...
— Мынау Қаппардың да денесi менен кем емес. Мұны да 
шақырды ма? 
— Мен дәу болғаныммен сен секiлдi атым шықпаған. 
Сондықтан ол менi не қылсын. Өзiң орысша бiлмегендiктен 


326
Сүлеймен қарақшы
байқамайсың да. Әйтпесе дәл қазiр сен туралы әңгiме түрме 
iшiнде гулеп тұр, — дедi Қаппар.
— Қалай ойлайсыңдар? Қара Ибан менi бiрден төбелеске 
шақырар ма екен?
— Олай ете қоймас. Саған өзi тиiсуден бұрын, итаршыларының 
бiрiн жұмсауы да мүмкiн. Қалай болғанда да, қорықпауың керек. 
Әйтпесе итше қорлап, пәле болады.
— Менi итше қорлаймын деп көрсiншi. Қолында өлермiн.
— Жә, сабыр сақта, Сүлеймен. Оның әлi не дейтiнi де белгiсiз 
ғой.
Сол күнi кешке Бекмырза айтқандай-ақ, Қара Ибаннан 
шақыртушы келдi. Құлақшындарын баса киген ұзын-ұзын екеу 
баракта отырған бұлардың жанына жақындап:
— Сүлеймен деген кiм? — дедi шылымдарын бұрқыратып 
тұрып.
— Сенi сұрайды, — дедi Микай реңi қашып.
— Не бiлгiлерi келедi екен? Сұрашы. 
Микай Сүлейменнiң сөзiн аударып бердi.
— “Сенi Қара Ибан шақырып жатыр” дейдi.
— Түсiндiр бұл екеуiне. Қара Ибаның керек болса, өзi келсiн. 
Мен оны танымаймын да.
— Ойбай, Сүлеймен, тура осылай айтайын ба? Менi де қоса 
өлтiрiп қояды ғой, — деп Микайдың жаны қалмады. — Құрысын, 
айтпаймын бұлай.
Сен айтпасаң, мен-ақ айтайын, — дедi анадай жерде 
отырған Қаппар. 
Сөйттi де аналарға бұрылып, Сүлейменнiң сөзiн түсiндiрiп 
бердi. Оны естiген анау екеуiнiң көздерi атыздай болды. Содан 
соң қолдарын бiресе Сүлейменге, бiресе Қаппарға қарата сiлтей, 
тез-тез сөйледi де, бұрылып жүре бердi.
— Не дедi мыналар?
— Не деушi едi. “Қара Иванға тура осы сөзiңдi жеткiзiп 
барамыз. Бүгiн түнде басыңды алып кетедi ол” деп кеттi. Ойбай, 
шынымен қазiр Қара Иванның өзi келiп қалса не iстеймiз? О, 
Құдайым, сақтай көр, — деп Микай алақ-жұлақ еттi.


327


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет