342
Сүлеймен қарақшы
—
Құдай ақы, мен оны өлтiрем деп ойламадым. Таяқтап
тастайын деген шығармын. Қап, осы бiр ашулансам, денеме
қатты
соққы тисе, көзiме түк көрiнбей кететiнi несi екен-ей...
— Жаның таза екен, Сүлеймен, — дедi осы кезде бұған
жақындаған Қаппар сөзге араласып. — Бiр тентектер бар, бiреудi
жықса, болмаса өзi зәбiр көрсетiп өлтiрiп қойса, “менен
өткен
күштi жоқ” деп масаттанатын. Сен болсаң, өзi тиiсiп, өзi ажал
тапқан адамды аяп, өкiнiп тұрсың. Қайтесiң, “Жауды аяған
жаралы, болмаса қазалы” деген. Сен тек қорғандың...
Қаппар
сөйлеп тұрғанда, шеттегi соттаушылар шу етiсiп,
қатарласа бастады. Сүлеймен қараса, жаңа бiрi де көзге түспеген
солдаттар арғы шеттен жүгiрiп келедi екен. Олардың артынан
жанында үш-төрт қарулы солдаты бар түрме бастығы көрiндi.
— Мана Микай бiлiп айтқан екен, — дедi Төрекелдi. — Осы
төбелестi түрме бастығы әдейi ұйымдастырыпты. Әйтпесе түзге
отырғанымызға дейiн аңдып тұратын солдаттардың неғып жаңа
бәрi кетiп қалды? Аяр бастық саған ендi ауыр жаза қолданып
жүрмесе болғаны.
Жүгiрiп келген солдаттар басқаларға қараған да жоқ. Бәрi
келiп, Сүлеймендi қоршай тұрды.
Олардың артынан жеткен
түрме бастығы ошақ маңында сiлейiп-сiлейiп жат-қандарға кезек-
кезек қарап, басын шайқады. Содан соң қасындағы өзi секiлдi
шендi бiреуге бiрдеңе деп бұйырды. Онысы солдаттарға қарап,
бiрнәрсе айтты. Үш-төрт солдат ошақ басында үюлi жатқан
жаман палаткаларды алып, Қара Иванның бетiн жапты. Қалған
жаралыларды зембiлге салып әкеттi. Сүлейменнiң қолына кiсен
салып, алға сүйредi.
Солдаттар Сүлеймендi бастықтың алдына әкелдi. Бастық топ
iшiнен Микайды алдырды. Микай тiлмәш қой.
— Төбелестi кiм бастады? — дедi бастық.
— Өздерi тиiстi.
— Сен өзiң алдымен тамақ құюшыны ұрып, қан-жоса етiпсiң
ғой.
— Ол менi балағаттап, намысыма тидi.
— Оны ұрмасаң да болатын едi, — дедi бастық көздерi шатынай.
— Оңбағанға саған “тиiспе” деп едiм... Қара Иван бiрдеңе деген