Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет158/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Иә, тығылып алып, шықпай жатыр. Бұл сорлы кiмнен 
қорқады екен-ә?
— Тура мыналар секiлдi күйге түскiң келмесе шық берi, 
Микай! 
Микай сорлы сүйретiлiп, кереует астынан шықты.
— Неге тығылып жатырсың?
— Ойбай, қорқам. Қара Иванның адамдарын бұлай ешкiм 
ұрған емес. Ендi өзi келiп, шетiмiзден қырады-ау. Олар келсе, 
“қазақтарға жақтасып жүр екенсiң” деп бiрiншi маған тиiседi.
— Тиiссе, маған тиiседi. Сенде несi бар? Жаңағы айтқанымды 
жеткiз отырғандарға. Сөйт те, өзiң бас болып, мына жатқандарды 
далаға шығарып тастаңдар.
Қара Иваннан жүрегi қанша ұшса да, Сүлейменнiң айтқанын 
iстемеуге амалы қалмаған Микай, төрт-бес сотталушыны 
шақырып, сұлап жатқандарды демеп, далаға шығарды. 
— Ешкiмнен меселдерi қайтпай, әбден құтырып кеткен 
итаршылардың сазайын бiр бердiң. Бiрақ ақыры не болар екен? 
— дедi Қаппар Микайлар әлгiлердi далаға алып кеткен соң.
— Не болса, ол болсын. Осындағы он бiр қазақ бiрiгiп, кiм 
келсе де қарсы тұрамыз, — дедi Ажан. — Айтпақшы, Бекмырза, 
сендер бiлуге тиiссiңдер ғой, Қара Ибан қазiр бар нөкерлерiн 
ертiп сау ете қалса, қолдарына пышақ, таяқ сияқты бiрдеңелердi 
ала келмей ме?
— Олардан бәрiн күтуге болады. Сен, осы, бұл нәрсенi дұрыс 
айттың. Уақыт өткiзбей жарамды таяқ-паяқ тауып, қамданып 
алайық, — дедi Бекмырза. — Олар келiп, сойқан салатын болса, 
ажыратып алатын түрме қарауылдары да болмайды түн iшiнде. 
Өзiмiздi өзiмiз қорғамасақ болмас.
— Қара Ибан қанша адамды ертiп келуi мүмкiн? 
— Құдай оған сабыр берсiн. Көкiректiгiне салынып, сенi 
“өзiм-ақ жайғаймын, болмаса жекпе-жекке шығамын” деп келсе, 
өз айналасындағыларды ғана ертер. Ал егер қаһарланып: “Бәрiң 
соңымнан ерiңдер!” — десе, күллi түрмедегiлер соның артынан 
iлесiп келерi хақ.
— Мен бiлетiн Қара Ибан болса, бiр Сүлейменге бола күллi 
түрменi көтермес. Дегенмен жаңа Бекмырза айтқандай, қолға 
түскенмен қаруланып отырайық.


330
Сүлеймен қарақшы
Бәрi Қаппардың сөзiн дұрыс көрiп, Сүлеймен мен Бекмырзадан 
басқа қазақтар төбелеске жарамды таяқ тауып келу үшiн далаға 
кеттi. Осы кезде аһылеп-уһiлеп Микай келдi.
— Ой, аналар оңбай таяқ жептi. Барактарына қарай әрең жүрiп 
кеттi. Жоқ, өздерi зорға жүрген екеуi үшiншiсiн сүйреп әкеттi. 
Қазiр Қара Иван келедi осында. Мен сендердiң жандарыңда 
отырмай-ақ қояйын. Анау тамырларымның жанына барайын, — 
деп арғы шетте отырғандарға қарай жылыстады.
— Осы сүмелектiң осыншама сужүректiгiн қайтерсiң. Жаңа 
күлген жоқ едiм, мана кереуеттiң астына тығылып жатқанына 
ендi күлкiм кеп отыр. О, Құдай-ай, бұл кiмнен қорқады-ай, ә?
— Кiмнен қорқады дейсiң, Бекмырза. Өзiн қазақтармен бiрге 
жүредi деген сөз Қара Ибанға жетiп қалмасын деп қорқады да. 
Бұл қоянжүрек маған перәуәдшiк ретiнде ғана керек болып 
жүр. Әйтпесе мұның нағыз қорқақ, сатқын екенiн әлдеқашан 
бiлгенмiн.
Осыны айтып болғанда, далаға таяқ iздеп кеткен серiктерi 
келдi. Әрқайсысының қолында бiр-бiр шоқпар.
— Әзiрге тапқанымыз осы болды, — дедi Төрекелдi. — Бүгiнгi 
төбелеске осылар да жарар. Ал ертең ағаш қырқып жатқанда, 
сойыл дайындап алармыз.
Содан қазақтар Қара Иванды қалай қарсы алу керектiгiн 
ойласып, едәуiр отырды. Бiрақ күткен жау келмедi. Сағат оннан 
асқанда жанына төрт-бес қарауылын ертiп, күзетшi офицер келдi.
— Барлық бiлте-шамдарды өшiрiп, жатуға дайындалыңдар! 
Сендер неге бiр жерге жиналып алғансыңдар? А ну, давай, все по 
местам! — деп әкiрең-әкiрең еттi қазақтарға.
Әркiм өз кереуетiне жылжыды. Он бiр қазақ қатар жататын. Ең 
шеткi кереует — Ажандыкi. Ал оның жанында Микайдың төсегi. 
Микай бүгiн өз төсегiне келмей, есiк жақтағылардың арасына 
жатты. Қара Иван мен қазақтардың арасы бiр жақты болғанша, 
қазақтарға қосылмайтын сыңай танытқаны ғой мұнысы. Бәрi өз 
орындарына жайғасып, бiлте-шамдар өшiрiлген кезде:
— Қайсымыз болсақ та, қатты ұйықтап қалмай, сақ жатайық, 
— дедi Бекмырза.


331


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет